Конституциялық құқық
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы ғылым және
білім министрлігі
Конституциялық құқық
Алматы-2011ж
Конституциялық құқық
Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзіні ң ішкі
тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқы қ жүйесіні ң
нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялы қ нормаларда ғы қоғамды қ қатынастарды ң
ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілерді ң болатынды ғын білдіреді.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның п әнін құрайды.
Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқы қ нормаларымен
реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және
мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз
конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды,
олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау
мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да аны қтау
мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланы ң нормасын
қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қо ғамды қ
қатынастар сипатын белгілеу қажет.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен
қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және бас қа салаларды
қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлы қ көріністері бойынша
және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі базалы қ қабаттарды ғана реттейді. Б ұл
қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни
байланыстардың негізін қалайды
Конституциялық құқық
әдістері
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу
әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістерді ң
көмегімен мемлекеттік және қоғамды қ қатынастарды
реттейді. Конституциялық-кұқықтық қатынастарды реттеу
үшін төмендегідей:
• міндеттеу әдісі;
• тыйым салу әдісі;
• рұқсат ету әдісі;
• тану әдісі қолданылады.
• Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке
тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында
қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясыны ң
18-бабында: "Мемлекеттік органдар, қо ғамды қ бірлестіктер,
лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары
әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты
құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу
мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті" деп жазыл ған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы б ұл
әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Я ғни:
"Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар
қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Аталған қағида
мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты.
Тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да,
жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне ғана емес,
сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалану ға міндеттейді.
Конституциялық құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға,
қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі
жағдайларда ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағында
былай делінген: «Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір
түрде шектеуге жол берілмейді». Конституция заңда қаралмаған әскерилендірілген құрамалар құруға
тыйым салады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқы демократияның шынайы көрінісі болып
табылатын рұқсат ету әдісін де кең қолданады.
Мұндай әдіс көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Мысал
ретінде әркімнің,заңмен белгіленгеннен басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруын және
тұратын орнын еркін тандауын айтуға болады. Рұқсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция
белгілі бір ауқым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, субъектінің әрекетін айтарлықтай
шектей алады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады. Айталық, Қазақстан
Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен
отырысында Президентке, онын бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екі
даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, меніңше, құқықтық реттеудің тағы бір әдісін —
тану (танымау) әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі
әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті
фактордан — адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Мемлекет адамдардың
табиғи құқығына рұқсат етеді емес, дәлірек айтқанда, таниды. Қазақстан Республикасы
Конституциясының, 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: "Адам құқықтары мен
бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра
алмайды, зандар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай
анықталады". Құқықтық реттеуді әдіс ретінде тану да конституциялық құқықтың демократиялық және
адамгершілік мәнін сипаттайды.
Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың
бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құқықтық нормалар
нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында құқық
бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық
нысандары (бастаулары) аталады. "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның
соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттың және өзге
де Республиканың міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы
Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады" (Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-
бабының 1-тармағы).
Қазақстан Республикасының конституциялық
құқығының негізгі қайнар көздері
Қазақстан Республикасының конституциялы қ құқы ғыны ң
негізгі қайнар көзі, тұтас алғанда, Конституция болып
табылады. Мұндай жәйтті бөліп айтуымны ң себебі, ұлтты қ
құқықты қалыптастырудың қайнар көзі ретінде тек
Конституцияның құқықтық нормалары ғана емес, сондай-ақ
оның басқа да a идеяның бастаулық мәні қызметін атқарады.
Бұл қағида Республика азаматтарын әлеуметтік жағынан
қамтамасыз етуге арналған заңдардың негізгі қайнар к өзі
болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясы
жариялаған мемлекет қызметінің принциптері: қо ғамды қ
келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың қажетіне орай
экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет
өмірінің мейлінше маңызды мәселелерін демократиялы қ
әдістермен шешу қазақстандық құқықтың қайнар көзі
қызметін атқарады.
• Мемлекет және оның органдары қызметіні ң негізіне
алынбастан бұрын, ол принциптер әр мемлекеттік органны ң
ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісті нормативтік құқы қты қ
актілермен бекітілуі тиіс.
• Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде
конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі
болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясыны ң
құқықтық нормалары қалайша құқықтың қайнар көзі ретінде
сипатталады?
• 1. Қазақстан Республикасы Конституциясында б үкіл
конституциялық зандардың негізі болып табылатын құқы қты қ
нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияны ң
құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық
қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық
актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.
• Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің
барлық салаларын:
саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды.
Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық катынастарды
егжей-тегжейлі және жан-жақты
реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. Қаза қстан
Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының
құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
• Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда Қазақстан Республикасы
Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның барлық аумағында
қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар және бас қа нормативтік актілер
Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституция ға қайшы
келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. Қаза қстан Республикасыны ң
Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етуді ң кепілдігі
белгіленген.
• Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-а қ
құқықтың басқа да
салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың
мемлекеттік еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет
құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі
ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тап қан.
• Конституция құқықтың басқа бастауларынан, сондай-ақ
тек мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге тұтастай қоғамның
да негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік
құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, Қазақстан Республикасы
Конституциясының идеялары, принциптері, құқықтық нормалары бүкіл қо ғам өміріні ң
мейлінше мәнді бағыттарын реттейді: жекелеген адамды, азаматты, қо ғамды қ қызметті ң барлық
субъктілерін (бірлестіктерді, қозғалыстарды, өзін-өзі басқару органдарын, ж әне бас қаларын)
қамтиды. Сондай-ақ, Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен
толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай т әртіп
Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және оларды ң тұра қтылы ғын қамтамасыз
ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
конституциялық құқықтық қайнар көзі ретіндегі тағы бір
өзіндік қыры — онда оның басқа қайнарларының
нысандары: конституциялық жәй заңдары, Президенттің
нормативтік жарлықтары мен қаулылары, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық
күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі
көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының
мемлекеттік (республикалық) мәні бар құқықтық
нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына
конституциялық заңдар жатады. "Конституциялық зандар"
атауы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген.
Қазақстанның конституциялық заңдарының өзіндік
ерекшелігі — олар Конституцияға өзгерістер мен
толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық
нормаларын нақтылайды. Қазақстан Республикасының
конституциялық заңдарын қабылдаудағы іс жүргізу
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
шешім қабылдаудағы іс жүргізуден осынысымен
ерекшеленеді.
Жай заңдар да конституциялық құқықтың қайнар көзі болып
табылады. Жай заңдарды Қазақстан Республикасының
Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасы
Конституциясында қаралған жағдайда жай заңдарды
Президент те қабылдай алады. Қазақстанның
конституциялық құқының қайнар көзіне азаматтық туралы,
көші-қон туралы Республикасы Мәжілісінің Регламенті,
Сенатының Регламенті, Парламентінің Регламенті, Парламент
Палаталары құрған үйлестіруші және көмекші органдар
туралы ереже конституциялық құқық салаларының қайнар
көзі болып табылады.
Конституция - Қазақстан республикасының негізгі
заңы
• Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевты ң тікелей
басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа
Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халы қ
талқылауынан өтіп, референдум ар қылы өз к үшіне енді.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жа қты
сараптамадан өтуі Н.Назарбаевты ң атымен тікелей
байланысты. Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н. Ә
деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялы қ, құқы қты қ
және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы
жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлы қ т ұжырым,
қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті за ң
жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қаза қстан
Республикасын президенттік бас қару нысанында ғы
біртұтас мемлекет деп жария етті. Б ұл мемлекетті ң
құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол
сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толы ғымен
жатқызылады.
Конституцияда демократияны ң түпкі м әні ерекше
айқындалады.
“Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына
шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген.
“Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты жазылған.
Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік
Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып
болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау
үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері
айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет
етеді.
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция
шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығын
мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік
меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.
Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам
игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат
мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік
жасалады.
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы “Адам және азамат” атты екінші
бөлімінде айқын көрініс тапқан.
Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда на қты к өрініс
тапқан. Саяси жүйенің негізгі т ұғыры – президенттік
басқару жүйесі Конституцияда ал ғаш рет
заңдастырылған. Қазақстан Республикасы
президенттік басқару нысанында ғы мемлекет болып
жарияланған. Президентке елдің ішкі ж әне сырт қы
саясаттарын анықтау міндеті ж үктелген. Ол мемлекеттік
биліктің барлық тармағының келісіп ж ұмыс істеуін
және олардың халық алдындағы жауапкершілігін
қамтамасыз етеді. Президент за ң шы ғарушы,
атқарушы, сот жүйелерінің бәріне бірдей қатынаста
болады. Бәрінің жұмысын үйлестіріп, мемлекеттік
биліктің дұрыс жүргізілуіінің кепілі болып танылады.
Біздің президентіміздің Негізгі За ңда к өрсетілген
конституциялық ауқымда жемісті ж ұмыс істеп
отырғанына бүкіл ел куә. Еліміздегі саяси т ұра қтылы қ,
орын алып отырған үлкен қиынды қтар ға қарамастан
макроэкономикалы қ де ңгейдегі ілгерілеу, отанды қ
өнеркәсіпті жандандыруға шетел инвестицияларын
көптеп тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты
байлықтарын экономиканы аяққа т ұр ғызуға
пайдалану, алыс-жақын шетелдермен о ңды қатынастар
орнату, ұлттардың татулығын қамтамасыз ету, еліміздің
руханиятын, қорғанысын дамытуға к үш салу ж әне
басқа сан-салалы қызметтерді құптауға әбден
тұрарлық.
Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері
мен құқықтары
Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылды ң 30 тамызында ғы
бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылдан ған Конституцияда аны қ т ұжырымдал ған.
Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостанды қтар ға ие. Ал ол өз мемлекетіні ң
азаматтығын алғаннан кейін азаматты қ құқы қтар ға ие болып, тиісті міндеттерді қоса ат қару ға тиіс.
Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен ма ңыз берілген.
Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы за ң ж үзінде қор ғал ған. За ң бойынша адамны ң жеке
басының қадір-қасиетіне қол с ұғылмайды.
Конституцияның 19-бабында “Әркімні ң өзіні ң қай ұлт қа, қай партия ға ж әне қай дінге жататынын
өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге ха қылы” деп жазыл ған. Адамдарды ң ар-ождан
бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген.
Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын м үлкін жеке меншігінде ұстауында,
оны мұраға қалдыруына конституциялы қ кепілдік жасал ған.
Конституцияның 39–бабында адамдарды ң құқы қтары мен бостанды қтарына қо ғамды қ т әртіпті,
адамның құқ ығы мен бостандығын, халықты ң денсаулы ғын қор ғау ма қсатында ғана шектеу
қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.
39 баптың 3 пунктінде азаматтарды ң құқы қтарын, я ғни азаматты қ құқы ғы, өмір с үру құқы ғы,
жеке өміріне, өзінің және жан ұясыны ң құпиясына қол с ұғылмауына, мемлекет органдары мен
лауазым иелерінің кінәсінен шеккен зиянды қайтарып алуына т.б құқы қтарын тіпті е ң т өтенше
жағдайлардың өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні айтыл ған.
Конституцияда жеке, азаматтық ж әне саяси құқы қтар ға, осы құқы қтарды ң кепілдігіне айтарлы қтай
көңіл бөлінеді.
Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады (6 бап.). Жерді меншіктеу құқы ғы бекітіледі (21,25 бап.),
сонымен қоса өзінің м үмкіндіктерін ж әне м үліктерін к әсіпкерлік қызметте ж әне за ңмен тыйым
салынбаған экономикалы қ қызметте еркін пайдалануына құқы қтары бар. Б ұл нары қты қ
экономиканың тұрақты дамуы, экономикалы қ реформаны ң ал ға жылжуы үшін сенімді
конституциялық негіз жасауды қамтамасыз етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.
2. Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және демократиялы қ даму”.
Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.
3. Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. “Ата-за ң арналары”. Егеменді
Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz