Эйкозанойдтар


Slide 1

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Биологиялық химия Тақырыбы: Эйкозанойдтар Орындаған : Сумазова А. И. Факультет : Жалпы медицина . Курс :2 Тобы : 2065 Қабылдаған: Досымбекова Р. С.

Slide 2

Жоспар

Гормондар жайлы жалпы түсінік

Эйкозанойдты мессенджерлі жүйе

Екіншілік механизм

Үшіншілік механизм

Қалқанша безі

Гипофиз

Бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының

гормондары

Ұйқы безі

Қолданылған әдебиеттер.

Slide 3

Гормондар туралы жалпы түсінік

Адам баласы табиғаттың ажырамас бір бөлігі ретінде сыртқы ортамен тығыз байланысты. Адам организмдері сыртқы ортаның өзгерістерінде де құрамдық тұрақтылықты сақтайды. Сондай-ақ ол изотермиялық жүйе деп аталады.

Метоболизмнің негізгі реттелу тәсілі -жүйелік реттеу. Гормон деген терминді 1905ж. У. Бейлис және Старлинг ұсынған « harmao грек-қоздырамын, қозғалтамын».

Гормондар - ағзада аз мөлшерде түзіліп қанға немесе лимфаға бөлініп рецепторлары бар нысана жасушаларына арнайы әсер ететін биологиялық активті заттар.

Slide 4

Эйкозанойдты мессенджерлі жүйе

Кейбір гормондар өз рецепторларымен байланысқаннан кейін тікелей немесе тікелей емес жолдар арқылы мембраналық фосфолипаза А2 (ФЛА2) ферментін активтенуі мүмкін, оның әсерінен мембраналық фосфолипидтерінің құрамында дигомо ; - линолен, архидон және эйкозапентаноен қышқылдары (ЭПҚ) бөлініп шығады.

Slide 5

Біріншілік механизм

Біріншілік механизм бойынша белокты пептидті гормондар және амин қышқылдарының туындылары болатын гормондар әсер етеді. Бұл механизм бойынша әсер ететін гормондар жасуша ішіне кіре алмағандықтан өзі әкеле жатқан хабарды жасуша ішілік «делдалдар» арқылы береді. Олардың қатарына цАМФ; цГМФ; Са2+иондары жатады.

Slide 6

Екіншілік механизм

Мембранадан жеңіл өте алатын гормондар осы механизм арқылы әсер етеді. Бұл гормондарға липофильді гормондар жатады. Олардың рецепторлары жасушаның ішінде

(цитоплазма және ядро) . Бұл гормондар мембрананың фосфолипидтік барьерінен жеңіл өтіп, цитозольге түскеннен кейін өз рецепторларымен байланысып, гормон-рецептор комплексін түзеді.

2-шілік механизм бойынша стеройдты және тереоидты гормондар әсер етеді. Бұл механизммен әсер ететін гормондар тек қана белоктар мен ферменттердің синтезін ғана активтеп қоймай, кейбір гендерді репрессирлеп белоктардың синтезін төмендетуі де мүмкін.

Slide 7

Гормондар

Slide 8

Үшіншілік механизм

Бұл механизм бойынша әсер етуші гормондар жасуша ішілік ферменттердің активтілігіне әсер етеді және жасуша мбанасының өткізгіштігін арттырыды. Осы механизм бойынша әсер ететін гормондардың рецепторы плазматикалық мембранада орналасады әрі екіншілік мессенджер тирозинкиназды-фосфотазды жүйемен байланысты.

Slide 9

Қалқанша безі

Қалқанша безі дәнекер тінінің жұқа қабаттарымен қоршалған фолликулалардан тұрады.

Фолликула жанындағы жасушаларда тиреокальцитонин(синонимі- каьцитонин) түзiледi. Фолликуланың iшiндегi коллоидта екi гормон - трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин синтезделедi .

Тиреоидты гормондар. Химиялық табиғаты: тироидты гормондар бос күйіндегі тирозиннен немесе 10 полипептидтік тізбектен тұратын белок тиреоглобулиннің құрамындағы тирозиннен түзіледі. Гормондардың түзілуі тиреоциттерде немесе фолликуллалардың iшiндегi коллоидта жүреді. Ион түрінде түскен иод қалқанша безінде молекулалық формаға (J2) айналады. Тирозиннің йодталуы С-3 және С-5 орында өтедi.

Әсер ету механизмі: екі гормонда екіншілік және үшіншілік механизм бойынша әсер етеді.

Slide 10

Гипофиз-ішкі секреция бездерінің ең негізі.

Slide 11

Гипофиз

Slide 12

Бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының гормондары

Химиялық табиғаты: Олар холестериннің туындысы.

Гормондардың құрылыстарындағы ортақ ерекшелігі:

1. сақинасы бар.

2. А - сақинасында С4 пен С5 арасында қос байланыс, С3-те кето-тобы С=О, С10 мен С13 - метил тобы бар.

Әсер ету механизмi: барлық кортикостероидтар 2-лік механизммен әсер етеді, олардың рецепторлары жасуша ішінде орналасады.

Зат алмасуына әсер етуiне және түзілетін орнына байланысты КС -тарды үшке бөледi:1-ші қабаатта (шоғырлы аймақта ) (ГКС), 2-ші қабатта (шумақты аймақта) (МКС), 3-ші қабатта (торлы қабатта) (АКС) .

ГКС бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының шоғырлы аймағында синтезделедi. Биологиялық активтілігі кортизол(гидрокортизон) >кортикостерон>кортизон реті бойынша төмендеп отырады.

Нысана жасушалары: терi, көк бауыр, тимустың жасушалары, бауыр, май, лимфоидты, дәнекер және бұлшық ет тіндерi.

Физиологиялық әсерi. ГКС жалпы әсері катаболикалық, ал бауырда анаболикалық әсер көрсетеді.

Slide 13

Ұйқы безі


Ұқсас жұмыстар
Адам тіндерінің маңызды липидтері
Простагландиндер мен тромбоксандар
Май қышқылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz