Махаббат: мәні, түрлері және поэтикалық бейнелері


Slide 1

Махаббат - өмірдің ұлы сәні. Ол табиғаттың өзін жайнатып, түлетіп жібереді, әсем шырқатып, мың бұралған биге үйіріп әкетеді.

Махаббат құдіреті - жер жүзіндегі күллі ізгі, таза, риясыздық атаулының қайнар көзі.

Slide 2

Ұлағатты сөздер

Махаббат - өмір көркі . . .

Махаббатсыз - дүние бос,

хайуанға оны қосыңдар.

Махаббат, қызық мол жылдар,

Ақырын-ақарын шегініп,

Алыстап кетті-ау құрғырлар. (Абай)

Махаббат - бақыт қазынасы: ол неғұрлым көп

берсе, соғұрлым көп алады. (В. Мюллер)

Махаббатсыз тіршілікте жан жоқ. (Гете)

Slide 3

Махаббат

Махаббат - өмірде өзгеше бір асу,

Табысты қос ғашық, дірілдеп сыр ашу:

Сүйгендер сезімін гүлдерге айтуға

Асығып ағады арықта бұла су.

Гүл көктем. Махаббат өртене өбісу,

Бақыттың бал дәмін екіге бөлісу,

Көгілдір көктемнің көрпесін төсеніп,

Аптығу, армандау, сенісу, келісу . . .

Гүл көктем. Алғашқы махаббат - бал қылық,

Екі ерке ғашықты есінен тандырып.

Жүректі бұлқынтқан, құлшынтқан сол сезім,

Болмасын өткінші, болсын тек мәңгілік!

Slide 4

Махаббат - ер жүректің үрдісі

Алып ұшқан көңілім, аптығыңды тый

енді,

Алабұртқан ақылым, тізгініңді жый енді.

Ақ махаббат, жолынан талай-талай адастым,

Ей, махаббат, бар болсаң, көрсетсеңші киеңді.

Slide 5

Махаббатым

Мөлдір әуен, сұлу саз көктемдерім,

Көктемдерім - өзіңнің өпкен демің!

Тірлік әні - нұры болып көрінсе күн,

Жүрегімнің жалқы әні - өзің сенің.

Мен мынау дүниенің

Келем кешіп өзіңмен асуларын,

Асулардан, қиналсаң, қасыңдамын.

Жүрегінен жырлайды ғашық жаным

Махаббатың мәуелі жасыл бағын!

Slide 6

Махаббат беріледі, бірақ сатылуы мүмкін емес. Егер махаббат сатылатын болса, оның некеде немесе одан тыс болуына қарамастан ол жезөкшелік болып табылады. Есеппен некелесудің қай-қайсысы болса да, тіпті шіркеу ризалық берген күннің өзінде де, жезөкшелік деген сөз, ол еркек пен әйелдің арасындағы сүйіспеншілікпен жасалған одақ атаулының қай-қайсысы да, тіпті ол пастор батасын алмаған күнде де, шын махаббат.

Slide 7

Махаббат

түрлері

Отанға деген

махаббат

Ата-анаға деген

махаббат

Өз кәсібіне деген махаббат

Перзентке деген махаббат

Slide 8

Достық махаббат

Дос жүрегі - бал бұлақ,

Жанарды тартар жалтырап.

Сырлдары жатар сылдырап,

Түкірме оған сен бірақ.

Кәусарымен қандырар

Келгеніңде қалжырап,

Абайла, бауырым, абайла!

Slide 9

Отанға деген махаббат

Отан деген тамаша да, мәртебелі сезімнен тек қуыс кеуде адамдар ғана құр алақан қалады.

И. П. Павлов

Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені. Қиыншылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?

Абай

Slide 10

Ең ұлы кішкентай сөз . . .

Сені жақсы көремін… Бұл өмірдегі айтқан ең маңызды үш ауыз сөзің болар. Шын жүрегіңмен ұнататыныңды білдірсең, оларға терең сезім қажеттілігін, басқалардың бағалайтынын, өздерін қалайтынын сезіндіреді, рахат сезімге бөлейді. Сенің жанұяң, достарың, сенің өзің де осы бір үш ауыз сөзді естігін келіп тұратыны белгілі. Сені жақсы көрем!!!

Осы бір сөздердің күштілігі сонша, айтқан кезде, жаңа достарды табуға, арасы суи бастаған ескі достығымызды қайта жандыруға көмектеседі.

Үш ауыз сөз достығымызды арттырады.

Бұл тек достық сезімде емес, сондай-ақ сүйіспеншілік сезімін де ұлғайтады.

Slide 11

Ғашықтар әні Екі жүрек ұғынады бір-бірін, Аялайды, әлдилейді, күн нұрын. Айтқаны да заң сияқты өзіме Өміріме бақыт болған құрбының.


Ұқсас жұмыстар
Махаббат пен достық: поэтикалық толғаныс және өзара қайшылықтары
Көркем әдебиет тілі: поэтикалық, кейіпкер және автор тілінің теориясы мен поэтикалық фигуралары
Өмір мен өлім философиясы: өмірдің мәні, өлім мен өлместік, бақыт пен махаббат, фатализм, қажеттіліктер және уақыт
Аңыз әңгімелер: жанрлық сипат, түрлері және тәрбиелік-танымдық мәні
Бесік жыры: тарихы, түрлері және этнопедагогикалық мәні
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, әдеби сыны және поэтикалық ерекшеліктері
Махаббат пен сүйіспеншіліктің өмірдегі рөлі мен күші
Әлемдік және қазақ әдебиетінде дәстүрдің көріністері: махаббат дастандары мен эпостық мұра
Ахмет Йасауи мен Диуани хикмет: тарихи-әдеби және поэтикалық талдауға арналған сабақ жоспары
Достық пен махаббат: сенім, адалдық және ұлттық-рухани құндылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz