СПИД-тен қорғана білейік
Презентация қосу
СПИД-тен
қорғана
білейік
Сабақтың мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған
қатерлі СПИД – дертінің алдын алу,
оның жұғу жолдарын, одан сақтана,
қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ
болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа , елжандылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ
жауап,әңгімелесу,пікір
алысу,ой тастау
Көрнекілік: нақыл
сөздер, тақырыпқа байланысты
суреттер, интерактивті тақта
Соңғы жылдар жер шары халықтарының
назары ХХ ғасырдың обасы аталған
СПИД /иммунитет жетіспеушілік
синдромы/ дертіне аууда. Қазіргі кезде
ондаған мың адамдардың өмірін жойған
осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр
жердің түкпір-түкпірінде күн сайын
хабар бермей отырған бірде-бір газет,
журнал, теледидар немесе радио
торабы жоқ. Сондықтан осы аурудың
алғашқы және негізгі белгілер, одан
сақтану жолдары, аурудың алдын алу
және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.
Кейбір Африка ғалымдары СПИД АҚШ-тан
тарады,бұл сырқатпен алғаш ауырған адам
1981 жылы сонда анықталды деп
пайымдайды.Алайда мамандардың көбі СПИД-
тің отаны ОРталық Африка дегенге саяды.Олар
Африканың қалың ормандарында тұратын
тайпаларда бұл ауру бұрыннан белгілі болуы
мүмкін,бертін келе халықтың әрлі-берлі жүріп
тұруына байланысты тараған болуы ықтимал
деп тұжырымдайды.Осы арада айта кетерлік
жайт ,СПИД-тің екі қоздырушы вирусы
болады.1983 жылы Парижде Пастер
институтындағы зертханада СПИД-ті туғызатын
вирусты Люк Монтанье деген ғалым тапты.Ол
тапқан вирусын ВИЧ (вирус иммунодефицита
человека) деп атады.Бес жылда бұл вирус кең
таралады.Қазір бүкіл Дүниежүзілік Денсаулық
сақтау ұйымының мәліметі бойынша ,оны
жұқтырған адамның саны 5 миллионан 10
миллионға жетті.
СПИД вирусы адам ағзасында
қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның
лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп,
клетканың генетикалық аппаратына
жабысып тез көбейе бастайды. Осының
әсерінен клетка жарылып өледі. Одан
шыққан вирустар жаңа клеткаларға
жабылып, өткен процестерді
қайталайды. Лимфоцит клеткаларының
осылай өле беруі салдарынан күндердің
– күнінде ағзасында иммунитет
жетіспеушілік пайда болады.
Бұл жасырын кезең ондаған жылға
созылуы мүмкін. Айрықша еске
салатын жай, осы жасырын кезең
кезінде адам өзін аурумын деп
есептемейді. Бірақ, ол өзімен
қатынастағы адамдарға жұқпалы
аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата
береді.
Вирустың сыртқы орта
жағдайына төзімділігі қандай?
Сырқы ортаның физикалық және
химиялық әсеріне вирус өте
төзімсіз.Мысалы,СПИД-вирусы бар
нәрсені 4-5 минут қайнатса,немесе 56-
60(сельси градус) төңірегінде 30-40
минут қыздырса болғаны-вирустар тез
өліп қалады.Спирт (70 градус),3%
хлоромин ерітіндісі, 4% сутегі асқын
тотығы және басқа да медицина
саласында күнделікті қолданып жүрген
дезинфекциялық дәрілер СПИД вирусын
тез құртып жібереді
СПИД - тің жұғу жолдары:
Қан арқылы
Жыныс жолдарымен
Тікелей жұғу
Қан арқылы қалай жұғады?
Осындай қанды немесе оның
препараттарын дәрі ретінде сау адамға
құйғанда жұғады.Әсіресе қан ауруымен
ауырған адамдарға өте қауіпті.
Нашақорлар арасында шприцті және
инені дұрыс тазаламай қайтадан
қолданғанда жұғады.
Сонымен қатар, шприцтерді,инелерді
дұрыстап тазалап, жуып және жұқпалы
аурулардың қоздырғыштарын өлтіретін
тәсілдерін нақты қолдану жағдайларын
бұзса,СПИД-вирусы емханада да жұғады.
Жыныстық қарым-қатынас
арқылы вирус қалай жұғады?
Қорғану тәсілдерін қолданбай
жыныстық қарым-қатынаста
болған кезде (ерден
әйелге,әйелден ерге,ерден ерге)
СПИД-вирусының тікелей жұғу
жолы дегеніміз не?
Егер дене бойында СПИД-вирусы
бар әйел жүкті болса,сол кезде
немесе босанған кезде вирус
балаға жұғады.
Қандай жағдайда СПИД
жұқпайды?
Спид вирусы әдеттегі тұрмыс жағдайында
жұқпайды: қол алып
амандасқанда,құшақтасып бет сүйген кезде,үй
жабдықтары,кітаптар арқылы, ыдыс-аяқ, тағам
азықтары, сусындар,үй есіктерінінің және түрлі
транспорттардың ішіндегі тұтқалар арқылы
вирус тарамайды.Маса,қандала және бүргелер
адамды шаққан кезде де вирус жұқпайды.Дене
бойында СПИД вирусы бар адаммен бір
ыдыстан тамақ ішкен кезде,бассейнге бірге
суға түссе де,бір дәретхананы пайдаланса да,
тіпті бір төсекте жатып ұйықтап тұрған кезде
де СПИД вирусы жұқпайды.
СПИД ауруының белгілері
қандай?
Вирус адамға жұққаннан кейін СПИД
ауруының жасырын кезеңі бастлады.Ол
кезең бірнеше айдан 6-7 жылға дейін
созылуы мүмкін.Мысалы, адам ұзақ
ұақыт бойы себепсіз делсал болады,
оқтын-оқтын дене қызуы көтеріліп басы
ауырады,іші өтеді.Егер желкедегі,
қолтықтағы,бұғана үстіндегі бездер
үлкейсе,ол аурудың өте бір күдікті
белгілері болып саналады.
Жасырын кезеңнің аяғында вирустың
көбейіп, иммунитет қабілетіне зақым
келтіруіне байланысты,адам түрлі-түрлі
аурулаға шалдыға бастайды.Мысалы,
өкпе қабынуы,туберкулез, мейлінше ұсақ
саңырауқұлақтардан болатын көптеген
аурулар.Сонымен қатар, ісік ауруының да
біраз түрлері көріне бастайды.
СПИД вирусы орталық ми жүйесіне әсерін
тигізіп,есалаңдылыққа шалдықтырады.
СПИД-ке қарсы қолданылатын
дәрі-дәрімек бар ма?
СПИД вирусының ең басты қабілеті-ол өз
құбылысын тез өзгертіп
тұрады.Сондықтан оған қарсы тиімді
вакцина жасау және ауруды
дәлелдейтін тәсілдерді нақты қолдану
өте қиын.Ал, дәрі-дәрімекке келсек,
қазіргі кезде олардың біраз түрлері
бар.мысалы, азидотимидин немесе
ретровир.Азидотимидин вирустың дене
бойында көбеюін тоқтатады.Бірақ ол
дәрілердің бәрі де тек аурудың дамуын
бәсеңдетеді,бір жолата жазып шығуға
күштері жетпейді.
Қазақстанда СПИД-пен күресу
қалай ұйымдастырылған?
Соңғы екі жылдың ішінде
Республикамызда СПИД-ке қарсы күресу
жұмысын атқаратын арнайы қызмет
жүйесі ұйымдастырылды.Оның
құрамында СПИД-тен сақтау
комитеті,республикалық,облыстық,қалал
ық СПИД орталықтары,аурудың дагнозын
тағайындайтын лабараториялар бар.Осы
қызмет жүесінің күнделікті жұмысын
басқарып отыратын Республикалық
СПИД-тен сақтау комитеті.
Бұл комитетің ең басты мақсаты-
СПИД вирусын жұқтырған адамды
табуды,оны тексеруді және
емдеуді
жоспарлап,ұйымдастыру.Жоғарыд
а айтылған СПИД орталықтары
ұйымдастырушы,тәсілдеуші және
емдеуші мекемелер ретінде
жұмыстарын атқарады.
Қазіргі кезде республикамызда СПИД-
тен қорғану жұмысын атқаратын 18-
орталық және 64-лабараториялар бар.
Олардың жұмыс бағыттары мынандай:
1. Вируспен кездесуіне мүмкіндігі бар
адам топтарын тексеріп,вирус жұққан
адамдарды тауып отыру.
2. Аурудың ошағын көлемдеп,дәрігерлік
бақылауға алып,вирустың әрі қарай
таралуына мүмкіндік бермеу
жұмыстарын ұйымдастыру.
СПИД-тен қалай қорғануға
болады?
Бүкіл дүнние жүзіндегі СПИД-тен
ауырғандарды зерттеп,және осы
ауруға қарсы күресуші ғалымдар
мен мамандардың айтуы бойынша
СПИД-тен қорғанудың бір-ақ жолы
бар.Ол – білім.СПИД-тің қандай
қауіті ауру екендігін,оның қандай
жолдармен жұғып тарайтынын
әрбір адам нақты біліп,терең
түсінуі керек.
Қорыта айтқанда, тәртіпті өмір
сүріп, бірлігі берік болса,арақ-
шарап, нашалардан алыс
болса,кездейсоқ жақындасудан
бас тартса,әрбір адам өзін-өзі
СПИД-тен қорғай алады.Сонымен
қатар,республикамызда халқымыз
арасында СПИД ауруының
тарамауына қарсы күресуге өз
үлесін қосады.
Өзіміз өмір сүріп отырған уақытта жиі кездесеті
жағдайлардың бірі осылай болған еді.Бір жас
келіншек құлағын тестіруге арнайы құлақ
тестіретін автоматқа барып құлағын
тестіреді.Біраз ұақыт өткен соң өзінің
денсаулығындағы өзгерістерді байқап
тексерілуге барады.Ол өзінің қатерлі ауруды
жұқтырғанын біліп жасырын ұстайды.Бір күні
тісі ауырып тісін жұлдырту керек
болады.Ауруын жасырғысы келіп мемлекеттік
емханалардан қашып жеке меншік ашылған
ешқандай анализ өткізбей ,тексерусіз тісін
жұлдыртады.Жас келіншек келесі құрбан кім
екенін білуге есік алдында аз ойланады.Ол тісін
қолымен басқан 15-16 жасар бүлдіршін қызды
көріп көз жасын төгіп жүгіре жөнеледі.Аяусыз
тағырға,даусыз дертке кім кінәлі?
Нұржанның оқиғасы
Жастық шақтың желігімен жүріп есірткіге тап
болған ,аяғында СПИД ауруын жұқтырған 16
жасар бала өмірінен үзінді.
16 жасар Нұржан атты бала әкесі мен
шешесінің арқасында еш нәрседен
тарықпаған.Кештетіп ерігіп отырған Нұржанды
ақшасы барын білетін досы кешкі клубқа
шақырады.Сол кеште Нұжан есірткінің дәмін
татты.Ол есірткіге тез үйренді.Ақша жетпейтін
болды.Нұржан өзі ақша тапқысы
келіп,жолдасынан көмек сұрады.Ол мейрамханаға
күтуші болып жұмысқа тұратын болды.Ол үшін
санитарлық кітапша керектігі ескертілді.Нұржан
әлі СПИД ауруын жұқтырғанын білмеді,анализдің
қортындысын естігенде есінен танып қалды.Бір
апта ешкіммен сөйлескісі келмей жатып алды.Енді
не істеу керек?
СПИД орталығына тіркелді де,ешкімге
қасақана таратпаймын деген қолхат берді.Өз
жолдастарына керексіз бола бастады.
Журналист:Нұржан, сәлеметсің бе? Саған
сұрағым бар еді.Нұржан,қатерлі дертпен
ауыратыныңды ата-анаңа бірден айттың ба?
Нұржан: Ата-анама бірден айта алмадым,кейін
айттым,олардың қандай жағдайда болғанын
саған мен айтып жеткізе алмаймын.Мен ауруды
біреулерге жұқтырғаннан,қиналып
өлуден,адамдардың мені сынауынан
қорқамын.Қиналып өлгеннен гөрі уланып өлген
жеңіл деп ойлаймын.
Журналист:Нұржан,бұл ауруды қалай,кімнен
жұқтырғаныңды білесің бе?
Нұржан:Жоқ,қалай,кімнен,қашан
жұқтырғанымды білмеймін.Өйткені, бір күнде бір
инемен 6-7 адамға дейін пайдаланған кезге дейін
болды.Сондықтанда жауап бере алмаймын.
Журналист:Осы сұхпатымыздың соңында
жастарға не айтар едің?
Нұржан: Менің қашан өлетінім белгісіз,ол жазаны
сатып алған да өзіммін,тек мен жіберген қатені
мен сияқты жастар қайталамаса екен
деймін,өйткені мен өмір сүргім келеді.
СПИД – дегеніміз не?
СПИД ауруы неліктен
қорқынышты?
СПИД вирусының жұғу
жолдары?
Қандай жағдайларда СПИД
жұқпайды?
СПИД ауруының белгілері
қандай?
СПИД – тен қорғану жолдары?
Ауырған адаммен қарым-қатынас
қалай болуы керек?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz