Сөйлеу энергетикасы: теориялық ізденістер
Презентация қосу
Қазақ мемлекеттік қыздар
педогогикалық университеті
Сөйлеу энергетикасы:
теориялық ізденістер
Құсман Дәмелі
Филология факультеті, 2-курс, 204-топ
Жетекшісі: Бақытжан Хасанұлы
Халықаралық ақпараттандыру академиясының
академигі,ф.ғ.докторы, профессор
Энергетика сөзіне анықтама
Энергетика сөзінің халықаралық термин мағынасы
Орысша – Қазақша сөздікте анықталған:
энергетика – энергияның әр алуан түрлерін өндіру,
пайдалану, түрлендіру, тасымалдау мәселелерін
зерттейтін ғылым. Дәл осы сөздікте «энергия» сөзі
қуат, жігерлік, қайраттылық ретінде түсіндірілсе,
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «қуат» сөзінің
баламалары ретінде – күш, жігер, қайрат, әл,
дәрмен, пәрмен, қарқын мағыналары көрсетілген.
Сөйлеу энергетикасы – сөздің
жігерлігінің, қуаттылығының,
қайраттылығының, пәрменділігінің,
қарқындылығының, дәрменділігінің
әр алуан түрлерін өндіру, пайдалану,
түрлендіру, тасымалдау мәселелерін
зерттейтін ғылым саласы
Сөз қуатын зерттеу барысында энергетиканы
басқаруда тарихи тұрғыдан 0-ден 20-ға дейінгі
аралықтағы шкалаға қарастырылады:
0- бұл тыныш, тұңғиық қалып;
6-7 – еліктіру сеансы, еліктірушінің даусының әсер етуі;
9-10 – оқытушының бірқалыпты (монотонды) ырғақпен
айтылған дәрістен іш пысуы;
12-17 – Шешеннің жұмыс атқаратын бабына келуі,
негізгі баяндама оқу кезінде, ғылыми жаңалықтарын
қорғау кезінде қолдану ұсынылады;
19-20 - бұл әдіс оратордың аузы көпіргенше өзінің
ұрандарын айғайлап, дабыл салып айтуы.
Сөйлеу энергетикасын Сергей Шипуновтың
жіктеуіне сүйене отырып үш сатыға бөліп
қарастырғанды жөн көрдік:
Біреуді сендіру немесе қызығушылығын ояту
барысында жоғарғы деңгейдегі энергетиканы
қолдану өте пайдалы. Сондай – ақ эмоцияны
сезіндіру, сезім мен жалынды қарсылық білдірумен
қатар, аудиторияны шулы күйден алып шығу үшін
қолайлы құрал болып табылады. Өмірлерінен
өткен оқиғаны немесе әзіл әңгіме айту барысында
жоғарғы энергетиканы пайдаланған тиімді. Бұл
энергетиканы пайдалану барысында: тыңдаушыға
жақындық пен қарап айту, дауыстың
қаттылығы, сезімталдық, дауыс ырғағы,
көпжақтылық сияқты факторлар да әсер етеді.
Дәрісханамен логикалық және
ақпараттық арақатынас кезінде орташа
деңгейдегі энергетиканы пайдалану
оңтайлы. Белгілі ақпаратты түсіндіру
барысында сан арқылы, логикалық жағын
нақты дәлелдеу мен ойландыруға күш
жұмсалған жөн.
Бесік жыры, ертегі айтқанда, әлбетте,
тиімдісі төмен деңгейдегі энергетика.
Төмен деңгейдегі энергетика дәрісхананы
тыныштық, босаңқы күйге түсіреді де,
тыңдаушылардың жан дүниесін, ішкі
сырын білу кезінде тиімді құрал болып
табылады.
Көптеген ғалымдар тілді тек қана қатынас құралы
ретінде қарастырады. Тіл тек қатынас құралы емес,
оның, атап айтқанда, қызмет, іс-әрекет екенін дәлелдеу.
Бұл ретте сөйлеу энергетикасы көмекке келер еді.
Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ, неміс ғалымы
Вильгельм фон Гумбольдт «Тіл әрекет жемісі
емес(Ergon),іс-әрекет(Energeia)»деп атап көрсетті.
Орысша былай деген: «Язык есть не продукт деятельности
(Ergon), а деятельность(Energeia)...». Қазіргі тіл теориясы
маманы Юрий Анатольевич Левицкийдің сөзі «тілдің өмір
сүру тәсілі – үздіксіз іс-әрекет» дегенге саяды. Орысшасы:
«Способ существования языка – неперерывная
деятельность». Олай болса, Energeia сөзінен шыққан
деятельность сөзінің мағынасы - қызмет, іс-әрекет екенін
айта келе, тілді қызмет ретінде пайымдау керек екенін
қадап айтқан абзал.
В.ф.Гумбольдттың «Язык развивается только в обществе,
и человек понимает себя только тогда, когда на опыте
убедится,что его слова понятные так же и другим людям»
деген сөзі бар.Макс Мюллер былай дейді: «Язык
существует в человеке: он живет, если им говорят, умирает
с каждым словом, которое произнесено и не слышится» Бұл
екі анықтамаларынан тілдің қоғамда ғана
дамитындығын, адам сөйлесе, сол тіл тірі, ал өзінің сөзін
өзге адамға жеткізе алмаса, сөзі естілмесе тілдің
жойылатындығын көреміз. Ал сөйлеу барысында сөзін
жеткізу, екінші адамға өткізу кезінде сөйлеу
энергетикасының атқарар қызметі аса зор.Жоғарыда
айтып кеткендей, сөйлеу энергетикасы - тыңдаушыға әсер
ететін, адам назарын өзіне баурап алатын бірден-бір құрал
болса, тілдің әрі қарай қызмет етуіне, өмір сүруіне тікелей
әсер ететіндігіне қарсылық білдірудің реті болмас, сірә.
Поляк саяхатшысы Адольф Янушкевич қазақ билері сөзінің қуат,
құдіретіне табына жазған. Мысалы, ол 1846 жылғы 22 мамыр
күні былай деп жазды: «Пробудились все интересы и страсти.
Каждую минуту выступали новые ораторы, и некоторые из этих
степных демосферов захватывали меня своей выразительностью
и полной энергии речью. Старшина Токумбай и сам Байсеке
сгибались бы под тяжестью лавров, если бы жили в древней
Греции или Риме». Міне, сөйлеу энергиясы деп атап айтқанын
көресіздер. Осы ретте А.Янушкевич Тобықты руының биі
Құнанбай жөнінде былай дейді: «Сын простого киргиза,
одаренный природой здравым рассудком, удивительной памятью и
даром речи, дальный, заботливый о благе своих соплеменников,
большой знаток степного права и предписаний алкорана,
прекрасно знающий все российские уставы, касающиеся киргизов,
судья не подкупной чесности и примерный мусульманин, плебей
Кунанбай стяжал себе славу пророка, к которому из самых
дальных аулов спешат за советом молодые и старые, бедные и
богатые»
Қазақ сөз құдіретін бағалай білген. Мысалы атадан
мирас болып қалған «Қаһарлы сөз – қамал бұзар»,
«Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады»,
«Тіл - тас жарар, тас жармаса бас жарар»,
«Айтылған сөз – атылған оқпен тең» деген
мақалдар тілдің қарым - қатынас құралы ғана емес,
сонымен қоса қызмет, іс-әрекет екендігін
пайымдайды, сол іс-әрекетке, қызметке бірден-бір
әсер ететін құрал сөздің қуаттылығы, қаһарлығы,
пәрменділігі, жігерлілігі, күштілігі,
қарқындылығы. Ендеше, тілді қызмет ретінде
пайымдаудың жөні басқа, бұл ретте сөйлеу
энергетикасының қызметін зерттеу шарт.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz