Жұлдыздың пайда болуы және олардың эволюциясы




Презентация қосу
Жұлдыздың пайда болуы және олардың эволюциясы
жөнінде жұлдыз эволюциясы туралы теория жасауға
қажетті бақылау нәтижесінің дәледері жеткілікті.
Өкінішке орай жұлдыздың планеталық жүйесі, оның
пайда болуы және эволюциясы жөнінде
жоғарыдағыдай сеніммен айта алмаймыз. ХVІ ғасырда
Джордано Бруноның ұйғарымы бойынша жұлдыздар
Күн сияқты планеталар тобымен қоршалған, ол
планеталар үздіксіз пайда болады, өмір сүреді және
өледі. Біз тікелей Күн жүйесіндегі планеталрды ғана
зерттей аламыз. Бірақ бақылау жұмыстары бас
жүйедегі жас жұлдыөдардың көбінің маңында шаң –
тозаңнан тұратын бұлттардың бар екенін көрсетіп отыр.
Соңғы он жылда жұлдыздар маңынан 100 – ден астам
планеталар жүйесі ашылды.
Планеталар жүйесін спектроскопиялық әдіспен іздеудің де
болашағы зор. 1983 жылы Вега жұлдызы (қапшықтағы 26
жарық жылы) 60 мкм – лік инфрақызыл диапазонда 10 есе
артық, ал 100 мкм – де 20 есе артық энергия шығаратыны
белгілі болады. Бұл 10 000 К температурада шығарылатын
энергиядан әлдеқайда артық. Температурасы 88 К болатын
сәуле шығару көзінің радиусы шамамен Күн жүйесінің
радиусына тең. Бұл аумақ 300 Жер массасына тең зат
бөлшектерінен тұрады. Веганың айналасында планета
жүйесінің қалыптасып жатуы әбден мүмкін. Салқын
денелерден тұратын осындай дөңгелектер басқа да кейбір
жұлдыздардан табылды.
Жер планетасы. Меркурий мен Шолпаннан кейінгі тұрған
біздің көгілдір планета Жер. Онымен география пәнін
оқығанда толық таныстыңдар. Біздің планетадағы
гидросфера өте сирек кездесетін жағдай. Ол жер бетінің
70% - нан астамын алып тұр. Ешбір планетада су сұйық
күйінде кездеспейді. Жердің гидросферасы жылуды
сақтайды, Жер бетіндегі температураны (планетадағы
температура - 89 градустан + 58 градусқа дейін), тірі
организмдерге қолайлы жағдай туғызады. Жер
атмосферасы негізінен азот және оттегінен тұрып,
планета бетінен 2000 км биіктікке дейін созылып жатыр.
Планетаның атмосферасы төрт қабаттан тұрады:
тропосфера, стратосфера, ионосфера және экзосфера
(ашық ғарышқа жақын қабат).
Марс планетасы. “Қызыл жұлдыз” планетасы Жерден
әлдеқайда кіші. Ол, бір жағынан, Меркурий мен
Айдың арасындағы, екінші жағынан, Жер мен
Шолпанның арасындағы аралық планета тәрізді,
оның атмосферасының тығыздығы Жер
атмосферасының тығыздығынан 150 есе аз. Марстың
атмосферасы Шолпандағы тәрізді, негізінен
көмірқышқыл газынан тұрады. Планетаның беткі
температурасы – 120 градустан + 15 градусқа дейін
өзгереді. Планетаның беткі қабатында темір
тотығының өте көп болуынан ол қызыл болып
көрінеді. Қызыл жұлдызда әлсіз магнит өрісі бар
(Жердегіден 800 есе аз), магнит өрістерінің осі
планетаның айналу өсімен 15 – 20 градус көлбеу
құрайды. Полярлығы Жер полярлығына кері.
Марстың екі серігі бар. Олар
өлшемдері шағын, шамамен
20 км болатын

Фобос және Деймос.

Ұқсас жұмыстар
ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ТІРШІЛІГІ ЖӘНЕ СӨНУІ
Аспан денелері
Ноосфераның пайда болуы мен дамуы
1-модуль. Галактика модельдерін түзу. Галактиканың спиралдық құрылымы
Жердің ішкі құрылымы
Жұлдызды жұлдыз бұлт
Уақытты өлшеу. Эфехерис уақыты
Мутацияның молекулалық механизімі
Өсімдіктер эволюциясының кезеңдері
Бағдарламалау және бағдарлама
Пәндер