Компьютерлiк вирустар



Компьютерлік вирустар және компьютерлік қауіпсіздік

Компьютерлiк вирустар - арнайы жазылған шағын көлемдi (кiшiгiрiм) программа. Ол өзiнен өзi басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдiруге” кiрiседi, сондай-ақ компьютерде келеңсiз тағы да басқа әрекеттердi iстеуi мүмкiн. Iшiнен осындай вирус табылған программа ''ауру жұққан'' немесе ''бұлiнген” деп аталады, мұндай программаны iске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кiрiсiп, оның негiзгi функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус басқа iске қосылған жұмыс iстеуге тиiс программаларға да керi әсер етiп, оларға да ''жұғады'' және де жалпы басқа да зиянды iс-әрекеттер жасай бастайды. Мысалы, файлдарды” немесе дискiдегi файлдарды” орналасу кестесiн бүлдiредi, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.
Вирустар

Вирус түрлері
Вирус программасының байқалмау себебi олардың көлемi кiшiгiрiм ғана болады да, өздерi ассембiлер тiлiнде жазылады. Кез келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлiмет алмасып жұмыс iстейтiн басқа компьютерлерге де тез тарап кетедi және өте көп зиянкестiк әрекеттер жасауы мүмкiн.
Қазiргi кездегi вирустар екi топқа бөлiнедi:
Резиденттiк (компьютер жадында тұрақты сақталынатын) вирустар;
Резиденттiк емес вирустар.

Вирустар қайдан пайда болады
Вирустардың негiзгi шығу көзi бүгiнгi күнде INTERNET жалпы байланыс жүйесi болып табылады. Вирустардың әсер етуiнiң көпшiлiгi Word/Office 97 форматтарында хат алмасу кезiнде болады. Макровирус әсер еткен редакторды пайдаланушы өзi де байқамай, вирус әсер еткен хаттарды адресаттарқа жiбередi, ал олар өз кезегiнде вирус әсер еткен жаңа хаттарды жiбередi, т. с. с.

Жергiлiктi байланыс желiлерi
Жылдам әсерленудiң үшiншi жолы - жергiлiктi байланыс желiлерi. Егер қажеттi қорғаy шараларын қолданбаса зақымдалқан жұмыс станциясы байланыс жүйесiне кiредi серверлердегi бiр немесе бiрнеше қызмет файлдарын зақымдайды. Келесi күнi пайдаланушылар байланыс жүйесiне кiрерде зақымдалған файлдарды серверден жiбередi және осылай вирус зақымдалмаған станцияға кiру мүмкiндiгiн алады. LOGIN. COM қызмет файлының орнына сервердегi әртүрлi бағдармалалық қамтамасыздандырулар стандартты құжат-шаблондар немесе фирмада қолданылатын EXCEL- кестелер, т. б. жүруi мүмкiн.

Жалпы қолданыстақы дербес компьютерлер
Сондай-ақ оқу орындарында орнатылған компьютерлер де қауiптi. Егер студенттердiң бiреуi өз дискетасымен вирус әкелсе және қандай да бiр оқу компьютерiне жұқтырса, онда кезектi “жұқпалыны'' осы компьютермен жұмыс iстеген басқа студенттердiң бәрiнiң дискеталары да дербес компьютерден мәлiметтердi алу кезiнде жұқтырады. Институттағы көпшiлiк пайдаланатын кoмпьютерлермен жұмыс iстеп, студент үйдегi компьютерге вирус әкелiп, соның нәтижесiнде вирус ата-аналар жұмыс iстейтiн фирманың компьютерлiк байланыс желiлерiне түсетiн жағдайлар да аз емес.

Жөндеу қызметтерi.
Компьютердiң вируспен әсерленуi оның жөнделуi немесе алдын ала тексерiстен өтуi кезiнде де болуы қазiргi күнде де сирек болса да кездеседi. Жөндеушiлер де - адамдар, олардың кейбiреулерi компьютерлiк қауiпсiздiктiң қарапайым ережелерiне де немқұрайлы қарайды.

Вирустарды табу әдiстерi
Вирусқа қарсы бақдармаларды және утилиттердi пайдаланар алдында вирусы жоқ екендiгiн бiле тұрып, жазудан қорғалған дискетадағы DOS резервтiк көшiрмесiнен жұмыс жүктеп алуды және ары қарай тек осы дискеталардағы бағдарламаларды қолдануды ұмытпау керек. Бұл резиденттi вирустан қауiпсiздену үшiн қажет, өйткенi ол бағдармалар жұмысын қоршап алуы немесе олардың жұмысын тексерiлiп отырқан файлдар, дисктердi әсерлендiру үшiн пайдаланып қалуы мұмкiн. Әрi өздерiнiң кодтары табылып қалуы мүмкiн екендiгiнен ''сезiктенсе”, дисктегi мәлiметтердi жойып жiберетiн көп вирустар бар. Әрине бұл талаптың жаңа форматтардың бiрiмен (NTFS, HPFS) белгiленген макровирустар мен дисктерге қатысы жоқ.

Жұмыс жүктейтiн вирустарды табу.
Дисктердiң жұмыс жүктейтiн секторларында, әдетте, мiндетi логикалық дисктердiң көлемдерi мен шекараларын анықтау немесе операциялық жүйенiң жұмыс жүктеуi болып табылатын аса үлкен емес бағдарламалар орналасады.
Ең басында вирустың бар екендiгiнен сезiктенетiн сектордың құрамын тексерiп алу қажет. Бұл мақсат ұшiн ''Нортон утилиттерiнен'' DISKEDIT немесе AVP кәсiби комплектiнен AVPUTIL-дi қолданған ыңқайлы.

Файлдық вирусты табу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz