Сезім



Қарабекова Ақбаян Бейнелеу өнері және сызу 208-топ ІІ-курс

Сезім

Сезім туралы жалпы түсінік
Адам өмірінде сезімдер ерекше рөл атқарады. “Сезім” сөзімен адамдардың өмірі мен қызметіне, олардың адамдарға, табиғатқа, өнер шығармаларына, ғылымға, өздері өмір сүріп отырған қоғамға қатынастарға байланысты көңіл-күйін білдіреді. Адамның барлық іс - әрекеті мен қылығында ерекше орын алады: оның ықпалымен адам әрект етеді, белгілі бір қылықтарды іске асырады.
Адам тек қана қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенді танып қоймайды, сонымен қатар оларға көңіл күйін білдіреді. Бір оқиғалар оларды ойландырады, басқаларына селқос қарайды, кейбір заттар мен құбылыстар оларға ұнайды, бір адамды ұнатады, басқаларын жек көреді. Сезімдер дегеніміз-адамның басқа адамдарға өзіне қоршаған ортаға қатынасын білдіретін психикалық жағдайы және көңі-күйі. Адамның сезімі әр уақытта да белгілі қоғамдық мәні бар іс -әрекеттке бағытталған. Жай ғана сыйлау немесе жай ғана сүйіспеншілік болуы мүмкін.

Стеникалық
Астеникалық
Сезімдер

Стеникалық сезім дегеніміз- адамның белсенділігін арттыратын, күші мен қуатын еселейтін еселейтін, адамды жігерлендіретін, сергектікке бағыттайтын сезім. Стеникалық сезім (“стенос”-грек сөзі, қазақшалағанда -күш деген мағынасында қоланылады. ) Мысалы, күшті қуаныш, ашу сезімдер жатады
Астеникалық сезім дегеніміз- адамның белсенділігін қуатын азайтатын, адамды тежеп отыратын сезім. Астеникалық сезім (“астенос-грек сөзі, қазақшалағанда-әлсіздік мағынасында қолданылады. ”) Мысалы, нәзіктік, қайғы-қасірет, қорқыныш сезімдерін жатқызуға болады. Сезімдерді ол бас ми қыртысының жарты шарлары қызметінде қарастырылады, адамда әр уақытта екінші сигнал жүйесімен. Байланысты болады.
Сезімдер - қоғамдық өмір жағдайында адам дамуының жемісі. Сезімдердің негізінде ең алдымен адамдардың арасындағы қатынастармен байланысты қажеттіліктер жатады. Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер адамзаттың тарихи даму барысында пайда болған қажеттіліктерн мен байланысты. Сезімдердің пайда болуы адамның қоғамдық тұрмысына қатысты.

Сезімдердің физиологиялық негіздері
Көптеген сезімдердің физиологиялық негідерінен И. П. Павлов қалыптасқан динамикалық стереотип қызметінің бузылуын атап көрсеткен болатын-ды. Сезімдер бас ми қыртыстары аймағының қызметімен байланысты сезімдерді білдіретін еріксіз қозғалыстардың орталықтары болып табылатын көру төмпешіктері жатады. Көру төмпешіктерінің бұзылуының эмсоциялық саланың бұзылуына әкеп соқтырады, бас мидың қыртыстарының аймағында вегетативтік жүйке жүйесін басқаратын орталықтар жатады, сол орталықпен эмоциялық көңіл-күй тығыз байланысты.
Кейбір сезімдер вегетативтік жүйке жүйесінің және оны басқаратын басқа органдардың қызметінің артуымен байланысты. Сондықтан да кейбір эмоциялық көңіл-күйде біз қан айналысы, ас қорту органдарының қызметінің артуын, тыныс алуын, көз алдындағы өзгерістер, терінің қызаруын байқаймыз.

Жоғары сезімдер
Сезімдер, атап көрсетілгендей, адамның қажеттіліктер мен және оны қанағаттандыру мүмкіндіктерімен байланысты қажеттіліктердің сипатына байланысты жай және жоғарғы сезімдер деп бөледі. Жай сезімдерге белгілі бір физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмаумен байланысты сезімдерді жатқызамыз. Мысалы, аштық, шөлдеу, тою, жүрегі айну сияқты эмоциялық жағдайлар мен байланысты сезімдер жатады. Жай сезімдердің ерекше биологиялық мәні зор. Олар бас ми алабына дене жағдайы туралы сигналдарды жеткізіп отырады: денсаулығы немесе аурулығы, қарапайым қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау туралы. Жоғары сезімдер адамның рухани дүниесін білдіреді және оны жеке тұлға анықтайды.
Жоғарғы сезімдер рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау негізінде пайда болады. Жоғары сезімдер анық байқалатын қоғамдық сипатта болады және адамның қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтар мен құбылыстарына қатынасын білдіреді. Жоғарғы сезімдердің мазмұны, олардың бағыттылығы адамның көз қарасымен, адамгершілік мінез-құлық ережелерімен және эстетикалық бағалаулармен анықталады.

Жоғарғы сезімдер
Адамгершілік
Эстетикалық
интеллектуалдық

Адамгершілік сезімдер
Адамгершілік сезімдер- қоғамдық өмірдің талабына сәйкес көрінетін адамның жоғарғы сезімдерінің бір түрлі бұлардың мазмұны да, құрылымы да өте күрделі. Мұндай сезімдер тобына жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, елжандылық, ұят, ұлттық мақтаныш, қазақстандық патриотизм т. б. жатады.
Адамгершілік сезімдер дегеніміз дүниедегі құбылыстарды қабылдауда адамдардың көңіл-күйі және бұл құбылыстарды қоғамның қалыптасқан ережелері мен салыстыруды айтады. Бұл сезімдердің байқалуы көрсеткендей, адамдар адамгершілік талаптар мен ережелерді меңгереді.
Адамгершілік талаптар қоғамның дамуының үрдісінде оның дәстүрлеріне, салтына, дініне, идеологиясына және т. б. Байланысты қалыптасады және өзгеріп отырады. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады.

Эстетикалық сезімдер
Қоғамның даму үрдісінде адам моралдік талаптармен ғана емес, сонымен қатар сұлулық ұғымдарын басшылыққа ала отырып, қоршаған дүниенің құбылыстарын қабылдау қабілеттілігіне ие болады. Бұл жағдай эстетикалық сезімдердің пайда болуы үшін негіз болып табылады. Эстетикалық көңіл-күйлер өте көп қырлы және күрделі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz