Электрондық кестенің көмегімен білімді бақылаудың тесттік жүйесін құру жолдары
Презентация қосу
Электрондық
кестенің
көмегімен білімді
бақылаудың
тесттік жүйесін
құру жолдары
І. Ақпараттық
технологияларды
пайдалану арқылы білім
деңгейін арттыру
II. Мектептің
информатика курсы Тест тапсыру
бойынша тест
тапсырмаларын жасау
әдістері.
MS Excel- де тестік
тапсырма жасау
Білім берудің ақапараттандыру
жағдайларында мектеп информатикасын
оқытудың әдістемесі.
Орта мектепте білім беру жағдайында
информатиканы оқытудың сапасын арттыру
жолдару.
Мектеп информатикасын оқытудың сапасын
арттыруда педагогикалық технологияларды
қолдануының дидактикалық материалдары.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –
ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да
ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі қоғамды
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды
ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің
дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты
рөл мектепке жүктеледі.
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жыл ға дейін
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына ақпараттық және
коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп
дамытудағы қолдану негізі міндеттердің бірі ретінде анықталады.
Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда
қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау
тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Орта білім беру ж үйесіндегі
информатиканың ролі қазіргі қоғамдағы ақпараттық
мәдениеттің негізгін құрайтын – ақпараттық және
комуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын
қалыптастыру.
• Оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін
дамыту;
• Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыту;
• Оқушылардың коммуникативтік /тілдік/ ойлау қабілеті мен
шығармашылыққа бейімділігін дамыту;
• Оқушылардың жүйелік – ақпараттық бейнесін, ақпаратты қ
мәдениетін, өзін-өзі дамытуға және қызмет субектісі ретінде
қалыптастыру
Ақпараттық технологияның негізгі алға қойған есептің
шешімін табу үшін адам мен компьютердің өзара байланынысы.
Адам мен компьютердің байланысының үш жағы бар: біріншіден,
адам өз білімін, өзіне белгілі арнайы түрдегі ақпаратты
компьютерге жібереді, екіншіден, ақпартты өңдеуде адам
компьютермен бірлесіп орындайды, үшіншіден, адам компьютерді ң
көмегі арқылы ақпаратты бағалап, оны есепті шешуге
пайдаланады.
Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен
міндеттері:
• оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
• оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
• оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен технологияларын
үйрету
• оқушыларға өмірге, еңбекке және білімдерін дамыта білуіне
даярлау
• қоршаған ортаны жаңа ақпараттық үрдістерді, табиғат,
қоғам, техника аймақтарында қарастыру
• оқушылрадың теориялық, шығармашылық ойлау қабілетін
дамыту
• ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар
саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды
дамыту
• оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін
қалыптастыру.
«Информатика» пәнінің зерттеу
объектілері:
• ақпарат;
• ақпараттық ресурстар;
• ақпараттық үрдістер;
• ақпараттандыру құралдары мен
технологиялар.
Қазіргі кезде Республикамызда сапалы білім беру
мәселесіне үлкен мән беріліп отыр. Сондықтан да заман
талаптарына сай оқушылардың білім сапасын бақылау
және бақылауды жетілдіріп отыру іргелі мәселелердің
бірі болып табылады. Оқыту үрдісінің міндетті
компонеттерінің бірі оқыту нәтижелерін тексеру
немесе бақылау болып табылады. Оқыту нәтижесін
тексерудің мәні оқу пәні бойынша білім беру
стандартына сәйкес оқушылардың білімін меңгеру
деңгейін анықтау болып табылады.
Осыларды ескере келе, білім беру стандартына сәйкес
«білімділіктің қажетті ең аз деңгейін мөлшерлеу, атап
айтқанда, онсыз тұлғаның дамуы, білім алуды
жалғастырудың мүмкін еместігі», мұнда оқушылар білуі
тиіс оқытудың нәтижесіне біртіндеп жақындайтын
төрт деңгей іске асырылады:
• білім беру аймағы немесе оқу пәнінің жалпы
сипаттамасы;
• оқушыға оқу материалын ұсыну деңгейінде курстың
мазмұнын сипаттау;
• оқушылардың оқу даярлығына қажетті ең төменгі
деңгейіне қойылатын талаптарды сипаттау;
• оқушылардың міндетті дайындықтары «өлшеуіш»
деңгейін, яғни олардың орындаған тексеру жұмыстары
және жекеше тапсырмалар арқылы қажетті талаптар
деңгейінің жетістіктерін байқап көру.
Осы мақсатта информатиканы оқыту процесіне білім
бақылауды ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін анықтап алу
қажет осыған байланысты мынадай мәселелерді шешу керек:
• информатика курсы мазмұнының ерекшелігіне
сәйкес бақылау түрі мен әдістемесін бөліп алу;
• информатикадан білім бақылаудың тиімді іске
асыру үшін бақылау түрінің ерекшелігін есепке
алу және анықтау;
• білім бақылауда нормативтік-технологиялық
және жеке тұлғаға бағдарланған әдістің
бірдейлігін қамтамасыз ету .
Тестілеу тәсілін қолданып
оқушыларды білімін дамытуда
компьютерді пайдалану.
MS Excel- де тестік тапсырма жасау
HTML-тілінде тестік тапсырма жасау
Тест – оқушының білімін, біліктілігі мен дағдысын
бақылаудың немесе оқушы білімінің бір сапалық қасиеті бар-
жоғын тексерудің ерекше түрі болып табылады. Көп
жұмыстарда «тест» ұғымы анықталды. «Тест» (а ғылшынша
Test – байқау, зерттеу, сынау) – психология мен пеадагогикада
сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен
қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін
стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы
бойынша өлшеу дегенде білдіреду.
В.С.Аванесов «Тест түріндегі тапсырма – бұл мазмұнынан
басқа тестің түріне де мынадай талаптар қойылатын
тапсырма: барлық сынаушылар үшін нұсқаулардың бірдей болуы,
нұсқаулардың тапсырма мазмұны мен түріне сәйкестілігі;
қысқалығы; тапсырманың – ақиқат немесе жалған, жауапқа
қатысты логикалық түрде тұжырымдалып айтылуы; тапсырма
элементтерінің дұрыс орналасуы, қысқалығы, фасеттілігі,
жауаптың белгілі бір орнының болуы, бағананың қабылдан ған
қалыптағы бірдейлігі» деп тұжырымдады .
1-сурет. Тестің жабық түрі
Excel-электрондық кестесінде жасалған информатиканың
«Телекоммуникация» мазмұндық желісі бойынша жасалған
ашық тестің үлгісі 2-суретте көрсетілген.
2-сурет. Тестің ашықтүрі.
Оқушылардың білімін бақылау, тексеру олардың алған
білімін игеруі оқу сапасы туралы ақпарат алу үшін өте қажет.
Осыған байланысты бақылаудың бірнеше т үрлерін атау ға
болады, яғни тақырыптық бақылау, тараулар бойынша жиі-
жиі бақылау; қорытынды бақылау.
Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі
тақырыптар бойынша өткізіледі. Оқушы жаңа та қырыпты ң
кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу
материалдарымен толықтырып отырады.
Тараулар бойынша жиі-жиі бақылау әрбір тоқсанның
аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын о қып бол ғаннан
кейін оқушылардың алған білімінің көлемін және сапасын,
іскерлігін, дағдысын анықтау барысында өткізіледі.
Қорытынды бақылау жыл аяғында өткізіледі.
Оқушылардың жыл бойына алған теориялық және
практикалық білімдері тексеріледі.
Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық
бақылау әдістері жатады.
Соңғы жылдарда біздің елімізде жоғары оқу орындарында,
мектептерде студенттердің және оқушылрадың білім деңгейін
тексеріп, бақылауда кеңінен таралып жүрген әдіс – тест әдісі.
Бұл әдістің басқа бақылау әдістерінен артықшылы ғы
мынада: оқушының белгілі бір пәннен бағдарлама к өлеміндегі
білімін жүйелі, толық бағдарлауға мүмкіндік туады, негізгі
ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар
екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестідегі әрбір жауапты бір-
бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, я ғни белсенді ойлау
процесі жүреді де, оқушының ойлау қабілетінің дамуына
мүмкіндік туады.
Тест (бақылау, тексеру) – оқушының білімін, іскерлігін ж әне
дағдысын тексертін стандартталған тапсырмалар жиынт ғы.
В.П.Беспалько тест тапсырмаларын білімге қойылатын
талаптарға сәйкес тест деңгейлерін жасаған:
1-деңгейдегі тестілер оқушылардың жалпы
түсінігін тексеруге арналған тапсырмалар. Бұл
деңгейде оқу процесінде берілген жалпы
ақпараттар, яғни теорияның негізгі мәселелерін
білуін тексеру.
2-деңгейдегі тестілер оқушылардың бұрынғы
алған білімдерін есте сақтап, оны жауап беруде
қолдана білуін тексеру.
3-деңгейдегі тестілер, яғни оқушылардың бұрын
алған білімдерін практикада қолдана білуін тексеру.
4-деңгейдегі тестілер оқушылардың бұрын алған
білімдері мен біліктілігінің арқасында, жаңа тың
идеялар қалыптасуын анықтауға арналған
тапсырмалар, яғни оқушы өзіне таныс емес қиын
тапсырманы орындау үшін бұрынғы алған білімдерін
пайдалана білу керек.
Анықтау (таңдау) тестілері,
яғни альтернативті жауабы
бар тестілер.
Сұрақ
Дұрыс жауап Қате жауап
і=і+1 Түсініктеме
е
Мысалы:
1. Ақпаратты өлшеуге болама?
Жауабы: болады.
2. Ақпараттың өлшем бірлігі ретінде мегагерц
қолданылады.
Жауабы: жалған.
Осыған ұқсас кейбір тестілерді конструкциялық
жауаптың артықшылығы пайдаланылады, яғни дұрыс
құрылған сөйлемнің жанына + белгісі қойылады да, дұрыс
емес сөйлемнің жанына оны дұрыстаушы сөз жазылып
қойылды.
Мысалы.
1. + Программа – программалау тілдердің бірінде жазы ған
алгоритм.
2. Дүниежүзілік желілер бірлігі
Интернет – коммерциялық мекеме.
Тестілердің ең кең тараған түрі - әрбір тапсырмаға
қайтарылған ұқсас жауаптардың ішінен бір дұрыс
жауапты таңдап алуды қажет ететін тесілер.
Компьютерде бұл тест түрін іске асыру қарапайым
тармақталу құрылымымен іске асырылады (case … of).
1 – жауап
2 – жауап
3 – жауап
Сұра
қ
n - жауап
Мысалы.
1. Қайталану саны белгісіз қайталануды іске асыру
үшін қандай оператор қолданылады:
А) for i:=m1 to m2 do s;
B) while b do s;
C) read (b1…bn);
D) for i:=m1 downto m2 do s;
E) write (b1…bn).
2. Z мәнін 3-ке азайту үшін жазу керек:
A) Z-3:=Z;
B) Z+3:=Z;
C) Z:=Z-3;
D) Z-3;
E) Z:=Z+3.
Оқушы білімін тест арқылы тексеру
Тестіні қолдану мына талаптарды қанағаттандыруға тиісті:
• Тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары әрі қысқа, әрі аны қ
болуы қажет;
• Бір сұрақтың 3-5 түрлі жауабы болуы тиіс. Олардың ішінде біреуі
ғана дұрыс болады, басқалары жауабына жақтын біра қ д ұрыс
болмауы шарт. Кейде бірде-бір дұрыс жауап болмауы шарт.
• Сұрақтарға жауап беру уақыты қатаң сақталуы тиіс;
• Нұсқалар сұраушыларға бірдей дәрежеде түсіндіріледі, әдетте ол
жазба не электрондық документ түрінде болады;
• Бірде-бір сыналушыға басқалармен салыстырғанда ешқандай
артықшылық берілмейді;
• Тестен сынаудың нәтижелерін бағалау алдын-ала жасалған жүйе
арқылы барлығына бердей қолданылды;
• Тестке сынау әр түрлі топтарда мүмкіндігінше бірдей уа қытта,
яғни бір топта сынау күннің бір мезгілінде ж үргізіледі.
• Тестке берілген нұсқау және әрбір тұжырымның мағынасы
сыналушылардың әрқайсысына түсінікті болу керек;
• Әрбір сұрақ жауабына берілетін ұпай бірдей (көбіне 1 ұпай) болуы
керек;
• Тест қолданудың жоспарланған жүйесі болу керек.
Тестпен сынаудың программасы оның мақсатына байланысты. Егер ол
кішігірім тақырып бойынша білімдерді, біліктерді, да ғдыларды тексеру
болса, онда программа осы тақырып бойынша тексеретін тестерден
тұрады, ал тақырыптың мазмұнын қамту деңгейі 80%- тен кем
болмауы керек. Тесті конструкциялаудың келесі кезе ңі жоспар құру.
Тестік жүйенің беретін
нәтижесі қандай?
• Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендіктерін
анықтауға;
• Оқушыларға өтілетін тақырыптардың қандай
бөліктерінің ауыр тиетінін білуге;
• Оқушылардың оқуға жауапкершілігін арттырып, оларды ң
өздігінен жұмыс істеуге талпындыруға;
• Оқушылардың іскерлігін арттырып, дүниені тануға
ұқыптылығын дамытуға;
Ең бастысы тесті құрастыру қиын да көп уақыт алатын
жұмыс болғанымен, оқушы білімін тексерудің тездігі арқасында,
мұғалім еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Жүйелі жүргізілген тест жұмысы,тестіленушінің білімін,
біліктілігін дұрыс бағалайды.
1- тест
2 - тест
3 - тест
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz