Оңтүстік Корея




Презентация қосу
Орындаған:
Бурлыбекова А
Тексерген: Аманбаев Н
Орналасқан жері-
Шығыс Азиядағы
Корей түбегінде
орналасқан.
Астанасы-Сеул
Жер көлемі-98,5 мың
кл 2
Халқы-46,1
Ресми тілі-корей тілі
Әкімшілік бөлінісі- 9
провинция
Ұлттық ақшасы- юан
Археологиялық зерттеулерге қарағанда
Корея жерін полеолит заманынан бастап
адамдар қоныстана бастаған. Б.з.б. 1-
мыңжылдықта алғашқы мемлекеттер
құрыла бастады. Олардың ішінде Чосон
мемлекеті б.з.б. 2 — 1 ғ-ларда аса күшті
мемлекетке айналды. Б.з. басында Кочуре
(солт-те), Пэкче (оңт.-батыста), Силла (оңт.-
шығыста) атты мемлекеттер құрылды. 4 —
6 ғ-ларда елге будда діні тарай бастады.
Силла, Пэкче, Кочуре мемлекеттері өзара
соғысып отырды. Осыны пайдаланған
Қытайдағы Таң әулеті мемлекеті Кочуре
мен Пэкчені басып алды.
Бірақ Силла мемлекеті 676 ж. қытайларға
тойтарыс беріп, 8 ғ-да Кореяның көпшілік
жерлерін біріктірген біртұтас мемлекет
құрды. 9 ғ-да Силла ыдырап, 935 ж. Коре
мемлекетінің (елдің қазіргі еуропаша
атауы осы Коре атауынан шыққан) негізін
қалаушы Ван Гон елді қайта біріктірді.
Жаңа мемлекет қидандардың шабуылына
(993, 1010 — 11, 1018 — 19) төтеп беріп,
елдің тұтастығын сақтап қалды.
Шаруашылық өркендеп, сауда мен
қолөнер дамыды, металл ақша пайда
болды.
1231 — 59 ж. Коре мемлекеті Шыңғыс хан
империясының қол астына өтіп, 14 ғ-дың
орта тұсында ғана тәуелділіктен
құтылды. 1352 — 62 ж. Қытай
әскерлерінің шабуылын тойтарып, Чосон
атауын (ежелгі Чосон мемлекеті
құрметіне) қайтып алды. Астана Кэчен қ-
нан Хансонға (Сеул) көшірілді. 16 ғ-дың
аяғында елге жапондар, 17 ғ-да
маньчжурлар басып кірді. Корей халқы
1592 — 98 ж. жапон басқыншыларынан
елді қорғап қалғанымен, маньчжур
шапқыншылығына төтеп бере алмады.
1637 ж. К. билеушісі маньчжур әулетіне
бағынды. Дегенмен 17 — 18 ғ-ларда ел
әлеум.-экон. жағынан біршама ілгері
басты. Ірі қалалар көбейіп, сауда
орталықтары құрылды. 18 ғ-дың аяқ
кезінен бері экономикада нарықтық
қатынастар пайда болды. 19 ғ-дың 2-
жартысынан бастап дамыған елдер
Кореяға күш көрсете бастады. 1876 ж.
Жапония Кореяны тиімсіз Канхва
шартына қол қоюға мәжбүр етті.
Осындай шарттар 1882 ж. АҚШ, 1893 ж.
Ұлыбритания, Германия, 1894 ж. Ресей,
Франция мемлекеттерімен де жасалды.
1893 — 94 ж. елде болған халық
толқуларын басуды сылтауратып,
Кореяда Қытай мен Жапония әскерлері
өздері таласқа түсті де, соның
салдарынан жапон-қытай соғысы (1894
— 95) болып өтті. Қытай Кореядан
кетуге мәжбүр болды. 1904 — 05
жылдардағы болған орыс-жапон
соғысынан кейін Жапония елге
біржолата орнықты, 1910 жылдан
бастап Корея отарға айналды. Чосон
мемлекеті жойылды. 1919 — 45 ж. елде
жұмысшы-шаруа және оқушы
жастардың отаршыларға қарсы
ұйымдары құрылды.
2-дүниежүз. соғыста Жапония
жеңілгеннен кейін, 1945 жылғы Ялта
(Қырым) ендікте екі бөлініп,
солтүстік конференциясы шешімдеріне
сәйкес, Корея 38 КСРО-ның, оңтүстік —
АҚШ-тың бақылауына өтті. Соғыстан
кейінгі жылдары КСРО мен АҚШ
арасындағы “қырғи-қабақ соғысқа”
байланысты ел жасанды түрде екіге
бөлінді. 15 тамызда (1948 ж.) Сеулде
ресми түрде Корея Республикасы, ал 9
қыркүйекте Пхеньянда Корей Халық
Демократиялық Республикасы құрылды
(қ. Корей Халық Демократиялық
Республикасы).
Екі ел арасында 1949 ж. қарулы
қақтығыстар, 1950 — 53 ж. корей соғысы
болып өтті. 1953 ж. 27 шілдеде соғыс еш
нәтижесіз аяқталып, шекарада ені 4 км
созылатын демилитаризацияланған
аймақ пайда болды. 1987 жылға дейін К-
да әскери төңкерістер (1961, 1979)
болып, билік басында әскерилер отырды
Екі ел арасында 1949 ж. қарулы
қақтығыстар, 1950 — 53 ж. корей соғысы
болып өтті. 1953 ж. 27 шілдеде соғыс еш
нәтижесіз аяқталып, шекарада ені 4 км
созылатын демилитаризацияланған
аймақ пайда болды. 1987 жылға дейін К-
да әскери төңкерістер (1961, 1979)
болып, билік басында әскерилер отырды
Дегенмен 20 ғ-дың 60 — 80-жылдары
елде экономика қарқынды дамып, Корея
кеме жасау мен электронды бұйымдар
жасаудан жетекші орынға шықты. 1987
ж. демокр. қозғалыстардың қысымымен
елде либералдық реформалар жасалды,
президент сайлауы өткізілді. 1988 ж.
Сеулде 24-інші Олимпиада ойындары
өтті. 1998 ж. тұңғыш рет оппозиция
үкімет басына келді.

Ұқсас жұмыстар
Корея Республикасының түпкілікті, əрі негізгі халқы - корейлер
Оңтүстік Корея инновациясы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТ
ОҢТҮСТІК КОРЕЙ РЕСПУБЛИКАСЫ
Азиядағы мемлекет
Корей тілі
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ТУРАЛЫ
Солтүстік Кореяның тарихы
Вьетнам соғысы
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ АҚША- НЕСИЕЛІК РЕТТЕУІ
Пәндер