Микроэкология негіздері




Презентация қосу
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
УНИВЕРСИТЕТІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Гистология,цитология,эмбриология кафедрасы

Микроэкология негіздері.

Студенттің аты-жөні: Алимбек.Н
Факултет: Жалпы медицина
Курс:2
Топ:08-0 37
Оқытушы: Жаңбырбаева.А

Алматы 2009-2010 оқу жылы
Жоспары
І.Кіріспе
 
ІІ.Негізгі бөлім
1.Гистология ұғымының пайда болуы.
2.Алғашқы микроскопиялық зерттеулер.
3.Гистология ғылымының қалыптасуы.
4.Елімізде жүргізілген зерттеулер.
 
ІІІ.Қорытынды.
 
Жалпы гистологияның дамуын үлкен екі кезеңге
бөлеміз,олар:

1.Микроскопқа дейінгі кезең.
2.Микроскоп кезеңі.
Ағылшын математигі, физигі және механигі Роберт Гук 1665
жылы озі қүрастырган микроскоппен өсімдіктердің кұрылысын
зерттеп «ұяшықтардан» тұратынын бай каган. Осы
«ұяшықтарды» Р. Гук араның балауыздан түзілетін
ұяшықтарына ұқсатып «ұяшык.» немесе «клетка» деп атаған
(гректің «китос» — қуыс дсгсн созі). Қазіргі кезде клетканы
иненің жасуына теңеп «жасуша» деп атау ешбір сын
көтермейді. Массасы 2000 г. түйеқұстың (страустың)
жүмырткасы да — клетка.
Гистология жануарлар организмдері
ұлпаларының (тканьдарының)
құрылысын, қызметін және дамуын
зерттейтін ғылым ретінде биологиялық
білім беру жүйесінде ерекше орын
алады. Ұлпалардың құрылысын,
қызметін және дамуын білу барлық
органдардың, органдар жүйесінің, тұтас
организмнің тіршілік әрекетін дұрыс
түсіну үшін қажет.
Жаңа зеттеу әдістерін гистологияда
қолдану қазіргі гистологияда гистохимия
және гистофизиология бағыттарының пайда
болуына әкелді. Гистохимия клеткалар мен
олардың құрылысында химиялық заттардың
таралуын, ал гистофизиология ұлпалардың
және олардың компоненттерінің тіршілік
әрекеттерінің механизмдері мен биохимиялық
және физиологиялық функцияларын
зерттейді. Гистология анатомиямен,
цитология, эмбриология, физиология,
генетика, биохимия, молекулалық
биологиямен тығыз байланысты.
 
 
«Гистология» деген атауды ең алғаш
неміс ғалымыК.Майер 1819 ж.
ұсынған.

Гистология (грекше histos – ұлпа, logos – ілім,
ғылым) органдардың, ұлпалардың
клеткалардың дамуын, микроскопиялық және
ультрамикроскопиялық құрылысын, тіршілік
әрекетін зерттейтін ғылым.
Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы
ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда
болған.Организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы
пайымдамалар Аристотельдің, Галенның, Авиценнаның
(Абу Али–ль–Хасан ибн Абдаллах ибн Синаның),
Везалийдің, Фалопийдың тағы басқалардың еңбектерінде
кездеседі. Аристотель өзінің «Жануарлар бөліктері туралы»
деген трактатында организмде, кейін ұлпа деп аталған,
біртекті бөліктер мен біртекті емес бөліктерді немесе
органдарды ажыратқан.

Гистология саласының дамуындагы жаңа
доуір микроскоптьтң Інығуына байланысты.
Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге
дсйіи пакты емес, од туралы эр түрді
дсрсктер бар. Бірақ микроскопты жа-сап
шыгарула кезіддірік өндірісінің осері болғаны
күмәнсіз. Көзілдірік алгаш рст 1285 жыды
Италияда Іпыккан. Кейбір аңыздарда
алғашқы микроскопты голландиялык
оптиктер Яисендер 1590 жылы жасап
шыгарған делінеді. А такты Галилей де 1612
жылы микроскопты құрастырған екен деген
мәлімет те бар.
Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскоппен өсімдіктердің
кұрылысын зерттеп, өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінің,
құрамында «көпіршіктердің» болатынын анықтаған.
Сонымен Гуктың, Мальпигидің, Грюдің зерттеулерінен
кейін өсімдіктер ұлпалары клеткадан тұратыны
анықталған. Екі жүзден астам микроскоптың түрлерін
жасап шығарған Гуктың дарынды замандасы Антони ван
Левенгук жануарлар клеткаларында — бірклеткалы
жәндіктерді, эритроциттерді, сперматозоидтарды бірінші
болып көргсн. Бактерияларды да көріп суретін салған.
Микроскоп қүрылысының жабайы болуына байланысты
ХҮПІ ғасырдың галымдары микроскопқа көп көңіл
бөлмеген. Осыған байланысты өткен ғасырдағы
мәліметтерге елеулі жаңалықтар қосылмаған.
Зерттеушілер клетканы байқау әдісімен зерттеи көрген
фактілерін жинап түсініктеме берумен шектелген. ХҮІІ
жәнеХҮНТға-сырларда осімдік клеткасының кабықшасы
ғана белгілі болған.
Цитология мен гистологияның дамуындағы жаңа
кезең (ХҮІП соңы, XIX ғасырдың басы) микроскоптың
жақсартылуы және микроскопиялық зерттеу әдістсрі
мен техииканың онан әрі жетілуіне байланысты
болған. Осы кезеңде практикаға микроскоптың
көрсету кабілетін арттыратын окулярлар мен
иммерсиялық объективтер енген. Сонымен бірге
белгілі фиксациялаушы сұйыктар мен (спирт, мышьяк
ерітіндісі) бірге фиксатор ретінде формалин, осмий
мен хром қышқылдары ұсынылған. Я. Пуркиньенің
шәкірті А. Ошац клеткалар мен ұлпалардың нәзік
құрылысын зертгеуге мүмкіншілік беретін микротом
деп аталған кұралды жасап, гистология тәжірибесіне
енуі микроскопиялық зерттеудің жедел дамуына
жағдай жасады.
XIX ғасырдың алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада
ядроны (1825)байқаған.Осыдан кейін клетканың қалган
құрылымын, тірі субстанциясын атау үшін Я. Пуркинье
протаплазма (1830-1840) деген терминді енгізген. Ядроны
қоршаушы протаплазманы цитоплазма деп атаған. 1838
және 1839 жылдары немістің екі ғалымы, ботаник М.
Шлейден мен зоолог Т. ШпанІІ көптеген деректі
материалдарға сүйеніп, клеткалық теорияны
қалыптастырған. Клеткалық теория барлық тірі
табиғаттың біртұтас екенін көрсетті.
• . Микроскоппен зерттеу әдістері мен микроскопиялық
техниканың жетілуі XIX ғасырдың екінші жартысында
клеткалар мен ұлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге
мүмкіншілік берді. 1876 жылы клетка орталығы, 1894 жылы
митохондриялар, I898 жылы Гольджи кешені ашылды. Осы
органеллалардың ашылуы цитоплазмада клетканың
тіршілігі мен кызметіне байланысты маңызды процестердің
жүретінін көрсетті. Электрондық микроскопты колдану
клетканың кұрылысы жөніндегі қалыптасқан түсініктерді
өзгертіп қана қойған жоқ, соны-мен бірге оның тіршілік
әрекетінің көптеген процестерінің өзгеруін де жаңадан
түсінуге мүмкіншілік берді. Электрондык микроскопия
әдісімен эндоплазмалық тор, рибосомалар,
микрофиламенттер, хромасомалардың
микрофибриллалары, микротүтікшелер және синапстык
көпіршіктер, лизосомалар, микроденешіктср және басқа да
кұрылымдар ашылды. Ядро, ядрошық. митохондриялар,
Гольджи кешені, клеткалық орталық, плазмалық және ядро
қабықшалары сияқты ертеден мәлім болған құрылымдар
электрондық микроскопиялық әдіспен зерттеліп олардың
ультрақұрылыстары анықталды .
Ұлпалар туралы ілімнің негізін салған франциялық анатом
Франсуа-Ксавье Биша деп есептеледі. Биша органдар түрлі
органдарға ортақ ұлпалардан тұрады деп санап органдар
құрылысының теориясын қалыптастырған. Биша адам
организмі 21 ұлпадан тұрады деп санаған; олардың
әрқайсысының құрылыс ерекшеліктерін баяндап жазған.
Ұлпалар санының мұншама көп болуы Бишаның зерттеуді
мацерация әдісімен жүргізуінің нәтижесі. Кейін ұлпалар
санының анағұрлым аз екені анықталды

XIX ғасырдың ортасынан бастап гистологияның жедел даму
кезеңі басталған.Клеткалық теорияның негізінде түрлі
органдар мен ұлпалардың құрамы мен олардың гистогенезі
зерттелген. Осы кезде Еуропада Келликср (1852) мен
Лейдигтің (1857) алғашқы гистология оқулықтары жарық
көрген. Осы аталған авторлар жоғарғы сатыдағы жануарлар
мен адамның ұлпаларын төрт типке бөлген: дәнекерлеуші
заттардың ұлпалары (дәнекер ұлпасы, шеміршек пен сүйек),
«клеткалық» ұлпа (эпителий мен бсздік эпителий), бұлшық ет
пен нерв ұлпалары.
\Шет елдсрде гистологияның өркендеуіне орай, бұл сала Ресейде
де дами бастады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап,
Санкт-Петербург (1864), Мәскеу (1866), Харьков (1867), Қазан
(1871), Томск (1883) университеттерінде және Санкт-
Петербургтың дәрігерлік-хирургиялық академиясында (1869)
гистология кафедралары ашылды. Осы кафедралардың
алғашқы меңгерушілері Л. И. Бабухин, Ф. В. Опсянников, Н. М.
Якубович, Ф. Н. Заварыкин, К. Д. Арнш-тейн, П. И. Перемежко,
Н. Л. Хржонщевский болған еді. І869жылдан бастап Мәскеу
университетінің гистология кафедрасын А. И. Бабухин (1835-
1891) басқарды. Оның шеткі нерв талшықтарының нәзік
құрылымын анықтаған, балықтардың электр органдарының
гистофизиологиясын, көз бұршағын және иіс-сезім органын
зерттеуге арналған еңбектері осы күнге дейін маңызын жойған
жоқ. А. И. Бабухин өзінің гистофизиологиялық бағытын онан
әрі жалғастырған көптеген шәкірттер (И. Ф. Огнев, Л. А.
Колосои, Н. А. Арсеньев) тәрбиеледі.
Қазан гистологгар мектебін ашқан К. А. Арнштейн
(1840-1919). Оның негізгі еңбектері шеткі нерв
ұлпаларын зерттеуге арналған. Қазан
нейрогистологтар мектебіне жатындар: А. С. Догель, А.
Е. Смирнов Д. А. Тимофеев, Б. А. Лаврентьев, А. Н.
Миславский тағы басқа көрнекті ғалымдар.
Санкт-Петербург университетінде гистология
кафедрасын 1864 жылдан бастап академик Ф.В.
Овсянников (1826-1906) басқарды. Ол
морфологиядағы гистофизиологиялық бағыттың
негізін салушылардың бірі болды. Ф. В. Овсянников әр
түрлі жануарлардың нерв жүйесі мен сезім мүшелерін
зерттеген.
А. С. Догель (1852-1922) Томск, кейіннен Санкт-
Петербург гистологтар мектебін ашқан ғалым. Ол өз
енбектерінің көпшілігін вегетативтік нерв жүйесі мен
сезім мүшелеріне арнаған. А. С. Догельдің
шәкірттерінің бірі - академик А. А. Заварзин (1886-
1945) болды.
• Санкт-Петербург гистологтар мектебінің
негізін қалаушылардың бірі М.Д.
Лавдовский (1847-1903) қуыктың ганглия
клеткаларына, нерв талшықтарының
регенерациясы мен дегенерациясы
жөніндегі енбектерімен әйгілі. Ол Ресейдегі
салыстырмалы гистология мен микрофи
зиология саласында да танымал.
Орыс гистология ғылымының негізін садушылард ың бірі —
орталық нерв жүйесінің нәзік кұрылысын зерттеумен есімі
танылған Н. М. Якубович (1817-1879). Киев университетіні ң
гистология, эмбриология және салыстырмалы анатомия
кафедрасын үйымдастырған П. И. Перемежко (1823-1863).
Оның негізгі еңбектері клетканың бөлінуіне арналған.
Кеңес өкіметінің гистология мектебі цитологияның,
гистологияның онан әрі дамуына үлкен үлес қосты (Д. А.
Тимофеев, А. Н. Миславский, А. А. Заварзнн, Б. И.
Лаврентьев, Н. Г. Хлопин, А. В. Румянцев және т.
б.). Б. И. Лаврентьев пен А. А. Заварзин нерв жүйесінің
салыстырмалы морфологиясын, А. В. Немилов пен А. В.
Румянцев ішкі секреция мүшелерінің құрылысын, Н. Г.
Хлопин ұлпалардың кұрылысы мен дамуын, Г. Н.
Хрущев лейкоциттер жүйелерінің салыстырмалы
гистологиясын зерттеуде үлкен табыстарға жетті. А. А.
Заварзин ұлпалар эволюциясының негізгі заң-дылықтарын
анықтаған. А. А. Заварзин ашқан ұлпалар дамуының
зандылыктары параллель қатарлар заңы деп аталады. Бұл
заң ұлпалар эволюциясының организмдер эволюциясынан
сапалық айырмасы бар екенін көрсетті. Филогенездегі
ұлпалардың дамуы А. А. Заварзин ашқан ұлпалық
құрылымдардың параллелизм заңына сәйкес жүреді.
Эволюциялық гистологиянын, дамуына үлкен үлес қоска н
Н. Г. Хлопин. Өзінің зерттеулерімен ол тарихи ж әне жеке
даму процесінде ұлпалар дамуы дивергентті (белгі лердің
ажырауы) жүретінін көрсетті.
Гистология пәні теориялық пән болғанмен,
оның практикалық маңызы да
ерекше.Гистологияның мәліметтері ағзадағы
түрлі патологиялық процестерді білу үшін
қажет. Мысалы, органдардың дағдылы
жағдайдағы құрылысы мен қызмет
ерекшеліктерін білместен олардағы
патологиялық өзгерістерді көріп түсінуге
болмайды.
Сонымен, гистология органдардың,
ұлпалардың және оларды түзуші клеткалық
және клеткалық құрылысы жоқ элементтердің
құрылысы мен дамуын дұрыс түсінуге жалпы
биологиялық және тарихи негіз болып
саналады.
Қазақстан Республикасындағы гистологиялық зерттеулер.

Казақстан ғалымдары да: академиктер Б. А.
Домбровский, Ф. Мухамедгалиев, Т.
Масенов, А. Мурзамедиев, профессорлар И. Чагиров,
Ф. Халилов, М. X. Нұрышев т. б. гистология мен
цитологияның дамуына белгілі дәрежеде өздерінің
үлестерін қосты.
Қолданылған
әдебиеттер;
• . Нұрышев М. «Гистология және
эмбриология негіздері».
Алматы–2007
•  
• Аяпова Ж.О. «Гистология». Алматы–2005.
•  
• www.Google.kz.

• 4) Цитология и общая гистология.
В.Л.Быков

Ұқсас жұмыстар
Микробты паратизм эволюциясы және патогенді микроорганизмдердің шығу тегі
Микробты паразитизм эволюциясы және патогенді микроорганизмдердің шығу тегі
Микроэкология негіздері туралы
Микробиология негіздері
Экогенетика және фармакогентика негіздері
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным
Компьютерлік білім
Қаржы құқығының негіздері
Тіл дамыту әдістемесінің курсы
Пәндер