Топырақты ластаушы көздер


Slide 1 Slide 2

Топырақты едәуір ластаушы көздер -мал шаруашылығы комплекстері. Көбнесе көң дұрыс сақталмаған жағдайда топырақты ластайды. Мысалы, 100 мың бас өсіретін шошқа комплекісі немесе 35 мың бас ірі қара өсіретін комплекстің қоршаған ортаны ластау дәрежесі 400-500мың халқы бар үлкен өндірстік орталықпен бірдей дәрежеде болады.

Slide 3

Топырақтың миграциясы-ластаушы заттардың орын алмастырып жылжыуы, бұл ластаушы заттардың бір табиғи ортадан екіншісіне тасмалдануы.

Ластаушы заттардың атмосферадан су бетіне шөгуі.

Ластаушы заттардың атмосферадан топыраққа шөгуі.

Ластаушы заттардың судан топыраққа тасмалдануы.

Ластаушы заттардың топырақтан атмосфераға тасмалдануы.

Ластаушы заттардың қар ерігенде, жаңбырларда шайылуы.

Ластаушы заттардың тізбектер бойынша жылжуы: топырақ -өсімдік-адам, топырақ-өсімдік-жануарлар-адам, топырақ-балық-адам.

Slide 4 Slide 5

Литосфера(гірекше «lithos» - тас, «sphair» -шар) - жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30- 80км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.

Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизімдер мен жануарлар арасындағы айналымы - кіші немесе биологиялық айналымды туғызады.

Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүие деп қарастыруға болады.

Slide 6

Сонымен қатар көп жағдайда жанар жағар майларды сақтау мен тасмалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде топырақтығ биологиялық белсенділігін нашарлатады.

Сонымен қатар минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, не егістіктердің жиегіне ашық тастауға болмайды.

Мұнай өндіру және барлау жұмыстары топырақтың түрлі жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нәтежесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардыңтүзілуіне әкеп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар топырақтың тұздануына себеп болады.

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

Топырақ биосфераның басқа элементтерімен үздіксіз алмасып отыратын, олармен тығыз байланысты және биосфераның кеибір элементтеріне өзі де әсер ете алатын өте күрделі ашық система. Топырақ үнемі климат пен ауа райы компоненттері, флора мен фауна, әсіресе соңғы кезде түрлі антропогендік зиянды әсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процестер көбейіп, өздігінен тазару қабілеті нашарлап, құнарлылығы кемуде.

Топырақты қорғау мен бақылау обьектісі ретінде қоршаған ортаның басқа обьектілермен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен жер бетілік суларға қарағанда әлде қайда қозғалссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазару қасиеті жоқ. Топыраққа түскен антропогендік ластауыштар онда жинақталып, көбейе береді.

Slide 11

Топырақтың деградациалануының негізгі факторлары: эрозия, минералдық тыңайтқыштар, мен пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану, т. с. с.

Табиғатты қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық іс әрекеті қоршаған ортаның, соның ішінде топырақтың да ластануына әкеп соғады. Нәтежесінде топырақ өндірістік, құрылыстардың қалдықтарымен, жылу электр станцияларының күлімен, пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндіру кезіндегі жердің бетіне шығарылып тасталған жыныстар тау тау болып үйілген, мұнай өнімдері жиналған, т. б. «индустриялық далалар» пайда болады.

Slide 12

Күнделікті өмірде құнарлы деп белгілі бір мәдени өсімдіктер үшін қолайлы топырақты атайды. Шынында құнарсыз топырақ болмайды, себебі құнарлылық топырақтың ажырамас қасиеті.

Кез-келген топырақ, онда жақты өсетін өсімдіктер үшін құнарлы боп табылады. Мысалы, құнарсыз екені айқын сортаң жерлерде кейбір сортаң шөптер жақсы өседі, олар басқа жерде өсе алмайды.

Сұр топырақты жерлер мақта өсуіне қолайлы, бірақ картоп үшін құнарсыз т. б.

Slide 13

Республиканың мәнді экологиялық проблемасы әлі күнге дейін шөлейттену болып отыр. Шөлейттену және азып-тозу үдерістеріне республика аумағының әртүрлі-деңгейде 70% жерлері ұшыраған, бұл көбінесе елдің табиғи ерекшелігімен шартталған. Ел жайылымының 188, 9 млн. гектарында азып-тозудың ең шеткі дәрежесі 26, 6 млн. га байқалады. Аудандардың қысқаруымен, улы өсімдіктермен ластанумен, бұталанумен айқындалған барынша көп азып-тозуға ауылдық елді мекендер маңайындағы жайылымдар мен шөп шабындықтар ұшыраған. Суармалы жерлердің тұздануы тұйық бассейндердегі сазды шөлдер ауданының өсуіне және суармалы жерлердің қайталама тұздануына әкеледі. Тұзданған топырақтың үлесі барлық суармалы егістік көлемінің 31, 3% құрайды. Жалпы республика бойынша жер сапасы нашарлауының: қара шірінді болуының, биогендік элементтердің, өсімдіктердің түрлік құрамының, биологиялық өнімділіктің төмендеуі орнықты үрдісі байқалады.

Slide 14

Топырақтың маңызы


Ұқсас жұмыстар
Ластаушы заттар мен токсиканттар
Алматы қаласының экологиясы
Қазақстан қалаларының экологиясы
Топырақ. Топырақ ластануы
Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙІ, ТАБИҒАТ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ АУА БАССЕЙНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЛАСТАУШЫ ЗАТТАР КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЫЛ МАУСЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРУІ
Топырақты өндіру препараттарын алу технологиясын пайдалана отырып бизнес план құру
Түркістан қаласы топырағының ластану дәрежесіне момнторинг жүргізу
Суды тазарту әдістері мен ластанудан қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz