Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама




Презентация қосу
Каспий теңізінің
табиғи су қоймасына
жалпы сипаттама
Каспий өңірі... Соңғы
жылдары бұл аймақтағы мұнай-
газ кен орындарын қарқынды
игеру оның атағын дәуірлетіп-ақ
жіберді. Жұртшылық оны өлеңге
қосып, еліміздің экономикасына
жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне
жол ашар деген үмітпен,оған көз
тіге қалды. Мұнай мен газдың
орасан зор қоры тек бұрын
игеріліп келген Маңғыстау мен
Ембіде ғана емес екен, сонымен
бірге Қазақстанның осы Батыс
өңіріндегі Ақтөбе және Батыс
Қазақстан облыстарының
жарасты қабаттарында “қара
маржан” теңізі тұнып жатқаны
анықталды. Ол аз десеңіз Каспий
қайраңы тұңғиығынан да тура
бүгін-ертең мұнай өнімін алу
көзделуде.
XVIII ғасырдың басындағы орыс карталарында
Каспий-Арал арасы “Иесіз маң дала” деп көрсетіліпті.
Әрине, бұл білместіктен, зерттелмегендіктен,шынтуайтқа
келгенде өгей көзқарастан болғаны анық. Ал қазіргі
кезде “болашағы зор аймақты ” бас көзге қарамай
құлшына игеру осы Каспий өңірін шынымен де “маң
далаға” айналдырып жібере ме деп қауіптенесің. Себебі
ондай қиянат білместіктен емес, біле тұра белден
басылып, адамзат тарихының ақтаңдағына соқтырмай ма
деген ойға еріксіз жетелейді.
Каспий қойнауындағы қара алтын басты орынға
шығып, теңі келмес флорасы мен фаунасы, экологиялық
ахуалы жайлы мәселе көлеңкеде қалып отырғаны жан
күйдіреді.
Алайда соңғы жылдары аз да болса Каспий өңірінің
проблемаларына бет бұрылып, оларды шешудің жолдары
қарастырылуда.
Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы
сипаттама.
Жер шарының ғажайып табиғи су қоймасы-
Каспий теңізі. Оның ескі атаулары: Каспи,
Гиркан, Хвалын, Хазар және т.б. Ол- Евразия
құрлығының орталығында, мұхиттардан
алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы.
Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны,
үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Жалпы
ауданы 376000 шаршы км. Меридиан
бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені
300 км. Жағалау сызығының ұзындығы
7000 км, оның Қазақстанға тиесілі
ұзындығы 2340 км, қалғаны Ресей,
Әзербайжан, Түрікменстан және Иран
жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28
м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м,
орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары:
Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, т.б. 50-ге
тарта арал бар. Ірі түбектері: Маңғыстау,
Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен.
Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында
теңіз суының бұрыңғы жоғары тұрған
кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп.
Каспийдің шарасы тереңдігі және түпкі бедері ж өнінен 3
бөлікке бөлінеді. Құрлықтың қайраңда орналасқан солтүстік
бөлігі тайыз (10-20 м). Орта тұсындағы ойпа ңда тере ңдігі 788
м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң (1025 м). Суды ң беткі қабаты
жаз айларында солтүстігінде 24-26 ْ С, оңтүстігінде 27-28ْ С-қа
дейін жылынады. Қыста солтүстігіні ң тайыз б өлігі қатады,
өңтүстігінде судың температурасы 10ْ С-қа жуық болады.
Каспий теңізіне 130-дай өзен құяды. Ағын су к өлеміні ң 80%
Еділ, 5% Жайық берсе, 5% Терек, Сула қ, Самур өзендері , 6%
Кура өзені береді. Иран жағалауында ғы өзен мен Кавказды ң
кіші өзендері 4% береді.
Теңізге келіп түсетін жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол
теңіз деңгейін 1 см-ге ғана көтереді.
Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған.
Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, торта, көксерке,
сазан, килька көп ауланады. Каспий теңізі қара уылдырық
өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша
алдыңғы орындардың бірінде. Итбалық аулау ертеден жолға
қойылған.Теңізде бекіре тұқымдастарының 5 түрі тіршілік
етеді. Дүние жүзілік қордың 70%-ы осы Каспийде. Кәсіптік
балықтардың 76 түрі кездеседі.
Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты,
ақбалық, күтім- Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.
Қазіргі заманның балық шаруашылығы- балық аулауды
реттеу, аса бағалы балық түрлерін ( бекіре, қортпа, шоқыр,
пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына
негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты ( Ресейдің,
Әзірбайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн.
балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2
балық зауыты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын
дайындайды.
Теңіз жыл құстарының да сүйікті
мекені. Теңіз жағалауында 3-3,5 млн.
Құстар қыстап қалса, ал жыл құстарының
саны 10-12 млн-ға жетеді.
Каспий ойпаты өзінің табиғат
ескерткіштерімен, фаунасы мен
флорасымен ерекшеленеді. Мұнда
өсімдіктердің 945, балдырлардың 64,
фитопланктондардың 414,
зоопланктондардың 100 астам түрі
кездеседі.
Каспий теңізі морфологиялық
жағдайына байланысты Солтүстік Каспий,
Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий
болып бөлінеді. Теңіздің қазақстандық
бөлігі- солтүстік шығыс жағалауы Атырау
және Маңғыстау облыстарының
аумағында. Солтүстік Каспий теңіздің
басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан
географиялық орны, теңіз түбінің
құрылымы, тұздылық және
температуралық режимі, су теңгермесі
( балансы) және т.б бойынша
ерекшеленеді.
Оңтүстік және Орталық Каспийге қарағанда таяз. Солтүстік Каспий
бөлігінің аумағы 80 мың шаршы км. Оған келіп құятынөзендердің жылдық су
ағымының жиынтығы- жалпы Каспийге құятын барлық өзен сулары ағымының
88 %-ін құрайды. Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне
бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрі ( оның ішінде омыртқасыздар-
1069, омыртқалылар- 415, паразит жануарлар- 325) тіршілік етеді. Теңіз
фаунасының негізін эндемик жануарлар ( шаянтәрізділердің 60%-і,
моллюскілердің 80%-і, балықтардың 50%-і ) құрайды. Каспий теңізінің балық
қоры 2,9 млн. тонна болса, оның 40%-і Солтүстік Каспий бөлігінің үлесіне тиеді.
Солтүстік Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі кездеседі. Соның
ішінде Қазақстанның және Ресейдің “Қызыл кітабына ” енгізілген өте сирек
кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б бар.
Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945 түрі
өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады, 6 түрі-
Қазақстанның “Қызыл кітабына ” енгізілген.
Каспийдің экологиялық мәселелері және
оларды шешудің қазіргі жағдайы.
Каспийдің бір ерекшелігі- адам әрекетіне жиі өзгеретін
климаттық жағдаймен түсіндірілетін, оның деңгейінің
тұрақсыздығы. Сондықтан да теңіз деңгейін болжау, өзгерістері
біркелкі емес және әртүрлі теңіз суының балансын құрайтын
экстраполяция тәсілімен алынатын және үрдістердің
тұрақтылығынан туындайтын ықтималды- статистикалық және
климаттық (гелиофизикалық) әдістерге негізделген.
Көмірсутекпен ластану көздері- су тұрақтар, кеме
шаруашылығы және мұнай шығару кешені. Бірақ, теңіз
деңгейінің көтерілуіне байланысты жағалау шаруашылығынан
жел көтерме әсерінен туындаған төгілу, бұрғылау және мұнайды
тасымалдау кезіндегі авариялық жайылымдарға байланысты
ластану өсіп келеді.
Жоғарыда айтылғандай, бұл ауданның экологиялық жағдайы
Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз
экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты
болады.
Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жерді ң таби ғи-тарихи
эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар
аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оны ң себептерін
ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен
байланыстыруға болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80%-ін
құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен ты ғыз
байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қараб ұғазк өл шы ғана ғын
бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл
араласуы еді. Осы әрекеттердің бәрі Каспий теңізінің баыр ғы
қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс- әрекеттері
ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауыт қуы таби ғатты ң
заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. М әселен, 1940-1950
жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға
жатқызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары те ңізге
құятын су мөлшері Еділден 12%-ға, Жайықтан 24%-ға, ал Теректен 60%-
ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, те ңіз суы де ңгейіні ң тежеу
мақсатымен 1980 жылдары Қарабұғазкөлді теңізден бөлу үшін
ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салын ған бұғазды ң
суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына те ңіз т ұзы аралас
шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе, теңіздің түбінен т ұз өндірушілерге
қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабұғазк өл
елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабұғазсульфат комбинатымен
әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз деңгейі өздігінен к өтеріле
бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді.
Каспий экологиясы- Каспий теңізінде мұнай-газ
өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына
байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан
табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық
жағдай. Каспий- әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең
ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің
деңгейі қума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде
0,5-1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1987-1990 ж.
жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде
Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай
өзгеруі 1930 және 1980-90 ж. аралығына сәйкес келетіні
анықталған. 1929-41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе,
1977 жылы бұл көрсеткіш ең төмен абсолютті
мөлшеріне (-29,01 м) жетті. 1978-95 ж. су деңгейі 2,35 м-
ге қайта көтеріліп, 1995жылы бұл көрсеткіш -26,66 м
болды.
Су деңгейінің тұрақсыздығы- климаттың
өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып
отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0-12%.
Су алу зонасындағы жартылай суда тұрған
качалкалар тозған құбырлармен мұнай айдауда.
Мартышенский, Приморский, Прорвинский және
Бузачинский тобындағы кен орындарын теңіз және
тежеме көтермелі грунт сулары жартылай алып жатыр.
Оларды толық су алудан үнемі жаңартылып отыратын,
жергілікті материалдардан ( құм, саз, т.б ) жасал ған,
техника жағынан тиімсіз, жел көтерме толқындармен
жиі бұзылатын бөгеттермен қорғауда.
Каспий теңізінен түсетін
басты пайданың көзі- мұнай
екені баршамызға белгілі.
АҚШ-тың мемлекеттік
“энергетика мәліметтері
әкімшілігі” деп аталатын
құрылымның айтуы
қарағанда , бүгінгі таңдағы
есеп бойынша, Каспий теңізі
аймағындағы мұнай қоры 18-
34 млрд баррельді ғана
құрайды, яғни әлемдік қордың
3, 4%- ін ғана құрайды екен.
Бірақ, қазіргі таңда қара
алтынның арқасында
пайданың көзіне айналған
Каспий, 30 жыл өтіп мұнай
қоры таусылғаннан кейін орны
толмас үлкен экологиялық апат
аймағына ұшырамайтынына
кім кепілдік бере алады.

Ұқсас жұмыстар
Каспий экологиясы туралы
Каспий экологиясы
Каспий теңізі
Каспий миногасы
Экологиялық аймақтар
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ СТАТУСЫ
Қазақстанның тау кен металуригиялық кешені мен мұнай газ саласының экологиялық мәселелері
Ауыр металдар мен мұнай өнімдері
Өндіріс орындарын сумен камтамасыз ету
Гидросфера - биосфераның элементтері және табиғи қоры ретінде
Пәндер