Сана туралы анықтамасына тоқталып, сонымен қатар жалпы түсінік беріп және өзіндік сана туралы мұғлұматтар жинау


Slide 1 Slide 2

МАҚСАТЫ

Сана туралы анықтамасына тоқталып, сонымен қатар жалпы түсінік беріп және өзіндік сана туралы мұғлұматтар жинау.

Slide 3

КІРІСПЕ

Сана - бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Slide 4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ САНА - ПСИХИКА ДАМУЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ САТЫСЫ

Сана - адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиет. Ол ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі. Ф. Энгелъстің анықтауынша, адам жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші факторлар - дыбысты тіл мен еңбек.

Дүниетану теориясының даму жолдарын В. И. Ленин «Философиялық дәптерлерінде» баланың есеюі, жануарлардың жетілуі, тілдің даму тарихы («мұны айырықша ескеру керек» дейді де) бұл салалар бойынша психология мен сезім мүшелерінің физиологиясын қоса зерттеу қажет деген міндеттерді қосу белгісімен арнайы атап көрсетеді. Сондай- ақ, ол еңбегінде бұл салалардың бүкіл білім саласын қамтып, оның таным теориясы мен дижалетикалық қалыптасуына негіз болатындығын жазған.

Slide 5

«Сана дегеніміз, - деп жазды К. Маркс, - ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады». Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бір - бірімен тығыз байланысты. Жеке адам санасының мазмұнына қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Идеялық мазмұны жағынан жеке адамның санасы қоғамдық санасының көрінісі болып табылады. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс бейнелейді. Экономикалық қатынастардың өзгеруіне ілессе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінік ғылымда детерминистік принцип деп атайды. Детерминизм тек сана құбылыстарының пайда болуы, даму жолдарын ғана түсіндірмейді, табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі обьективті себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйретеді. Себептілік дүниенің заттары мен құбылыстарының өзара байланыстарының шексіз тізбегін, жан - жақты өзара әрекетін сипаттайды.

Slide 6 Slide 7

Өзіндік сана - сезім

Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Өзіндік сана сезім - сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.

Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Бірте- бірте ол өзін, өзінің органдары мен тұтас денесін қоршаған ортаны бөле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүниемен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейде (өз органдарының қалыпты жайы мен қимыл- қозғалысын сезіну ) өтеді. «Баланың өзін өзі аңғаруынан кейін деп жазады И. М. Сеченов, - есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қарауға, оны талдауға және сыртқымен қатар қоя қарауға - бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зертеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана сезім туады. » Күрделі психикалық құбылыстарды, әсіресе өзбасының қасиеттерін танып - білу іс - әрекет және қарым қатынас процестерінде өтеді.

Slide 8

Қарым - қатынас процесінде адамдар бірін - бірі біліп, біріне - бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауларынан көрініс танытатын болады. Өзін - өзі тану өзіндік сана сезімнің қалыптасуында маңызды ролъ атқарады. Өзін - өзі тану - адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі. Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.

Іс-әрекеті мен мінез - құлқын талдау арқылы адамның өзін - өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс - әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы өз мінез - құлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып біледі. Жанама танымда өзін - өзі зерттеп жүрген жеке адамға айналасындағылардың өзі жайындағы көзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуге көмектеседі.

Slide 9

Өз басының қасиетіне берген өз бағаң мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен дұрыс шығу - шықпауын, өзін - өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді. Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым - қатынаста болу өз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан - жақты салыстыруға, танып білуге көмектеседі.

Тікелей өзін - өзі тану, өзін - өзі байқау формасында көрінеді. Қабылдау, елестету, ойлану, және мазасыздану процестерінде адам белгілі бір сәтке зейінін психикалық іс- әрекетінен жеке басының жағдайына аударады және оны бағалайды. Өзін - өзі бақылау осыған негізделген. Адам өзін - өзі байқауы үшін байсалды, қалыпты жағдай неғұрлым қолайлы болуы керек. Психикалық іс - әрекеттің сабырлылығы немесе оның шамадан тыс ширақ атуы өзін - өзі тануы мен өзін - өзі байқаудың мүмкіндігін кемітеді. Өзін - өзі байқау неғұрлым толық және әрі айқын болуына жеткізетін шекара табалдырықтар деген болады.


Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
Моральдық сана және оның құрылымы
Сананың бұзылысы
Теориялық сана
Өзіндік сана
Сана және тіл
Тәрбие үдерісінің мәні
Саяси сана. Мәдениет және өркениет
ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ
ПСИХИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz