Микробиология негіздері




Презентация қосу
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
УНИВЕРСИТЕТІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Микробиология негіздері.

Студенттің аты-жөні: Конусова А
Факултет: Жалпы медицина
Курс:2
Топ:2054
Оқытушы: Джусупгалиева М.Х
Жоспары
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім;
2.1. Қоршаған орта факторларының
микробтарға әсері.
2.2.Қоршаған ортада микробтардың
таралуы.
2.3.Қоршаған ортада микробтарды жою.
ІІІ.Қорытынды
Қоршаған орта обьектілерін санитарлык –
микробиологиялық зерттеу.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Микроорганизмдер экологиясы – микроэкология.

Микроорганизмдер экологиясы ( oikos – грек
сөзінен аударғанда – үй, тіршілік ету орны )
микроорганизмдердің бір-бірімен ж әне қорша ған
ортамен арақатынасын зерттейді.
Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада,
өсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда,
тіптен космоста да табылады.
Микроорганизмдер – биоценоздың құрамды
бөлшегі, яғни тіршіліктің біркелкі жа ғдайында ғы
суқойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп
жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер
жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін
микроорганизмдер жиынтығын микробиоценоз дейді.
• Қоршаған ортада микробтардың таралуы.

• Қоршаған ортаның көптеген организмдері
табиғатта заттардың айналым процесіне
қатысады, тіршілігін жойған жануарлар мен
өсімдіктердің қалдықтарын жояды,
топырақтың өнімділігін артырып, биосферада
тепе-теңдікті ұстап тұруға қатысады. Олар
адам организмінде қалыпты микрофлора
ретінде бірқатар пайдалы қызметтер атқарады.
Адам организмінің микрофлорасы.
Адам организмінде қалыпты микрофлорасы
ретінде микроорганизмдердің шамамен 500
түрі мекендейді. Олар бір-бірімен және адам
организмімен тепе-тең жағдайда болады. Бұл
микроорганизмдердің көпшілігі адамға зияны
тимейтін коменсал болып табылады.
Микрофлора адамның қоршаған ортамен
байланысатын қуыстарында жайғасады.
Қалыпты жағдайда өкпеде, жатырда және
басқа да ішкі органдарда микроорганизмдер
болмайды. әртүрлі биотоптардың; тері,
ауыздың шырышты қабығыны, жоғарғы тыныс
жолы, асқорыту және несеп – жыныс жүйесінің
қалыпты микрофлорасын ажыратады.
Адаморганизмінде тұрақты және транзитті
микрофлорасы болады.
Топырақ микрофлорасы.
Топырақта топырақ түзу және
топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне
қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және
т. б. элементтер айналымына қатысатын
әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді.
Топырақта бактериялар,
саңырауқұлақтар, мүктер ( саңырауқұлақ
пен цианобактериа симбиозы ) және
қарапайымдар мекендейді. Топырақтың 1
грамда бактерия саны – 10 млрд.
жасушаға жетеді. Топырақ беткейінде УК
сәулелері, құрғақшылық т.б. фак –
торлардың әсерінен микроорганизмдер
салыстырмалы аз болады.
Микроорганизмдердің көпшілігі 10см
қалыңдықтағы топырақтың жоғары
қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын
микроорганизмдер мөлшері азайып, 3-4
метр тереңдікте мүлдем кездеспейді.
Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және
жағдайына, өсімдік құрамына, температурасына,
ылғалдылығына және т.б. байланысты. Топырақ
микроорганизмдерінің көпшілігі рН-ы бейтарап, салыстырмалы
жоғары ылғалдылықта, 25-45°С температурада даму ға
қабылетті.
Топырақта азотбекіткіш молекулалы азотты сіңіруге
бактериялар тіршілік етеді. Азотбекіткіш цианобактериялар
түрлерін немесе көк – жасыл балдырларды, күріш
алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданады.
Топырақ – Bacillus және Clostriclium туыстастығының спора
түзетін таяқшаларының тіршілік ету ортасы болып табылады.
Патогенді емес бациллалар ( Bac. Megaterium, Bac. Subtilis және
т.б. ), псевдомонадалармен қатар протей және кейбір бактериялар
аммонийфицирлейтін, шіріткіш бактериялар тобын құрап,
органикалық заттардың минералдануына қатысады.
Потогенді таяқшалар түзетін таяқшалар ( күйдіргі, ботулизм,
сіреспе, газды гангрена қоздырғыштары ) ұзақ уақыт
сақталып, кейбіреуі топырақта көбейуге қабылетті.
Су микрофлорасы
Су микрофлорасытопырақтың микробтық құрамы
сияқты,себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен
суға түседі. Суда сол жердің физико-химиялық, жарық
жағдайына, көміртегінің қос тотығы мен органикалық
және минералды заттар болуына бейімделген тиісті
биоценоздар құрылады.
Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар:
таяқша тәрізді (псевдомонада, аэромонада және т.б.) кокк
тәрізді (микрококктар) және ирекше тәрізділер табылады.
Судың органикалық заттармен ластануы, анаэробты және
аэробты бактериялардың, саңырауқұлақтардың
артуымен бірге жүреді. Әсіресе анаэробтар
суқоймалардың түбінде тұнығында көп кездеседі.Су
микрофлорасы микроорганизмдермен өңделген
органикалық қалдықтардан өзін-өзі тазарту процесінде
белсенді рөл атқарады
. Адам мен жануарлардың қалыпты микрофлора
өкілдері ( ішек таяқшасы, цитробактер,
энтеробактер, энтерококк, клостредин ) және
жұқпасының қоздырғыштары(іш сүзегі,
парасүзек, жерше, тырысқақ, лептоспироз,
энтеровирустар) және т.б. ластанған ағынды
сулармен қар, еріген кездегі және жауын-шашын
сулармен өзен, көлдерге түседі. Олай болса су
көптеген жұқпалы аурулар қоздырғышының
берілу факторы болып табылады. Кейбір
қоздырғыштар суда көбейе алады (тырысқақ
вибрионы, легионеллалар). Мұхит және теңіз
сының микрофлорасының құрамында әртүрлі,
жарқырауық және галофильді ( тұз жақсы
көретін) микроорганизмдер болады, галофильді
вибриондар молюскалар мен кейбір балық
түрлерін зақымдайды, оларды тамаққа
қолданғанда тағамдық токсиноинфекция
дамиды. Микроорганизмдер топырақтың жоғары
қабатында болғандықтан, артезиан
скважинасының суында микроорганиздер
болмайды.
Ауа микрофлорасы.
Ауа микрофлорасы топырақ және су
микрофлорасымен өзара байланысты. Адамдар
мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және
тыныс жолдарынанда микроорганизмдер ауаға
түседі. Мұнда кокк тәрізді, таяқша бактериялар,
клостридиялар, актиномицеттер,
саңырауқұлақтар мен вирустар табылады. Күн
сәулесі және басқа факторлар ауа
микрофлорасының жойылуына әкеледі. Үлкен
қалаларда ауада микроорганизмдер мөлшері көп,
ал ауылды жерлерде аз кездеседі. Әсіресе орман,
тау, теңіз ауасында микроорганизмдер өте аз.
Микроорганизмдердің көпшілігі жабық
бөлмелер ауасында болады, ондағы
микроб тығыздығы бөлменің уақтылы
тазаланып жиналуына, жарықтану
деңгейіне, бөлмедегі адамдар санына,
желдету жиілігіне және т.б. байланысты
болады.
Ауадағы микроб тығыздығын азайту
мақсатында бөлменің ылғалды
жиналуын желдетумен және түсетін ауаны
тазалаумен бірге жүргізіледі. Сонымен
бірге аэрозольді дезинфекция және УК
сәулемен бөлмені өңдеу қолданылады.
Тағам өнімдерінің микрофлорасы.
Тағам өнімдерін әртүрлі микроорганизмдермен
ластануы мүмкін. Жануар текті өнімдерде біріншілік
ластану ( өмір сүру барысында ) – жануардың өзінің
микрофлорасымен және екіншілік ластану малды сою,
сиыр сауу, балық аулау, өнімдерді сақтау мен өңдеу
кезінде микроорганизмдер түсу нәтижесінде дамиды.
Тірі кезінде жануардың органдары мен тіндеріні ң
өзінің микрофлорасымен және патогенді
микроорганизмдермен ластануы – сол жануарды ң
жарақат алуы, ауырған немесе қолайсыз жа ғдайда
ұстау,

организмні ң қор ғаныш к үштерін
бұзуға жіне микроорганизмдердің стерильді тіндер мен
органдарға транслокациялануына алып келеді .
• . Нәтжесінде жаңа сойыл,ан ұшасында стафилакокктар,
энтерококктар, ішек таяқшалары, протей, клостридия,
сальмонеллалар және т.б. табылады. Осылай еттің
сальмонеллалар мен клостридиялармен т.б.
басқа бактериялармен ластануы болады, мастит кезінде
сүтке стафилакокктар мен стрептококктар түседі.
• Тағам өнімдерінде микроорганизмдердің екіншілік
таралу жағдайында ластау көзі болып қоршаған орта
объектілері (топырақ, су, транспорт және т.б. ), науқас
адамдар, бактерия тасымалдаушылар болады. Ет және
ет өнімдерін төменгі температурада сақтағанның өзінде,
тіптен мұздатылған етте де психрофильді жағдайда
көбейуге қабылетті микробтар ( псевдомонада, протей,
аспергиллалар, пенициллалар және т.б.)кездеседі. Етте
мекендейтін микробтар еттің шырыштануын ( протей
және т.б.), саңырауқұлақ,

клостридин, протей, псевдомонадалар етте
шіру, ашу процестерінің дамуына себепкер болады.
Микроорганизмдермен ластанған тағам
өнімдері әртүрлі тағамдық
токсикоинфекциялар және уланулар,
сонымен қатар жұқпалы аурулар ( күйдіргі,
сарып, туберкулез және т.б. ) туғызады.
Сальмонелла, шигелла, энтеропатогенді ішек
таяқшасы, протей, стафилакокктың
энтеротоксигенді штамдары, энтерококктар
сияқты микробтардың көбеюіне байланысты
ет тағамдары ауру себебі болуы мүмкін. Сүт
және сүт өнімдері – бруцеллез, туберкулез
және шигеллез қоздырғыштарының берілу
факторы бола алады. Сүт өнімдерінде
сальмонелла, шигелла және стафилакокктар
көбеюі нәтижесінде тағамдық улунулар
дамуы мүмкін.
Өсімдіктекті дәрі-дәрмектік шикізат микрофлорасы,
фитопатогенді микробтар.
Өсімдіктекті дәрілік шикіззаттар өндіру барысында
микроорганизмдермен ластануы мүмкін, су арқылы,
стерильді емес дәріханалық ыдыс арқылы, өндірістік
бөлмелердің ауасы және мғдициналық қызметкер қолы
арқылы. өсімдіктердің қалыпты микрофлорасы және
өсімдіктер аурулурының ауруларының қоздырғыштары –
фитопатогенді микроорганизмдермен ластануы мүмкін.
Фитопатогенді микроорганизмдер – мен өсімдіктердің
көпшілігін зақымдап таралуға қабылетті
Қалыпты жағдайда өсімдіктердің бетінде
дамитын микроорганизмдер эпифиттерге
жатады. Олар өсімдіктерге зияндылық
көрсетпейді, кейбір фитопатогенді
микроорганизмдердің антогонисі болып
табылатын өсімдіктердің әдеттегі
бөлімдері және өсімдік беткейіндегі
органикалық ластанулар есебінен өседі.
Эпифитті микрофлора фитопатогенді
микроорганизмдердің өсімдік тініне енуіне
кедергі жасап өсімдік имунитетін
күшейтеді.
Микроорганизмдер өсімдіктердің
жапырақтары, сабақтарында ғана
емес, тұқымдарында да кездеседі.
өсімдіктердің беткейі мен
тұқымының бұзылуы, онда көп
мөлшерде шаңдар мен
микроорганизмдер жиналуы мүмкін.
Өсімдік микрофлорасының құрамы
өсімдіктің түріне, жасына, топырақ
типі мен қоршаған орта
температурасына байланысты.
Ылғалдылық жоғарылағанда
эпифитті микроорганизмдер саны
өседі, ылғалдылық төмендегенде –
азаяды.
Фитопатогенді микроорганизмдерге: бактериялар,
вирустар, саңырауқұлақ
-тар жатады. Бактерилар қоздыратын ауруларды –
бактериоз деп атайды. Бактериоз қоздырғышыны ң
аасында псевдомонадалар, микобактериялар, эрвинийлер,
коринобактериялар, аргобактериялар және т.б. кездеседі.
Бактериоздарға – шіріткіштің түрлері, тіндер некроздары,
өсімдіктердің солуы, ісік дамуы және т.б.
Бактериоздарды жалпы және жергілікті деп
ажыратады. Жалпы бактериоздар өсімдіктің толық немесе
оның жеке бөлімдерінің өлуін туғызады. Олар
түптамырларында немесе тамырлы жүйесінде көрініс
беруі мүмкін. Жеке бактериоздар өсімдіктің жеке
бөлімдерін зақымдаумен шектеліп, паренхималы тіндерде
көрініс береді.
Фитопатогенді микроорганизмдермен күресу үшін
келесі шаралар жүргізіледі.: төзімді өсімдіктер дамыту,
тұқымды тазалау және өңдеу, топырақты
залалсыздандыру және өңдеу, зақымдалған өсімдіктерді
алып тастау, ауру қоздырғышын тасмалдаушыларды жою.
• Адам организмінің микрофлорасы.
• Адам организмінде қалыпты
микрофлорасы ретінде
микроорганизмдердің шамамен 500 түрі
мекендейді. Олар бір-бірімен және адам
организмімен тепе-тең жағдайда болады.
Бұл микроорганизмдердің көпшілігі адамға
зияны тимейтін коменсал болып табылады.
Микрофлора адамның қоршаған ортамен
байланысатын қуыстарында жайғасады.
Қалыпты жағдайда өкпеде, жатырда және
басқа да ішкі органдарда
микроорганизмдер болмайды. әртүрлі
биотоптардың; тері, ауыздың шырышты
қабығыны, жоғарғы тыныс жолы, асқорыту
және несеп – жыныс жүйесінің қалыпты
микрофлорасын ажыратады.
Адаморганизмінде тұрақты және транзитті
микрофлорасы болады.
Тұрақты микрофлора – организмде тұрақты
болатын микроорганизмдер.
Транзиторлы микрофлора – организмде ұзақ
тіршілік етуге қабылетсіз. Тұрақты
микрофлораны облигатты жіне факультативті
деп бөлуге болады. Облигатты микрофлора
микробиоценоздың негізі болып, ал факултативті
микрофлора – микробиоценоздың аздаған бөлігін
құрайды.
Қалыты адам микрофлорасына мыналар
жатады;
Тері микрофлорасы.
Коньюктива микрофлорасы.
Жоғары тыныс жолының микрофлорасы.
Асқасазан-ішек жолының микрофлорасы.
Ауыз қуысының микрофлорасы.
Асқазан микрофлорасы.
Ащы ішек микрофлорасы.
Тоқ ішек микрофлорасы.
Несен-жыныс жолының микрофлорасы.
Адам организмінің микрофлорасының
маңыздылығы.

Организмнің қалыпты микрофлорасы өзіндік
(экстрокорпральді орган ретінде ), адам өмірінде маңызды рөл
атқарады. Қалыпты микрофлораның қызметі мен маңыздылығы
әрқилы болып келеді;
Организмнің бейспецификалық төзімділік факторы.
Қалыпты микрофлора патогенді және шіріткіш
микрофлораға қарсы антогонистік қасиетке ие, ол сүт
қышқылы, сірке қышқылы, антибиотик, бактериоциндер өндіріп
әсер етеді: аса жоғары биологиялық потенциалы есебінен бөтен
микрофлорамен бәсекелеседі.
Тұз-су алмасуына қатысады, ішектің газдық құрамын, ақуыз
көмірсу, май қышқылдары, холестерин, нуклеин қышқылының
алмасуын реттеуге, сонымен бірге антибиотик, витамин ( К, В
тобы т.б. ) токсин т.б. сияқты биологиялық белсенді
қосылыстарды өндіруге қатысады.
Экзогенді субстраттар мен метаболиттерді
усыздандыру мен қорытуға қатысады, оны бауыр
қызметін салыстыруға болады.
Стероидты гормондар мен өт тұздарының
рециркуляциясына, бауырдан ішекке метоболиттерді
экскрециялау және оған қайтару нәтижесінде
қатысады.
Организмнің әртүрлі органдары мен жүйелері
дамуында морфокинетикалық рол атқарып,
шырышты қабықтардың физиологиялық қабынуы
мен эпителий алмасуына қатысады.
Ішекте канцерогенді заттарды бұзып,
антимутагенді қызмет атқарады. Соған қарамастан
кейбір бактериялар күшті мутагендер өндіруі мүмкін.
Ішек бактерияларының ферменттері жасанды
қанаттаушы цикломатты қуық үшін белсенді
канцерогенге айналдырады.
Биологиялық үлбір құрамына енетін микроорганизм
экзополисахаридтері микроб жасушаларын әртүрлі
физикалық – химиялық әсерлерден қорғайды. Ішектің
шырышты қабығы биологиялық үлбір астында
орналасады деп есептеледі.
Иммунитетті құруға және демеуге маңызды. Ішекте
1,5 кг микроорганизмдер бар, олардың антигендері
иммундық жүйені ынталандырады. Иммуногенездің
жасанды бейспецикалық ынталандырушы –
мураминдипептит, ол ішіктегі лизоцим және литикалық
ферменттер әсерінен бактериялар пептидоглканынан
түзіледі. Нәтижесінде ішек тіні лимфоциттермен
макрофактармен қанығады, яғни ішек қалыпты жағдайда
созылмалы қабыну жағдайында болады.
Микроорганизмдер жоқ ортада өсірілген жануар
гнотобионттар, әдеттегі жануарлардан лимфоидты тіні
әлсіз дамумен ерекшеленеді. Әсіресе жұқа пластинка
propria ерекшелінеді. Гнотобионттардың ішек тіні
лимфоциттермен макрофагтармен әлсіз қаныққан ,
нәтижесінде бұндай жануарлар жұқпаға төзімсіз келеді.
Қоршаған орта факторларының микробтарға
әсері.
Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық
факторлары микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді.
Физикалық; Температура, сәуле, қысым
Химиялық: дезинфекцияда қолданылатын заттар хлор, йод
және бромы бар қосылыстар мен тотықтырғыштар жатады.
Биологиялық; метабиоз, мутуализм, комменсализм, сателлизм.
Қолданылған
әдебиеттер;
Жалпы микробиология. Алматы – 2006.
• Борисов Л. Б. Медицинская
микробиология, вирусология,
иммунология. 2002 ж.
• Микробиология. Под ред. И. Л. Дикого.
2004 ж.
• Коротяев А. И. Бабичев С. А. Медицинская
микробиология, иммунология,
вирусология. 2002 ж.

Ұқсас жұмыстар
Микробты паратизм эволюциясы және патогенді микроорганизмдердің шығу тегі
Микроорганизмдерді жасанды жағдайда өсіру
Микробиологияның негіздері
Бактериялардың топтарға жіктелуі
Саңырауқұлақты инфекциялар
Зертханаларда қолданылатын биологиялық қауіпсіздіктің негіздері
Анасы мен ұрығында антиденелердің жиналуына байланысты нәресте иммунитетіне иммуноглобулиндер кластарының ролі
Қышқылға төзімді бактерия
Микробты паразитизм эволюциясы және патогенді микроорганизмдердің шығу тегі
Бактериялардың клеткалық циклы және бөлінуі
Пәндер