Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу

тақырыбы:Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу

Орындаған:Ділмағанбетова Г.Ә. Тексерген:Байтекова Қ.Ж. Факультет:Жалпы медицна Топ:09-004

алматы 2009

Жоспары: Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер. Азаматтардың арыздары. Кінәсін мойындап келу. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар. Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қабылдау мен қараудың міндеттілігі. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау мерзімдері. Қылмыс туралы арызды немесе хабарды қарау нәтижесінде қабылданатын шешімдер. Қылмыстық іс қозғау тәртібі. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту. Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелуіне немесе сотталуына қарай беру. Қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі іс әрекеті. Прокурордың қылмыстық іс қозғаудың заңды болуын қадағалау.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУҒА СЕБЕПТЕР МЕН НЕГІЗДЕР: 1. Қылмыстық іс қозғауға мыналар себеп болады: Азаматтардың арыздары; Кінасын мойындап келу; Мемлекеттің органның лауазымды адамның немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы; Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар; Лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтау. 2.Қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады.

Азаматтардың қылмыс туралы арыздары ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Жазбашалар арызға оны беріп отырған адам қол қоюға тиіс. Тергеу іс әрекетін жүргізу кезінде немесе сот талқылауы барысында жасалған қылмыс туралы ауызша арыз тисінше тергеу іс әрекетінің немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Хаттамаға арыз беруші жәнеарызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды. Арыз берушіге әдейі жалған сөз жеткізгені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің

182-бап. Қылмыстық істі қозғауға құқық берілген лауазымды адамдардың және органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы Қылмыс туралы мәліметтерді анықтау қылмыстық істі қозғауға мынадай жағдайларда: 1) Өзінің қызметтік міндеттерін атқақару кезінде анықтау органының қызметкері, тергеуші, прокурор қылмыстың куәлары болғанда не қылмыстың ізін немесе салдарын ол жасалғаннан кейін бірден байқағанда; 2) Анықтау органы мен анықтаушы қылмыс туралы мәліметтерді өз функцияларын жүзеге асыру кезінде немесе басқа бір қылмыс туралы іс бойынша анықтауды жүргізу кезінде алғанда; 3) Тергеуші қылмыс туралы мәліметтерді басқа қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша тергеу кезінде алғанда; 4) Прокурор қылмыс туралы мәліметтерді заңдардың орындалуына қадағалау жасаған кезде алғанда себеп болады.

183-бап. Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қабылдау мен қараудың міндеттілігі 1. Қылмыстық ізге түсу органы кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға, тіркеуге және қарауға міндетті. Арыз берушіге арызды немесе хабарды қабылдаған адамды, оны тіркеген уақыт пен арыз немесе хабар бойынша шешім қабылдануға тиісті уақытты көрсете отырып, қылмыс туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тіркелгені туралы құжат беріледі, 2. Қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдаудан негізсіз бас тартуға прокурорға немесе сотқа осы Кодексте белгіленген тәртіп бойынша шағымдануға болады. 3. Сотқа түскен қылмыс туралы арыз немесе хабар, жеке айып тағу ісін қозғау жағдайларын қоспағанда, прокурорға жіберіледі, бұл туралы арыз берушіге хабарланады. 4. Сот қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істі талқылау кезінде қылмыс белгілерін байқағанда ол туралы жеке қаулы арқылы прокурорға хабарлауға міндетті.

185-бап. Қылмыс туралы арызды немесе хабарды қарау нәтижесінде қабылданатын шешімдер 1. Қылмыс туралы арызды немесе хабарды алған әрбір жағдайда немесе қылмыс тікелей анықталғанда анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші немесе прокурор мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) Қылмыстық іс қозғау туралы; 2) Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы; 3) Арызды, хабарды тергеу ретімен, ал жеке айып тағу істері бойынша - сот ретімен беру туралы. 2. Қабылданған шешім туралы арыз берушіге хабарланады және сонымен бір уақытта оған шешімге шағым беру құқығы түсіндіріледі. 3. Арыз немесе хабар тергеу немесе соттау ретімен жіберілген жағдайда аныктау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор қылмысты болдырмау немесе бұлтартпау, сонымен қатар қылмыс ізін бекіту шараларын қолдануға міндетті.

186-бап. Қылмыстық іс қозғау тәртібі 1. Осы Кодекстің 177-бабында көрсетілген себеп пен негіз болған кезде аныктаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарады. 2. Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кім жасағаны, іс қозғаудың себептері мен негіздері, ол кімге қатысты немесе қандай факт бойынша қозғалып отырғаны, белгілер бойынша іс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ істің бұдан былайғы бағыты көрсетіледі. Қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі. Қабылданған шешім туралы арыз берушіге және өзіне қатысты іс қозғалып отырған адамға оған қылмыстық ізге түсудің басталуына байланысты құқықтар мен міндеттерді түсіндіре отырып, хабарланады. 3. Егер қылмыс жасаудан зардап шеккен адам белгілі болса, қылмыстық іс қозғаумен бір уақытта ол жәбірленуші деп танылады, ал егер қылмыс жасалғаны туралы хабармен бірге азаматтық талап қойылса, онда бұл адам сонымен қатар азаматтық талапкер деп танылады.

187-бап. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту 1. Қылмыстық іс қозғауға негіздер болмаған кезде қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. 2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жөне арыз берушіге жіберіледі. Бұл ретте арыз берушіге құқықтары мен қаулыға шағымдану тәртібі түсіндірілуге тиіс. 3. Тергеушінің, анықтаушының қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулысына тиісінше тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына, сондай-ақ прокурорға немесе сотқа осы Кодексте белгіленген тәртіп бойынша шағымдануға болады. Соттың жеке айыптау туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады. 4. Егер келіп түскен арызда (хабарда) азаматтардың саяси, еңбек, тұрғын үй, отбасы және өзге де құқықтарын бұзушылық, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қорғалатын ұйымдардың занды мүдделерін бұзушылық байқалса, онда қылмыстық іс қозғаудан бас тартумен бір уақытта мүдделі адамдарға құқықтары және бұзылған құқықгар мен мүдделерді қалпына келтіру үшін азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну тәртібі түсіндірілуге тиіс.

188-бап. Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелуіне немесе сотталуына қарай беру 1. Қылмыстық іс қозғауға құқық берілген лауазымды адам немесе орган қылмыс туралы арызды немесе хабарды қылмыстық іс қозғамай, тергелуі бойынша тек мынадай: 1) Қылмыс бұл ауданнан тысқары жерде жасалып және қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін қылмыс жасалған жерде тексеру іс-әрекетін жасау қажет болған; 2) Қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін ол тергеуіне жатқызылған орган ғана жүргізе алатын тексеру іс-әрекеттерін жасау қажет болған жағдайларда ғана беруге құқылы. 2. Арыздың немесе хабардың қылмыстық іс қозғамай, тергелуі бойынша берілгені туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурор хабардар етілуге тиіс. 3. Қылмыстық іс қозғамай сотталуы бойынша беруге жәбірленушілердің жеке айыптау тәртібімен ізге түсетін қылмыстары туралы шағымдары ғана жатады. 4. Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелу реті немесе соттылығы бойынша беру кезінде оқиға болған орынды, сол жерді немесе үй-жайды қарау кезінде табылған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар ұсынған заттар мен құжаттар осы Кодекстің 223-бабының бесінші бөлігінде көзделген тәртіппен беріледі.

189-бап. Қылмыстық ізге түсу органының қыл мыстық іс қозғалғаннан кейінгі іс-әрекеті Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін: 1) Прокурор істі алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізуі үшін тергеушіге немесе анықтау органына жібереді; 2) Тергеуші алдын-ала тергеу жүргізуге кіріседі; 3) Алдын-ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын істер бойынша анықтау органы шұғыл тергеу іс-әрекеттерін орындағаннан кейін істі алдын-ала тергеу ісін жүргізуге жібереді; осы Кодекстің 285-бабында аталған қылмыстар туралы істер бойынша аныктау жүргізеді. 190-бап. Прокурордың қылмыстық іс қозғаудың заңды болуын қадағалауы Қылмыстық іс қозғаудың занды болуын қадағалай отырып, прокурор: 1) Анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға немесе материалдарды қосымша тексеру үшін іс жүргізуге жіберуге; 2) Аныктаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық іс қозғауға; 3) Анықтаушының, аныктау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының күшін жоюға және егер қылмыстық іс бойынша тергеу ісәрекеттері жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы.


Пән: Құқық, Криминалистика


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь