Мемлекет және құқық



Қазақтан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Слайд
Алматы-2011

Мемлекет және құқық.
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты. Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның - мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет - адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді: 1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі - мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз. 2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді. 3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы - шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді. 4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады. Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың - байлар тобының мүддесін қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен: құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері. Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды. Алайда мемлекет жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері бар. Айталық, мемлекеттің осы үш тсатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың барлығы бірдей бастан өткерген жоқ. Марксизм-лининизм капиталистік мемлекеттердің құритындығының және жаңа тұрпатты социалистік мемлекеттің пайда болатындығының тарихи сөзсіздігін теориялық жағынан негіздеуге тырысып бақты. 1917 жылдың қазан айында Ресейде большевиктер партиясының басшылығымен социалистік револиция жасалды. Соның нәтижесінде Кеңестік социалистік дүниеге келип, ол 70 жылдам астам уақыт өиір сүрді.

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: -Малшылық -Жер игеру -Өндірістік -Саудагерлер тобы Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың - қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді. Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар: 1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т. б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды: 1) Ірі су каналдарын жасау; 2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру; 3) Құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.

Мемлекет
Мемлекеттің белгілері
-мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады
-мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т. с. с. ) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады)
-мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады
-мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды
-мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.
Мемлекет - қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт.
Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісінде саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды. Мемлекеттің үш элементі болады: жер аумағы, халқыжәне мемлекет өкіметі.

Мемлекет түрлері
Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлық (латынша: unitas - біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т. б. осы түрге жатады.
Федерация (латынша: foederatio - одақ, бірлестік) - белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады) . Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т. б. жатады.
Мемлекет басқаруы бойынша:
Монархия (грекше: μοναρχία - біртұтас билік) - абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия - мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауыншы дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франсия осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып, басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапон мемлекеттерін айтуға болады.
Республикалық басқару - парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы - премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйенір жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады
Диктатура (латынша: dictare - нұсқау беру) - бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктару мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикадық режімдер жағдайынды ұшыраса береді.

Құқыққа кіріспе
Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі - мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.
Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз - белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет - нормативтік қаулылар, Министрліктер - нориативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т. б. қабылдайды.
Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі - объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т. т.
Құқықтың алғашқы элементі - құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз - мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз - жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.

Құқықтың дамуы
Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері. Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде - Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды. Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді. Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік. Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
Тарихи теория - осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді. Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы - монарх. Психологиялық теория - адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар. Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі “әдет” заңына бағынып келген.

Құқық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz