Склеромаға тән гранулема


Slide 1

Склеромаға тән гранулема

Риносклерома

Slide 2

Волкович - Фриш таяқшалары

қоздыратын қабыну

Склерома

Склеромада мұрынның және көмейдің шырышты қабатында осы ауруға тән грануляциялық тін пайда болады . Ол негізінен жасушалардан, макрофаг, лимфоцит және гистиоцит жасушаларынан түзілген. Олардың арасында өте көп гиалин шарлары, цитоплазмасы мөлдір болып келетін ірі макрофагтар (Микулич жасушалары) кездеседі. Микулич жасушаларында ауруды қоздыратын диплобациллалар табылады. Егер грануляциялық тін тек қана мұрында дамыса бұл үрдіс риносклерома деп атайды.

Slide 3

Туберкулезге тән қабыну

Туберкулезге тән гранулема туберкулезді қоздырушы микробактериалардың вируленттігіне, оның химиялық құрамы және антигендік қасиеттеріне, макроорганизм реактивтілігіне байланысты әртүрлі морфологиялық көрініске ие болады. Туберкулез ошағында альтерация үрдісі басым болғанда, әр түрлі ағзаларда некроздық томпақшалар көрінеді. Қабынудың бұл түрі өте әлсіз кәрі кісілерде, жас балаларда кездеседі. Қабыну ошағында экссудат бөлініп шығу үрдісі басым болғанда ірімшік тәрізді некроз пайда болады.

Туберкулез гранулемасының құрамы, оның нәтижесі организм реактивтігіне байланысты. Қолайлы жағдайда ол тыртықтанып бітіп, капсуламен оралып, тұздар шөгіп қатып қалады.

Туберкулезге тән гранулема

Slide 4

Мерезге тән гранулема

Мерез тек адамда ғана кездесетін ауру болып, оны бозғылт спирохета қоздырады. Мерез негізінен жыныстық қарым қатынас жолымен ауру адамнан сау адамға беріледі. Тұрмыстық, кәсіпке байланысты және де бала жолдасы арқылы анадан балаға өтетін мерез өте сирек кездеседі.

Мерез бірнеше кезеңнен тұрады:

Пролиферативті - сіңбелі кезеңі. 5 - 7 аптадан кейін жара бітіп, орнында пигментсіз тыртықша қалады.

Сифлидтер кезеңі. 1, 5 - 2 айдан кейін пайда болады. Теріде, жұтқыншақта, тамақын астында әртүрлі бөртпелер пайда болады.

Гуммоздық кезеңі. Бірнеше жылдардан кейін көрініс береді.

Сифлиттердін пайда болуы

Slide 5

Пирогов - Лангханс жасушасы

Slide 6

Алапеске тән қабыну

Алапес созылмалы жұқпалы аурулар қатарына жатып, терінің, тыныс жолдарының жоғарғы бөлігінің шырышты қабықтарының, шеткі нерв жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Алапесті морфологиялық өзгерістердің барлығы иммундық факторларға байланысты екендігі анықталған. Организм реактивтілігіне орай алапес үш түрге бөлінеді:

Туберкулоидтық

Лепромалық

Аралық

фото1. Алапестің лепралық түрі

Slide 7

Маңқаға тән гранулема

Маңқа (сап) ауруы адамға әртүрлі жануарлардан жұғады. Жедел ағымды маңқа кезінде жиналып қалған лейкоциттердің айналасында макрофагтардың, эпителиоидтық жасушалардан түзілген грануляциялық тін пайда болады. Бұл гранулемалар тез іріңдеп, теріде, шырышты қабықтарда іріңді жараларға айналады. Лейкоциттердің ыдырау үрдісі ядроларының бөлшектеніп кетуіне кариорексиске соқтырады. Маңқаның созылмалы түрінде қабыну ошақтарында пролиферативтік үрдіс басым болады. Теріде, ішкі ағзаларда пайда болған гранулемалар морфологиялық түзілісі бойынша туберкулез гранулемасын елестеді.

Slide 8

Полиптер мен өткір ұшты кондилома түзетін пролиферативті қабыну

Полиптер - шырышты қабықтарда, призмалық эпителидің көп қабатты эпителиге өтетін жерінде кездеседі. Полиптер мұрында, мұрынның қосымша қуыстарында жиі кездеседі. Құрылымы бойынша фиброзы, аденоматозды, ангиоматозды деп бөлінеді.

Кондиломалар - анустың, жыныс ағзаларының айналасында мерез, соз инфекцияларына байланысты папилломаға ұқсас бүртікті, құрылымдар болып табылады. Олардың папилломалардан айырмашылығы стормасында лейкоциттік сіңбелер көп.

Мұрындағы полиптер

Кондилома

Slide 9

Гранулемалық қабыну

Гранулемалық қабыну көбейген жасушалардың шекараланған кеңістікте жиналып қалуымен ерекшеленеді. Сол жасушалар жиынтығын гранулема деп атайды. Гранулемалар түзілуі бірнеше кезеңде өтеді:

Қабыну ошағында жас моноциттердің жиналуы;

Моноциттердің пісіп жетіліп, макрофагтарға айналуы және сол жерде магрофагтық гранулеманың түзілуі;

Макрофагтардың әрі қарай жетілуінен эпителиоидтық гранулемалардың пайда болуы;

Эпителиоидтық жасушалардың, бірігуі нәтижесінде алып жасушалық гранулемалардың түзілуі.

Slide 10

Қазіргі кезде гранулемаларды екі түрге бөліп қарастырады:

Этилогиясы белгілі гранулема

Этиологиясы белгісіз гранулема

Гранулематоздық аурулар

Туберкулез

Мерез

Алапес

Склерома

Маңқа

Slide 11

Жоспар

I Кіріспе

Гранулемалық қабыну

II Негізгі бөлім

Гранулематоздық аурулар

Туберкулез

Мерез

Алапес

Склерома

Маңқа

III Қорытынды

Slide 12

Гранулемалар кейбір органикалық заттардың (ұн, ағаш ұнтақтары, жүн және т. б. ) химиялық элементтердің) силикоз, асбестоз, бериллиоз т. б. ), дәрә - дәрмектердің әсерінде дамитын аурулардада түзіледі. Сонымен қатар гранулематоз этиологиясы белгісіз саркойдоз, Крон ауруларында, алып жасушалы самай артериитінде, ревматоидтық артеритте және т. б. үрдістерде байқалады

Slide 13

Қолданылған әдебиеттер

Аль Абуд М. Х “Выявление заболивание в раннем неонатальном периоде”2008

Барило А. С “Диагностика и лечения воспалительных заболеваний”2008

Лискина И. В”Патологическая анатомия”2007

Чернух А. М “Воспаление современим аспекты проблема патогенеза”1999

Пальцев М. А “патологическая анатомия”2004

Ахметов Ж “Патологиялық анатомия”2008

Slide 14

С. Д Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті

Патологиялық анатомия кафедрасы

Гранулематоздық қабыну

Орындаған: Малгасбаева А. С.

Тексерген: Бикешова А. Н.


Ұқсас жұмыстар
Бактериялар мен вирустардың антигендері
Ішектен тыс зақымданулар
ИДИОПАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ІСІК ТӘРІЗДІ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУ
Базальды туберкулезді менингит
Клебсиеллез және протоез
ЖИТС - жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы
Ірі қара мал өлексесін сойып - зерттеу және хаттама құрастыру
БЦЖ вакцинасына көрсеткіштер
Иммундық жүйе екі бөлікке бөлінген - гуморальдық иммунитет жүйесі және жасушалық иммунитет жүйесі
ҚАБЫНУ ЭТИОЛОГИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz