Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері


Slide 1

Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері

Slide 2

Қоғамды ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:

білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;

өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.

Slide 3

Бағыт беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

методологиясын жетілдірумен стратегиялық мазмұнын таңдау;

әдістерімен формаларын ұйымдастыру;

қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;

оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;

педагог мамандардың инттелектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;

өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;

информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;

тестілік, диагностикалық бақылау әдістерімен білім деңгейін бағалау.

Slide 4

Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекомуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:

ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;

жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік информациялық кеңістікте интеграциялау;

біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;

білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.

Slide 5

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша педагог мамандардың біліктілігін арттыратын курстарды ұйымдастыру кезеңдері

Slide 6

Педагог мамандардың құзырлық қалыптастыру деңгейлерi

Бейiмделген

Пәндiк

Аналитикалық бақылау

Ынталық/психологиялық

Ұйымдастырушылық

Жобалық

Коммуникативтiк

Ғылыми-iзденiстiк

Slide 7

Негiзгi ұғымдар

Мемлекеттiк ақпараттық саясат - ақпараттық қоғам жағдайында түрлi қызмет салаларын ақпараттандыру және бiртұтас әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енудi қалыптастыруға бағытталған құжаттардың мемлекеттiк органдарда бекiтiлiп, жүзеге асыру механизмдерiн реттеу.

Бiлiм берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрибелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану процесi.

Ақпараттық кеңiстiк - белгiлi бiр ереже мен қағидаға негiзделiп ақпараттық субъектiлердiң өзара әрекетiн және ақпараттық тұтынушылардың қызметiн толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн ақпараттық ресурстар мен жүйелер және телекоммуникациялық жүйелер мен желiлердiң жиынтығы.

Гипермәтiн - басқа мәтiндермен байланысты жүзеге асыру мәтiнi.

Slide 8

Ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелердегi жекелеген құжаттардың немесе құжаттар жиынтығы (кiтапханалардағы, архивтердегi, деректер қорындағы және басқа да ақпараттық жүйелердегi) .

Ақпараттық жүйе - ақпараттық процестердi жүзеге асыратын ақпараттық технологиядағы реттелген құжаттар мен бiрнеше құжаттар жиынтығы.

Ақпараттық процестер - ақпаратты жинау, өңдеу, алу, сақтау, iздеу және тарату процестерi.

Ақпараттық орта - ақпараттық процестермен қарым-қатынас кезiнде пайда болатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердiң жиынтығы.

Ақпараттық процестер субъектiсi - ақпараттық ресурстар иегерi және меншiгi ретiнде ақпараттық процестерге қатысушы жеке және заңды тұлғалар, ақпаратты қолданушылар, басқарудың инфрақұрылымына қатысушылар.

Ақпараттық процестер объектiсi - ақпараттық ресурстар мен жүйелер, технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары.

WWW (World Wide Web) - гипермәтiн құрылғысы көмегiмен мультимедиялық құрылғыларға өту мүмкiндiгi мен iздеу навигациялар жүйесi.


Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
Жалпы білім беретін мектепте нақты сандар ұғымын қалыптастырудың әдістемесі мен дидактикалық шарттары
Білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктері
Интерактивті тақтаның оқыту үдерісіндегі дидактикалық мүмкіндіктері мен жұмыс режимдері
Медициналық ақпараттық технологиялар: мүмкіндіктері мен даму болашағы
Медициналық ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері мен даму перспективалары
Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Google қызметтерінің мүмкіндіктері
Оқу процесінде АКТ пен цифрлық білім ресурстарын қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері мен педагогикалық талаптары
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың кәсіби негіздері
Кешенді медициналық ақпараттық жүйе (КМИС): құрылымы, функциялары және интеграция мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz