Зейін




Презентация қосу
Зейін
Арпабекова Айдана
Бейнелеу өнері және сызу
208-топ II курс
Зейін
Зейін дегеніміз адам санасының қоршаған
ортадағы белгілі заттармен құбылыстарға
белсенді бағытталуын айтамыз. Зейін қабылдау,
түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекше
психикалық үрдіс емес.Зейін басқа психикалық
үрдістерде байқалады. Мәселен, біз бір нәрсені
қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау
үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз,
әңгімелесеміз.Сондықтанда зейін кез-келген іс-
әрекетті орындаудың шарты болып табылыды.
Зейіннің
физиологиялық
негіздері
• Физиологиялық тұрғыдан белгілі бір жүйке
орталықтары қозғанда, басқа орталықтары
тежеледі де И.П.Павловтың негіздеген жүйке
үрдістерінің индукциясы заңы бойынша бас
ми алабының белгілі бір бөлігінде қозу үрдісі
пайда болса, бас мидың басқа бөліктерінде
тежелу үрдісін шақырады. Бас ми алабында
ұйымдасқан қозу орталығы барлық
басқаларына үстемдік етеді, оны доминанта
деп атайды.Доминанта бар кезінде қозудың
басқа орталықтары(әлсіз тітіркендіргіштер –
«субдоминанталар») көп жағдайда жоғалып
кетпейді.
Зейіннің түрлері

Еріксіз Ерікті Үйреншікті
Ерікті зейін
Ерікті
зейін деп саналы алдын ала
мақсатты түрле зейін нысанын таңдай
отырып, адам санасының белгілі бір
затқа не құбылысқа бағытталуын
айтады.Мәселен, корректордың
жұмысы, тас қалауда құрылысшының
жұмысы, жүргізушінің жұмысы,
мұғалімнің тағы басқа ерікті зейін
арқылы іске асады.
Еріксіз зейін
Еріксіз зейін деп алдымызға мақсат
қоймай, біздің санамыздан тыс
қалыптасқан зейінді айтамыз. Мәселен,
әдемі ашық түсті және жарқыраған
ойыншық мектепке дейінгі жастағы
бүлдіршіндердің зейінін өзіне ерекше
аударады.
Үйреншікті зейін
Үйреншікті зейін – адамға табиғи
сіңісіп кеткен, арнайы күш
жұмсамай-ақ орындалатын
зейін.Мәселен, бала оқуға төселсе,
бұл оның тұрақты әдетіне айналса,
оның зейіні де үйреншікті бола
бастайды.
Зейіннің негізгі
қасиеттері
Тұрақтылығы шоғырлануы

Ауыспалылығы Алаңғасарлығы

Көлемі Орналасуы
Зейіннің ауыспалылығы
Бұл зейіннің бір нысанадан екінші
нысанаға, бір іс-әрекеттің түрінен
екінші іс-әрекеттің ауысуы. Мәселен,
кітап оқудан шәкірт өз зейінін
суреттерді көруге, одан өз ойын айтып
беруге көшуі мүмкін.
Зейіннің орналасуы
Зейіннің орналасуы дегеніміз адам
зейінінің белгілі бір күрделі жұмыс
үрдісінде бірнеше нысанаға бағытталуын
айтады.Мәселен,мұғалімге сабақты
түсіндіру кезінде оқушының мінез-
құлқына, тәртібіне, көрнекі құралдарды
көрсетуге тақтаны дұрыс пайдалануға өз
зейінін орналастыра білуі керек.
Зейіннің көлемі
Өтешектеулі уақыттың ішінде зейіннің
қамтыған нысандарының санымен
сипатталады.Зейін көлеміне қарай тар
немесе кең болуы мүмкін. Зейіннің
көлемін анықтау үшін тахистоскоп деп
аталатын ерекше аспап қолданылады.
Зейіннің шоғырлануы
Бір ғана нысанаға бағытталған
зейінді зейіннің шоғырлануы
дейді.Мәселен, біздің
зейініміздің шоғырлануына инені
жіппен сабақтау, қолмен тігін
тігу, студенттің лекцияны
тыңдауы мысал бола алады.
Зейіннің тұрақтылығы
Тұрақты зейін дегеніміз ұзақ уақыт
бойына белгілі бір нысанада зейіннің
шоғырландыры білуді айтады.Мысалы:
шәкірттің зейінін тұрақты сол уақытта
айта аламыз, егер ол бүкіл сабақтың
бойына зейінін сабаққа аударып
ешқандай алаңдамай мұғалімнің барлық
айтқанын тыңдап отырған жайдайда.
Алаңғасарлығы
• Өте әлсіз зейінді алаңғасарлық деп
атайды.Алаңғасар адам белгілі бір
нысанаға зейіні шоғырлануына
қабілетті болмауымен
сипатталады.Алаңғасар адамның
зейіні еріксіз бір нысанадан екінші
нысанаға ауысып отырады,олардың
бірде біріне тұрақтамайды.

Ұқсас жұмыстар
Зейін түрлері
Ырықты зейін
Зейін туралы жалпы түсінік
Зейін туралы ұғым
Есту қабілеті бұзылған балалардың зейін ерекшеліктері
Жалпы психология
Зейін дегеніміз
Ырықты зейін ерекшелігі
Зейiнділіктің қалыптасуы
Зейін туралы түсінік
Пәндер