Махаббат ер жүректің үрдісі


Slide 1

Орындаған:

Нақышбаева Жулдыз

Slide 2

Махаббат ер жүректің үрдісі

Slide 3

Күдіс пейіл кедергіден қайтқанымен меселі,

Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді.

Жыға алмайды оны жұрттың өсегі.

Бұған дәлел - құдіретті «Қорлан» әні кешегі.

Қасіретті сәт соққанда әбден меңдеп кеселі

Қайран Естай, қимас досын шақырып.

Былай депті деседі:

- «Ей, Нұрлыбек, еренім!

Жетпіс екі жасымда

Тұзағына іліндірді мені өлім.

Тулағанмен амал нешік көнемін.

Тіршілікте аз созбап ең қол ұшын,

Өлген соң да қажет боп тұр көмегің,

Дәл өзіңдей қайдан ұқсын қайғымды ел,

Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл.

Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,

Ал қалғаны жәй күндер.

Көлмен көлдей,

Таумен таудай теңдесе,

Белдесуге талап қылдым мен неше.

Елу бір жыл ғашық болдым Қорланға,

Елу бір жыл өмір сүрдім ендеше.

Қорланды ойлап қиял қостым таңдарға,

Қорланды ойлап шықтым қанша заңғарға.

Сірә, мендей ғашықтықтан бақ тауып,

Сірә, мендей мұңға батқан жан бар ма?

Ғашықтық ғаламаты поэмасынан үзінді.

Slide 4

Афродита - махаббат пен сұлулық құдайы. Оның өмірге келуі турасында екі нұсқа бар. Біріншісі - ол Зевс пен Дион океанидінің қызы, екіншісі - Уранның Кронмен жанжалдасып, соның қанының теңізге барып көбік түзіп, осының негізінде «көбіктен туған» деп аталғандығы. Немесе Афродитаны Анадиомена деп те атайды, яғни «теңіздің жоғарғы бетінен пайда болған» деген мағынаны білдіреді. Гесиодттың пікіріне жүгінсек, Уранның қанынан эринилер мен гиганттар да дүниеге келген. Афродита әлемді таңғажайып нұрға бөлетер, өзіне сұқтандырар қуатты махаббаттың иесі болды. Ол сонымен қатар отбасы, мәңгілік көктем және өмір құдайы ретінде де танылды. Және оның махаббаттық атағына құдайлар мен адамдардың өзі тәнті болған. Классикалық Афродита - Зевс пен Дионның қызы.

Slide 5

Өмірде негізінен Ер адамнын кызға деген махаббаты күшті болу керек . . . егер де ер адам кызды жаксы корсе кыздын журегин жаулап ала біледі де жаксы отбасы болып кетеди . . . ондай оиғалар оте коп кой . . . а вот егер ер адамда әйел адамга деген сезими болмаса, ондай жағдайда отбасы болу деген кайдам оте киын 100 % -5 % сондай болар шамамен казакта қазақ кыздарына, айтады гой өзің сүйгенге емес, сені сүйгенге күйеуге шык дейд әрине сосын екі адамнын арасында сыйластык, тусінушілік, адамгершілік сиякты касиеттер болу керек

Slide 6

Дүниенің өзге бақыт, шаттығын

Менсінбеген

Менің мұңым тәтті мұң.

Тәттфі емей не?

Он сегізге ой салып,

Жиырма бесті таңдандырса қарттығым?!

Әттең, тағдыр қоса алмадым

Сорым ба?

Заман - жылан.

Жатып алды - ау жолымда.

Бірақ менің бақытым да, бағым да

Қорлан берген алтын жүзік жарқырап,

Елу бір жыл сәуле шашты қолымда.

Өр толқынға қарсы жүзген өр кеме

Мен болыппын.

Оһо, қандай мәртебе!

Бұл жүзікке елу бір жыл әйелім

Қызғанышпен қарап келді өртене.

Десе - дағы ел дәстүрі ерге сын,

Қарттарға ескерт,

Қарсыласа көрмесін.

Қорланымның көз болған жүзікті,

Өтінемін,

Өзіммен бір жерлесін!

Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде

Ғашық болып өлу қандай мәртебе.

Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік,

Жары беріп жатсын маған көрдеде?»

Шаршатпаған арман шіркін, арман ба?

Әне, солай қайсар ақын көз жұмды.

Slide 7

Махаббат

Бұл махаббат тамұқ па әлде жұмақ па,

Бұл махаббат ызғар ма әлде шуақпа?

Қараңғы ма ешнәрсені көрсетпес,

Маздай жанып тұрған әлде шырақ па?

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Сағыныш

Келсем деп ең кетерде,

Тосам сені қарайлап.

Салған әнім жетер ме,

Таң атады арайлап.

Қатар жүрген шақтарда,

Қос аққудай жайнадық.

Гүл өсірдік бақтарда,

Би биледік ойнадық.

Slide 11

Махаббат ер жүректің үрдісі

Slide 12 Slide 13

“Басқы Жаннан” (Шәкәрiм) қозғайтын болсақ, “әл-Уәдуд” (“Баршаны сүюшi”) - Алланың 99 хұсни есiмдерiнiң бiрi. Бұдан бұл есiм өзгелерiмен теңдес деген ой тумауға тиiс. Құдайдың аталмыш есiмiн Құран Кәрiм мәтiнi бойынша тексерген мұсылман ғұламалары былайша ой қорытады: “Жердегi тiршiлiктiң мәнi - махаббат. Барлық жаратылғандар бiр махаббат күшiне бағынып, әрекет етедi. Жақындау, бiрiгу, тартылу заңдары тегiстей махаббатқа негiзделген”.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Махаббат - өмірдің ұлы сәні
Мейірімділік – ол ізгілік
Махаббатың тілі – ұлы тіл
Махаббат құдіреті – жер жүзіндегі күллі ізгі, таза риясыздық атаулының қайнар көзі
Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі
Абай поэзиясындағы жүрек концептісі
Махаббат – өмір көркі..
Электрокардиография және фонокардиография туралы
ДОСТЫҚ ЖӘНЕ МАХАББАТ
Ерте кардит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz