Ирак




Презентация қосу
Орындаған: Бақтыбаева А
Тексерген: Аманбаев Н
Қазіргі Ирак аумағы — ежелгі мәдениет
ошақтарының бірі. Осы жерде б.з.б. 4-
мыңжылдықта шумер-аккад мәдениеті
пайда болып, қала-мемлекеттер (Ур,
Урук, Ашшур, Лагаш, Умма, т.б.)
өркендеді. Б.з.б. 2-мыңжылдық басында
Оңт. Месопотамияда Вавилон мемлекеті
(қ. Вавилон), Солт. Месопотамияда
Ассирия мемлекеті (қ. Ассирия)
құрылды. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың
ортасынан бастап бұл аумақ парсы
патшаларына бағынышты болып, кейін
ұзақ уақыт Иран, Парфия, Рим
империялары арасында, артынан Иран
мен Византия арасында таласқа түсті
630 ж. Месопотамияны арабтар жаулап
алды. Сөйтіп, ол 661 ж. Араб
халифатының бір аймағына айналды (қ.
Араб халифаты). 762 ж. Бағдат қ-сы
салынды (қ. Бағдат). И. жерін 11 ғ-да
салжұқтар, 13 ғ-да Шыңғыс хан әулеті,
14 ғ-дың аяғында Әмір Темір басып
алды. Әмір Темір мемлекеті
ыдырағаннан кейін бұл аумақ түркі
билеушілеріне кезек-кезек бағынып, 16
ғ-дың басында парсылардың Сефеви
әулетінің қол астына өтті
Көп ұзамай Иран мен Осман
сұлтандығы арасында Ирак үшін күрес
басталып, 17 ғ-да түріктер
Месопотамияны толығымен
бағындырды. 17 ғ-дың орта тұсынан
бастап елге ағылшын саудагерлері
келе бастады. 18 ғ-да Англияның
ықпалы күшейіп, 1779 ж. Бағдад және
Басра қалаларында Ост-Индия
компаниясының агенттіктері ашылды.
1860 жылдан бастап Ирак дүниежүз.
саудаға тартылып, шетке арпа, бидей,
құрма шығарып тұрды.
1869 ж. Суэц каналы ашылғаннан кейін
елге шет ел капиталы ағылып, барған
сайын еур. мемлекеттерге тәуелділігі
күшейді. Енді Месопотамия үшін
Ұлыбритания мен Германия арасында
күрес басталды. 1918 ж. Иракты
Ұлыбритания жаулап алды.
Ағылшындар елде әскери әкімш.
орнатты да, жер-жерде көтерілістер
басталды. Ағылшын армиясы ол
көтерілістерді басып тастады, бірақ
елге өзін-өзі басқару билігін беруге
мәжбүр болып, 1920 ж. “ұлттық үкімет”
құрды
1930 ж. Ирак үкіметі Ұлыбританиямен
шарт жасасты. Шарт бойынша ол
формальді түрде тәуелсіздік алып,
Ұлттар Лигасына мүше болды, бірақ
оған ағылшын үкіметінің саяси, әскери,
экон. бақылауы сақталып қалды. 2-
дүниежүз. соғыс басталысымен Ирак
Германиямен дипломатиялық
қатынастарды үзді (5.09.1939), бірақ
1941 ж. оңшыл топтар Германияның
қолдауымен мемл. төңкеріс жасады.
. Дегенмен, төңкерісті көп ұзамай ағылшын
әскерлері басып тастады. 2-дүниежүз.
соғыстан кейін халық толқулары қайтадан
күшейді. Елде ағылшындардың ықпалы
төмендеп, оның орнына АҚШ-тың ықпалы
артты. 1954 ж. И. үкіметі әскери көмек
жөнінде АҚШ-пен, 1955 ж. 24 ақпанда
Түркиямен шарт жасасты. Сөйтіп, Бағдад
пактысының негізі қаланды. Халық
көтерілістері одан әрі күшейді. Нәтижесінде
1958 ж. 14 шілдеде монархия құлап,
республика жарияланды, 1958 ж. 24 наурызда
ел Бағдад пактысынан шығатынын
жариялады және өз территориясындағы шет
елдің әскери базаларын жойды, агр. реформа
жүргізіле бастады.
. Бірақ, халықтың тұрмысы жақсарған
жоқ, ел ішінде көтеріліске шыққан күрд
әскерлеріне қарсы әскери қимылдар
жасалынды. 1968 ж. 8 ақпанда елде
мемл. төңкеріс болып, үкімет басына Араб
социалистік қайта өрлеу партиясы (БААС)
келді. Шет елдің мұнай компанияларының
бұрынғы кәсіпорындары халық меншігіне
айналып, 1974 ж. 11 наурызда Иран
Курдстанына автономия берілді. 1980 ж.
қыркүйекте И. пен Иран арасында соғыс
басталды (қ. Иран — Ирак соғысы).
1988 ж. 20 наурыздан бастап әскери
қимылдар саябырсыды да, 1990 ж. 15
тамызда екі жақ келісімге келді, 17 — 22
тамыз аралығында Ирак өз әскерлерін
Иран территориясынан шығарып әкетті.
Екі ел өзара соғыс тұтқындарын
алмастырып, қазан айында
дипломатиялық қарым-қатынастарды
қалпына келтірді. 1 тамыз күні түнде
(1990 ж.) И. әскерлері Кувейтке басып
кірді (қ. Ирак — Кувейт соғысы). 1994 ж.
10 қарашада И. өзінің Кувейттің
тәуелсіздігі мен терр. тұтастығын толық
мойындайтынын мәлімдеді.

Ұқсас жұмыстар
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ КҮРДТЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ГЕОСАЯСИ АСПЕКТІСІ
Дүниежүзінің табиғат ресурстары
Түркия Республикасы
ШЕТЕЛДІК АЗИЯ
Араб елдері
Саяси шиеленістер
Түркия
Тауарларды сатып алу және сату
Османлы мемлекеті
Ғалымның еңбектері
Пәндер