Қазақтың музыкалық аспаптары




Презентация қосу
Қазақтың музыкалық аспаптары
Халық арасында ертеден кең
тараған.Олар-ғасырлар бойы
ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып
келе жатқан мәдени
мұра.Қазақтың музыкалық
аспаптарының өзіне тән үні,
орындаушылық дәстүрі бар.
Қазақ музыкалық аспаптарының
бөлінуі:
1)Үрлеп тартылатын
аспаптар:Сыбызғы, үскірік, саз
сырнай, шаңқобыз.
2)Ішекті аспап:Жетіген, шертер,
домбыра, қылқобыз.
3)Ұрып ойналатын аспаптар:Дауылпаз,
даңғыра, көне is&lfesk/
4)Сілку арқылы үн шығаратын
аспаптар:Асатаяқ, қоңырау.
Сыбызғы
Үрлеп ойналатын
музыкалық аспап.Бармақ
басатын 3 тесігі
бар.Үрлеу арқылы
дыбыстардың
жиырмадан астам
түрлері пайда болады.
Диапазоны 2 жарым
октава.Сыбызғы
аспабының самал
желдей майда, тембрі
жұмсақ ,ерекше
әсерлі.Сыбызғы негізінен
ағаштан және қурайдан
жасалады.Бақташылар
арасына көп тараған.
Үскірік
Үскірік-бұл
үскіріктің
жетілдірілген
түрі.Дыбыс
шығаратын бес
тесігі бар.Үрлеп
ойналатын аспап.
Саз сырнай
Өрнек салынған,
алты тесігі бар,
үрлеп ойналатын
аспап.Бұл саз
балшықтан
күйдіріліп
жасалған.
Шаңқобыз
Шаңқобыз-бұл көне
музыкалық аспап.Оның
ортасында сүйір тілше
болады.Шаңқобыз
өңделген ағаш
таспалардан,
жасалады.Шаңқобызға
жіп байланып, сол
жіпті шертіп, тарту
арқылы тілше
тербеліске келтіріледі
де, дыбыс шығады.
Жетіген
Жеті ішекті, шертіп ойнайтын
музыкалық көне
аспаптардың бірі.Бұрауы
жоқ.Сондықтан оның
құлақ күйі жеті асықты
іргерілі-күйінде
орналастыру арқылы
келтіріледі.Дыбыс
ішектерді саусақтармен
іліп қағу арқылы
шығады.Ішектері аттың
қылынан тағылады.Бұл
жетігенді 1967жылы
этнографиялық
сипаттамалар бойынша
О.Бейсенбаев жасады.
Шертер
Үш ішекті, шертіп ойналатын
көне аспап.Шертерді
көбіне мал бағатын
бақташылар тартатын
болған.Б.Залийскийдің
1865 жылы Париж
қаласында басылып
шыққан “Қырғыз
далаларындағы тіршілік”
атты альбомында
көрсетілген суреттердің
үлгісі бойынша,ағаштың
тұтас бір бөлігінен ойылып
жасалған.Аспапты
саусақпен шертіп
ойнайтын болғандықтан,
“шертер” деп атаған.
Домбыра
Қазақ халқының арасына
өте-мөте кең тараған, қос
ішекті, шертіп ойнайтын
музыкалық аспап.Егер
бұрынғы заманда көне
аспаптар ән, жыр, ертегі-
аңыздарды сүйемелдеу
үшін ғана қолданылған
болса,енді домбыра жеке
шығарма орындауға
арналып, күрделі
аспаптардың қатарына
қосылды.Суретте
Қазақстан облыстарының
әр жерінен табылған
Домбыралардың үлгілері.
Қылқобыз
Қос ішекті,ысқышпен
ойналатын аспаптардың ескі
түрі.Қылқобыз шанағының
басына және оның ішіне де,
сыртына да темір
теңгешелер шығырақ
арқылы тағылған.Шанақтың
ішіне кішкентай қоңырау
іліп, оның ортасына шағын
айна темірмен жиектеліп
бекітілген.Шыны қарағайдан
ойылып жасалады.Ішегі
аттың қылынан
тағылады.Бұрын мұндай
қылқобызда бақсылар
ойнайтын болған.
Дауылпаз
Құрлысы жағынан күрделі,
ұрып ойналатын аспап
түрі.Дауылпаздың шанағы
ағаштан
жасалынады.Формасы
жағынан қазанға
ұқсатылып жасалған да,
ашық беті көн терімен
қапталған.Дауылпаздың
халық тұрмысында кеңінен
пайдаланылғанын біздер
Ақан Сері
Қорамсаұлының ,Шәңгерей
Бөкеевтің,Хұсайын
Тәкепсановтың
дастандарынан, басқа да
көптеген ақындардың
өлең-жырларынан көреміз.
Даңғыра
Ұрып ойналатын
музыкалық
аспап.Даңғыраның
ағаш шеңберінің бір
беті ғана терімен
қапталады.Бұрын бұл
аспаптың көлемі әр
түрлі етіп
жасалынатын да, оны
бақсылар жиі
пайдаланатын.Бұл
даңыраны 1973 жылы
О.Бейсенбаев
дайындады.
Көне шыңдауыл
Құрлысы күрделі, ұрып
ойналатын музыкалық
аспап.Оның шанағы
металдан
жасалынған.Бұл аспап
халық тұрмысында дабыл
қағып, сигнал беру үшін
пайдаланылған.
Ленинградтың
мемлекеттік этнография
музейінде шыңдауылдың
1902 жылы Түркістаннан
әкелінген анағұрлым
жетілдірілген данасы
сақтаулы.
Асатаяқ
Шу шығаратын музыкалық
аспап, бақсылар оны
даңғыра және
қылқобызбен қоса
қолданған.Суреттегі
асатаяқ алты
қоңыраулы.Бұрын
асатаяқпен бақсылар өз
ойынан сүйемелдеп
отыратын болған.Бұрынғы
тағылған қоңыраулардан
шығатын дыбыстың күші
белгісіз болатын.Бақсы-
балгерлердің жойылуына
байланысты асатаяқтың да
бұл түрі ешбір жерде
қолданылмайды.Бұл
асатаяқты А.Аухадиев
1972жылы жасады.
Қоңырау
Бұрын халық өнерпаздары
көп қолданған музыкалық
аспап.Ол халық әндері мен
күйлерін сүйемелдеу үшін
қолданылған.Домбырашыл
ар мен қылқобызшылар
қоңырауды аспаптың
басына,шойнына немесе
манақтің ішіне іліп қоятын
болған.Керек кезде
музыкант аспапты сілкіп
қалса болды.Қоңырау
сыңғыр қағып қоя береді
де музыканы құлпырта
түседі.Ал шаңқобызда
ойнаған әйелдер шағын
қоңырауды саусақтарына
іліп алатын болған.

Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық аспаптары туралы
Музыкалар үйі
Үрмелі асбаптары
Қазақтың ұлттық аспаптары
Орта Азия халықтарының аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы
Дыбысты шығармау белгісі
Нұрғиса Тілендиев өмірбаяны
Шаңқобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы
Пәндер