Қан тамырларымен қан қозғалысының жалпы физика- математикалық заңдылықтары Биологиялық ұлпалардың пассивті механикалық қасиеттері




Презентация қосу
Кафедра: Физика,
матемактика және
медициналық информатика.
Тақырыбы
Қан тамырларымен қан қозғалысының жалпы
физика- математикалық заңдылықтары
Биологиялық ұлпалардың пассивті
механикалық қасиеттері.

1. ҚАН, 2.Қан айналу. 3. Қан қысымы.
4.Қанның ақ түйіршіктері.
5.Қанның қызыл түйіршіктері.
6.Қан тамырлары. 7.Қан тобы. 8.Қан ұюы.
ҚАН
Егер байқамай қалып, саусағыңды
кесіп алсаң, сол жерден қан
шығады. Қан адам ағзасындағы
тіндердің бірі, бірақ ол ерекше тін-
сұйық тін. Өзінің қасиетіне
қарай,қан адам денесінің барлық
мүшелерімен бөліктерінде
кездкседі. Егер қанды түтік шыныға
құйып қойсақ, біраз уақыттан кейін
сары түсті сұйықтық пен қызыл
тұнбаға айналғанын көреміз. Бұдан
бір қанның неден тұратынын
анықтаймыз. Сары түсті сұйықтық-
плазма, ал қызыл тұнба-кішкентай
қан түйіршіктері-эрйтроциттер(2),
ақ түйіршіктер-лейкоциттер (3),
кішкентай қан талшықтары-
тромбоциттер(1), деп бөлінеді.
Плазманың 90 пайызы су, онда қан
клеткаларынан басқа белоктар мен
тұздар болады.
Қанның 55 пайызы плазмадан,44,55 пайызы эритроциттерден, ал
0,45 пайызы лейкоциттер мен тромбоциттерден тұрады. Тірі а ғзада
қан үнамі қозғалыста болғандықтан, оның құрамдас бөліктері
әрдайым бір-бірімен араласып жатады, сондықтан қан біркелкі
сұйықтық түрінде болады. Қан қан таырлары арқылы біздің
ағзамыздағы барлық мүшелер мен тіндерге ағып өтіп, оларға
оттекті, қоректік заттар және гормондарды жеткізеді. Қан тіндерді
көмірқышқыл газыиен басқа зат алмасу өнімдерінен босатады.
Сонымен қатар қан ағзаға бөгде заттардың түсуінен және ауру
тудыратын бактерйялардан қорғайды. Осы қанның арқасында
біздің денеміздің барлық бөліктерінде бірдей және тұрақты
температура сақталады. Салмағы 50 килограмм болатын адамның
қан тамырларында 5 литрге жуық қан айналады. Қызыл сүйек
кемігінде, көкбауырда және лимфа түйіндерінде әрдайым қанның
клеткалық бөліктерінің жаңаруы болып тұрады.
ҚАН АЙНАЛУ.
Қан адам ағзасында үнемі қозғалыста болады. Олардың
ағу жылдамдығы өте жоғары, бүкіл қан бар-жоғы 23
секундта денедегі бар қан тамырларынан ағып өтеді.
Қанның ең негізгі атқаратын қызметінің бірі-өкпеден
алып шыққан оттекті ағзадағы барлық тіндерге жеткізу.
Бұл процесс қан айналу жүйесі арқылы іске асады.Қан
айналу жүйесінде –кіші немесе өкпелік қан айналу
шеңбері және үлкен немесе жүйелік қан айналу
шеңбері ажыратылады. Кіші қан айналу шеңбері оң жақ
жүректен басталып, қан өкпе артериясы, ұсақ
тамырлар (капиллярлар) және төрт өкпе венасы
арқылы сол жақ жүрекке келіп құяды. Кіші қан айналу
шеңберімен аққан қан өкпеде көмірқышқыл газынан
тазарып, оттекпен қанығады. Үлкен қан айналу шеңбері
сол жақ жүректен басталып, қолқа артерия
тамырларына тармақтала келіп, ұсақ тамырлар түзеді.
Осы ұсақ тамырларға келген артерия қаны өзінің
құрамындағы оттектің біраз бөлігін, оның орнына зат
алмасу процесінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл
газын сіңіріп, вена қанына айналады. Осы қан вена қан
тамырлары арқылы оң жақ жүрекке келіп құяды. Міне
осыдан кейін қан айналу қайтадан басталады.
ҚАН ҚЫСЫМЫ
Қан қан тамырлары арқылы белгі бір
қысыммен ағады. Кейде қан тамырыңды
жарақаттап алсаң, қанның жарадан
қалай аққанын, тіпті фонтанша
атқылағанын көресің, яғни бұл қанның
қысымының әсерінен ағуы.Жүрек насос
сияқты жұмыс жасап, қанды артерияға
қарай итереді, соның нәтижесінде қан
тамырларында қысым пайда болады.
Негізгі артерияда қан қысымы жоғары ,
жіңішке артерияларда қысым төмен, ал
венада өте төмен болады. Қан қысымын
арнайы аспап- тонометрмен өлшейді.
Адамның қалыпты жағдайдағы қан
қысымы, жүрек жирылғанда-120
миллиметр сынап бағанасына жуық, ал
жүрек босаңсығанда -70 миллиметр
сынап бағанасындай болады. Қарт
адамдардың қан тамырларының
созылғыштық қасиеті төмен
болғандықтан, оларда қан қысымы
жоғары болады.Кейде жас адамдардың
да қан қысымы қалыпты молшерден
жоғары болуы мүмкін, ондай жағдайда
бұған гипертония ауруының белгісі деп
қарау керек.
ҚАННЫҢ АҚ ТҮЙІРШІКТЕРІ.
• Біздің денеміз ағзаға түскен инфекциямен күресе алады. Ол үшін адам
денесінде миллиондаған ерекше клеткалар бар. Оларды- қанның ақ
түйіршіктері немесе лейкоциттер деп атайды. Қанның құрамында
лейкоциттер, қанның қызыл түйіршіктері- эритроциттермен бірге жүреді.Бірақ
эритроциттерге қпрағанда, лейкоциттердің көлемі үлкен және өздігінен
қозғала алады. Біздің ағзамызға ауру тудыратын микроб түссе болды, сол
сәттен бастап , лейкоциттердің олармен күресі басталады. Бір сөзбен
айтқанда, лейкоциттер микробтарды біртіндеп жұта бастайды. Міне осы
құбылыс фагациоз деп аталады. Ағзада лейкоциттер 200 күндей тіршілік
етеді және осы уақыт ішінде көп жұмыс атқарады. Олай дейтініміз бір
лейкоцит ондаған мың микробты жойып жібере алады. Біздің денемізде отыз
милларттан астам лейкоцит бар. Бірақ, олардың күн сайын алтыдан бірі өз
тіршілігін жойып отырғанымен, оның орнына соншама жаңа лейкоциттер
пайда болады. Жаңа лейкоциттер сүйектің қызыл кемігінде (лейкоциттер дән
түрінде кездеседі) немесе лимфа түйіндерінде (дәнсіз түрлері) жетіледі.
Қанның ақ түйіршіктері біздің денемізде үнемі қозғалыста болып, өз
жұмысын белсенді түрде атқарады. Егер ағзаға түскен микроб өте көп болса,
лейкоциттер оларды жою кезінде, өздеріде өледі. Микробты ұстаған, тірі
лейкоциттер мен өлі лейкоциттер ағзада ірің түзеді.
ҚАННЫҢ ҚЫЗЫЛ
ТҮЙІРШІКТЕРІ.
Эритроциттер өте кішкентай клеткалардың бірі, сонды қтан оларда
ядро да болмайды. Қанның бір куб сантиметірінде бес миллион
эритроцит кездеседі. Олардың пішіні ортасынан қысыл ған,
кішкентай дискіге ұқсайды. Олардың диаметірі миллиметрдің жеті
мыңнан бір бөлігінеде жетпейді. Эритроциттер негізінен өкпедегі
оттекті ағзаның барлық тіндерінен жеткізу қызметін атқарады . Ал
қан кері қарай аққанда, өкпеде көмірқышқыл газының алмасуына
қатысады. Эритроциттер оттекті өкпе капилярларынан (уақ
тамырлардан ) алады. Оның себебі, капилярлар мен
эритроциттердің диаметрінің көлемі бірдей, сонды қтан олар бір-
біріне жақындағанда, оттек капилярдан эритроцитке о ңай өтіп
кетеді. Эритроциттің құрамына енген оттек , бірден оны ң қызыл
пигменті-гемоглобинмен байланысады. Гемоглобин- оттекті
тасымалдап қана қоймайды, ол сонымен қатар құрамында темір
бар, күрделі белок. Эритроциттің және адамның жалпы қаныны ң
қызыл болуы да осы гемоглобинге байланысты. Эритроциттердің
тіршілік ету мерзімі онша ұзақ емес, олар 3-4 айдай ғана өмір сүріп,
көкбауыр мен бауырда ыдырайды .Ыдыраған эритроциттерді ң
орнына сүйектің қызыл кемігінен жаңа эритроциттер келіп түседі.
Эритроцитттердің құрамында ядро болмағандықтан олар
бөлінбейді.
ҚАН ТАМЫРЛАРЫ.
Біздің денемізде күрделі жүйесі бар ерекше
түтікшелер орналасқан. Осы түтікшелер-қан
тамырлары деп аталады. Егер біз осы тамырларды
бір түзу сызықтың бойына жинасақ, онда оның
ұзындығы 150 000 километрді құраған болар еді.
Бұл жер шары шеңберінің ұзындығынан үш
жарым есе көп деген сөз. Қан тамырлары
жүрекпен қосылып, ағзадағы қан айналу жүйесін
құрайды. Біздің денемізде қан тамырлары енбеген
жер жоқ, өйткені солар арқылы ағзаның барлық
мүшелері мен тіндеріне қан барады. Қан
тамырларының екі түрі бар. Біріншісімен оттекке
қаныққан, жүректен шығып, дененің барлық
бөлігіне баратын қан жүреді. Оны артерия қан
тамыры деп атап, оларды суретте қызыл бояумен
көрсетеді. Екінші түрі қанды мүшелер мен
тіндерден жүрекке апарады. Мұндай қаннан
ағзаның тіндері өздеріне қажетті оттекті алады
да, оның орнына қанды көмірқышқыл газымен
қанықтырады. Мұндай тамырларды-вена қан
тамыры деп атап, оларды суретте көк түспен
көрсетеді . Артерия және вена қан тамырлар
жүйесі бір-бірімен өте ұсақ тамырлар-
капилярлармен жалғасады. Қан тамырларының
ұзындығы ғана емес, олардың жалпы ауданына да
қайран қаласың. Себебі, олардың алып жатқан
жалпы ауданы -9000 квадрат метр, бұл-екі футбол
алаңының ауданы.
ҚАН ТОБЫ.
• Егер адам ауыр жарақат алса немесе әр түрлі аурулардың
әсерінен көп қан жоғатса, ауруханаларда ондай адамдарға
жоғалған қанның орнына толтыру үшін донор қанын құяды.
Қан құятын адамды –реципиент, ал қан беретін адамды-
донор деп атайды. Құятын қанды дәрігер әбден тексеріп
алады. Ең бірінші донор қанының тобы науқас адамның
қан тобымен сәйкес келуі керек. Олай болса, құйылған қан
науқас адамның қан тамырларында ұйып қалады да, ауру
адам өліп кетеді. Қан топтары туралы алғашқы деректер
19-ғасырдың аяғында пайда бола бастады. 20-ғасырдың
басында австриялық ғалым Карыл Ландштейнер мен чех
дәрігері Ян Янский адам қанының эритроциттері мен
плазмасымен ерекше белокты заттарды тапты. Олар осы
заттардың құрамына қарай, қанды төрт топқа бөлді.
Бірінші топқа жататын қанның құрамында бұл зөаттар
болмаған, сондықтан олар-0(I) формасымен белгіленеді.
Екінші топты-А(II), үшінші топты –В(III), ал төртінші топты –
АВ(IV) формулаларымен белгіленеді. Әр адам өз қанының
тобын тұқым қуалаушылық жолымен – ата-анасынан алады
және ол өмір бойы өзгермейді. Осы қан топтарының ішінде
ең жие кездесетіні-I және II қан топтары, олардың бүкіл
адамзат әлеміндегі үлесі-36 пайыздай, III қан тобы -22
пайыздай, ал ең сирек кездесетін-IV қан тобы, оның алатын
үлесі-7 пайыз.
ҚАН ҰЮЫ.
• Егер құлап тізеңді жарақаттап немесе
саусағыңды кесіп алсаң, сол жерден
қан ағады. Біраз уақыттан кейін аққан
қан өзінен өзі тоқтайды. Жарақаттың
бетінде қатып қалған қан пайда
болады. Кейін ол қатпарланып, жара
сол қатпардың астында қалады да,
біртіндеп жазыла бастайды. Қанның
қатып қалуы- оның ең маңызды
қасиетінің бірі- ұюды көрсетеді.
Жарақаттанған жерден қан
шығысымен ақ, онда күрделі
химиялық процестер жүреді. Соның
нәтижесінде қан жабысқақ,
қоймалжың массаға –ұйыған қанға
айналады. Егер осы ұйыған қанды
микраскоппен қарасақ, онда көптеген
жеңішке талшықтарға оратылып,
ұйысып жатқан қан клеткаларын
көруге болады. Осы ұйысқан қан
клеткалары қан шыққан жерді
желімдеп, ары қарай қанның ағуына
кедергі жасайды. Қан кейбір
ауруларда қан тамырларынан шықпай
жатып, ұйып қалатын кездеріде
болады. Мұндай жағдайда ұйыған қан,
тығын сияқты қан тамырын жауып
қалады. Бұл адам өмірі үшін өте
қауіпті.

Ұқсас жұмыстар
Қанның тамырлар бойымен қозғалысының гемодинамикалық заңдылықтары
Тамырлар арқылы қан қозғалысының жалпы физика-математикалық заңдылықтары. Биологиялық ұлпалардың селқос механикалық қасиеттері
Дәнекер ұлпасы
Жас кезеңдері
ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Қанайналым шеңберлері
ҚАН ЛИМФА ДӘНЕКЕР
Биология және биотехнология факультеті
Бұлшықет жиырылу биофизикасы
Термодинамика анықтамалары және сыныптамасы
Пәндер