Ес туралы жалпы түсініктер


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім Және Ғылым Министрлігі Семей Қаласының Шәкәрім Атындағы Мемлекеттік Университеті

Орындаған:Нұрланова . Б. Н

Тобы: ПХ-415

Тексерген:Едигенова. А. Ж

Slide 2

ЕС

-

Күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте Қалдыру, қайта жаңғырту, тану, үмыту секілді процестерден түрады. Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің барінің ес процесінсіз болуы мүкін емес. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналумен қатар, техникалық ғылымдар саласыңда да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған - есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер.

Slide 3 Slide 4

Адам өзінің өмірде қөріп-естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мең сезімдерін, әрқилы іе-әрекеттерін, ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады. Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс Зейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытына байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғаңдар еске түседі. Есті бұл күйі қайта жаңғырту делінеді. Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін - бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жадғыртады.

Ес туралы ілімдегі оның материалистік және идеалистік көзқарастар арасындағы талас-тартыстың, екінші жағы идеалиетік бағытты құрды. Алайда, бұл бағытта ее жөніндегі теориялық көзқарастар мен ой-пікірлерді кемелдендіріп, бір ізге түсіре алмады.

Slide 5

Әрбір адамның есінің өзіндік ерекшеліктері болады. Естің даралық ерекшеліктері оның күшінен байқалады. Кейбір адамдар күшті есімен ерекшеленсе, ал енді біреулеріне әлсіз ес тән. Ес сапасында белгілі дара ерекшеліктері аңғарылады. Жеке тұлғаның іс-әрекетін сипаттайтын естің даралық ерекшеліктері жеке тұлғаның қасиеттері болып табылады. Адамдар әр түрлі материалды әр түрлі тәсілдермен есте қалдырады. Біреулер суреттерді, адамдарды, заттарды, түстерді, дыбыстарды ерекше жақсы есте қалдырады. Бұлар көрнекілік - бейнелік түрдегі естің өкілдері болып табылады. Екінші бір адамдар ойларды, сөздік ережелер, ми ұғымдары, формулаларды және т. б. есте жақсы қалдыруға бейім тұрады. Олар сөздік-логикалық түрдегі естің өкілдеріне жатады. Үшінші топтағы адамдар көрнекілік-бейнелік және сөздік-логикалық естерді бірдей жақсы ұстайды.

Slide 6

Олардан басқа, есте қалдыру және қайта жаңғырту үрдісінде негізгі анализаторлардың қатысу дәрежесіне байланысты естің типтерін ажыратады. Осы тұрғыдан естің төмендегі түрлерін бөледі: көру, есту, қозғалыс және аралас естер (көру-есту, көру-қозғалыс және есту-қозғалыс) . Бір топтағы адамдар көрген заттар мен құбылыстарды есінде берік қалдырады, екінші топтағылар - естігенін ұмытпайды, үшіншілер - қозғалыс түйсіктерінің көмегімен, төртіншілері - аралас естің тәсілімен жақсы есте қалдырады.

Slide 7

Істің шындығына келсек, соңғы жылдарда жарыққа шығып бой көтерген материалистік көзкарастар ес жайында елеулі бетбүрые жасап, оның дамуына қатысты ілімді өріс-тетуге өзіндік бағдар тудырды деуге болады. Бергсонның орнын биологтар, лабораторияларда зертгеу жүргізуші мамандар және емдеу орындарында қызмет атқарып, ғылыми жұмыспен шұғылданатын зертгеушілер толықтыра түсті. Бұл мамавдарды ес жайында диуалистік көзқарас пен Бергеонның тәжірибе нәтижелері толық қанағаттандырмады. Олардың жасаған тәжірибелері мен шығарған қорытындьшары арасындағы айырмашьшықтар біріне-бірі үйлесім таппай, бұл зерттеуші мамандардын ашу-ызасын тудырады. Естің екі түрін біріктіріп біртұтас процесс деп қарастыру қажет деген пікірлер көтерілді. Сөйтіп, біріне-бірі қайшы екі жақты біріктіріп, ес туралы бірыңғай көзқарас пайда болғанымен, ондай көзқарас материалистік философия принцинтерінен алшақ жатты. Ес жайында жаңаша көзқарас жасап белгілі болған ілім А. Семонның мнеме (ес) туралы пікірлері еді. Бұл пікірлер бойынша ес адамдар мен хайуанаттарға, өсімдіктер дениесіне де тән қасиет деп саналды.

Slide 8

Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстардыүйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің ассоциативті теориясы. Бұл теорияның мәні:дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты «топталған не тізбектелген» қалыпта жүреді. Осы процесске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғартудың физиологиялық негізі-уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірізаттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесін, яғни жанасу ассоциациясы, олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассциациясы, үшішісі-қарама қарсылықа негізделген контрстық ассоциациясы, төртіншісі-себеп салдарлы қатынастардан туындайтын каузальдық ассоциация. Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар:Аристотель, Д. Джеймс, Спенсер, И. М. Сеченов,, И. П. Павлов.

Slide 9

Бір нәрсені еске сақтау - оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация50 деп атайды, Егер бүрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ ардың арасында байланыс пайда болады. Кейін объектінің біреуін елестетсек миымызда оның қалған бөлегін тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель (б. э. д. 384-322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттін, қалған түрлерін (ойлау, қиял, ерік т. б. ) түсіндіруге принципті қолданбады. ғылымда тұңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатындырын көрсеткен үлы орыс ғалымы И. П. Павлов болды. И. П. Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын қүбылыс ми қабығында екі процесінің қабаттасып келуі не байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндірді. үлы галым бүл туралы былай деп жазды "Уақытша жүйкелік байланыс жануарлар дүниесінде де, біздің өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық қүбылыс.

Slide 10

Естің жекелеген түрлері есте сақтайтын материалды қабылдауды іске асыратын анализаторлардын көмегімен ерекшеленеді. Шәкірттерді бақылай отырып, мынаны көруге болады, олардың ішінде біреулері оқу материалын есте іштей оқып отырып, ерекше берік қалдырады, екіншілері дауысын шығарып оқиды, үшіншілері есте қалдыру үшін жазып алады. Шәкірттердің арасында кеңінен тараған естің түрі - аралас ес (көру - қозғалыс және есту - қозғалыс) . ес өте сирек. Мектеп шәкірттерінде шамамен оны 3 пайыз аңғаруға боладТаза кездесетін ы.

Естің даралық айырмашылығы адам іс-әрекетінің сипатына байланысты. Мұғалім оқушылардың есінің даралық ерекшеліктерін білуі қажет: ол балаға, бір жағынан, шәкірттің есінің күшті жақтарына арқа сүйеуге мүмкіншілік береді, екінші жағынан, естің әлсіз жақтарын дамытуға жағдай жасайды. Шәкірттердің ішінде материалды тез есте қалдыратын, бір-екі оқығанда өлеңдерді жаттап алуға бейім тұратын шәкірттер жиі кездеседі. Ондай шәкірттерге есте қалдыру үшін оқулықты бір қарағанда немесе мұғалімнің түсіндіруін зейін қойып тыңдап алса да жеткілікті.

Slide 11

Ассоциациативті психологиялық теория

Гештальттеория ретінде

Естің теориялары

Психоталдау

Естің биохимиялық теориясы

Ақпараттық-кибернетикалық

Нейроңдық теориясы.

Бихевиоризм

Slide 12

Сонымен қатар, ол түрлі әрекеттерден қүрылса да немесе әріп, сөз, әлде ойдан қүрылса да психикалық қүбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды. Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгілі үш түрі бар. Олар: іргелестік, щсастық және қарама-қарсылық ассоциациялар. Бүл ассоциациялар жөнінде И. П. Павлов былай дейді: "Шартты байланыс. . . бүл, сірө, біздің бір мезгілдік ассоциация дейтініміз болса керек. Шартты байланыстардың генерализациясы үқсастық ассоциациясы дегенге сфйкес келеді. Шартты рефлекстің (ассоциациясылық) анализі мен синтезі, сайып келгенде, ой өрекетінің негізгі процестерімен мәні бірдей норсе"

Slide 13

Кезінде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың табиғатын былайша түсінуге болады: 1) Іргелестік ассоциациясы бойынша бір зат жөніндегі елес өзімен бірге оған қатысы бар екінші затты қоса туғызады. Мәселен, Кремль үғымы Қызыл алаң үғымын, көктем туралы үғым шоп туралы үғымды туғызуы мүмкін. 2) Үқсастық ассоциациясынан нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне үқсас образдарды еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа қандай болса да үқсастығы бар екінші затты елестетеді. (Мәселен, толқынның шуы адамдардың самбырлаған сөзін, жапырақтың сыбдыры адамның жайлап сөйлеуін т. б. ) . 3) Қарама-қарсылық ассоциациясында бір зат туралы елес оған қарама-қарсы екінші затты не қүбылысты еске түсіреді. (Ақ пен қара, биік пен аласа, айқай-шу мен тым-тырыс т. б. ) .

Slide 14

Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жоймаған, XVII ғасырда пайда болған. Ассоциативті психологиялық теорияболды. Бұл теория негізінен Англияда кеңінен тарады. Оның негізіне ассоциациятуралы ұғым жатады. Ассоциация - жекелеген психикалық үрдістердің арасындағы байланыс, сонымен қатар қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың арасындағы байланысы айтылады. Бұл теория бойынша ес қыска мерзімді және ұзақ мерзімді өте күрделі жүйе ретінде түсіндірілді. Ассоциялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық ассоциациясы, көршілестік ассоциациясы, қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы, адамның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есіне жататын уақыт пен кеңістікке жақындық ассоциациясы.

Осы теорияның арқасында естің қызмет істеуі мен амалының көптеген заңдылықтары ашылып және зерттелді (мысалы, Г. Эббингауз заңы) . Уақыт өте бұл теория көптеген шешілмейтін проблемаларға кездесті, ол проблеманың негізі - адам есінің таңдамалылығын түсіндіру, естің ассоциациялық табиғатының негізінде түсіндіру мүмкін болмады.

Дей тұрғанмен, естің ассоциативті теориясының оны тану үшін пайдасы көп болды.

Slide 15

Естің нейроңдық теориясы. Адам миының құпиялылары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол ете құрылымды. Осы күрделі ақ - уызды жиынтықтың жаңа ақпарат топтап, оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жұрт жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теорияның негізгі мәні мынада сете қалдыру мидің электрлік белсеңділігімен, ягни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады. Бұл үшін қолай ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиологи зандарына орай нейрон жеткізген импульстср аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне берілсді Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады Сонымен, қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды.

Slide 16

Естің биохимиялық теориясы Нәсілдік негізде жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жок па деген ой пайда болды. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК (дезоксирибонуклейн қышқылы) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНК) нуклеин қышқылының молекуласымен орыңдалады. ДНК ағзаға тән әр жаңа генетикалық есті өзінде сақтайтыңдықтан, оның өзі немсе РНК игерілген тәжірибені де бірден бірге өткізуі мүмкін дегеп болжам жасалды. Эксперименттер нәтижесіңде тәнді құрайтын молекуланың химиялық құрылымы тіршілік иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды Бұл келесі сүрақты туыңдатты: үйрету барысында өзгерген РНК молекуласы жаңа пайда болған дағды жөніндегі мәліметті өзінде сақтай ма не сақтамай ма?

Slide 17

XIXғасырдың аяқ кезінде естің ассоциативтік теориясының орнына кезекке гештальттеория келді. Теорияның негізгі ұғымы мен басты қағидасы алғашқы элементтердің ассоциациясы емес, ал оның тұтас ұғымы - гештальт болып табылады

Slide 18

Гештальтизм теориясының жақтаушылары адамның практикалық іс-әрекетіне естің тәуелділігі туралы сұраққа жауап бермеді және өз шешімін таппады. Сондықтан да естің генезисі туралы мәселе күн тәртібінен алынып тасталды.


Ұқсас жұмыстар
Эксперттік жүйелер
Болмыс негізгі формалары
Адамның есі мнемикалық процесс пен әрекет жүйесі ретінде
Тұлға типтерінің классификациясы
Тілдің функциялары
Эмоция бұзылыстары
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер жайлы ақпарат
Балалар психологиясына кіріспе
Балалар психологиясының даму тарихы,теориялар туралы негізгі түсініктер
Көне рим құдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz