Дифтерия (Corynebacterium diphtheriae): эпидемиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, иммунитеті және емдеу мен алдын алу шаралары


Slide 1

ЖОСПАР:

І. Кіріспе.

Дифтерия қоздырғышы.

ІІ. Негізгі бөлім:

Эпидемиологиясы

Патогенезі.

Клиникалық белгілері.

Иммунитеті.

Емдеуі және алдын алуы.

ІІІ. Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

Slide 2

Дифтерия қоздырғышы.

Дифтерия (күл) - Corynobacterium diphteriae туғызатын антропонозды, ауа - тамшылы арқылы тарайтын токсинемиялық жұқпалы ауру, ол көмей, жұтқыншақ, кеңірдек т. б. Мүшелерде фибринозды қабынумен және организмнің жалпы интоксикациясымен сипатталады. Аурудың аталуы грек сөзінен diphthere - үлбір, қабықша, тері - деген мағынаны білдіреді. Ол аурудың клиникалық белгілермен байланысты. Дифтерия қоздырғышын 1883-1884 жылы Т. Клебс және Ф. Леффлер ашқан.

Slide 3

Эпидемиологиясы.

Инфекция көзі - тасымалдаушы және ауру адамдар. Инфекцияның таралу негізгі таралу жолы ауа - тамшылы, бірақ ойыншықтар, ыдыс - аяқ, киім арқылы (тұрмыстық қатынас жолы) да жұғуы мүмкін.

Slide 4

Эпидемиологиясы.

Дифтерияға сезімталдық жоғары, көбінесе қоздырғышқа балалар сезімтал, бірақ соңғы жылдары аурудың «есейгені» байқалады. Ауру әсіресе күзде жиі кездеседі.

Slide 5

Патогенезі.

Инфекцияның ену қақпасы - көмей, мұрын, тыныс алу жолдары және тағы басқадың шырышты қабаттары. Ену қақпасында фибринозды қабыну байқалады, астында жатқан тіндерден қиын ажыратылатын дифтериялық қабықша түзіледі.

Slide 6

Патогенезі.

Бактериялармен түзілетін экзотоксин қанға түседі, соның нәтижесінде токсинемия дамиды. Токсин миокард, бүйрек, бүйрекүсті безі, жүйке жүйесін зақымдайды.

Slide 7

Клиникалық белгілері.

Орналасуы бойынша дифтерияның бірнеше түрлері бар: мұрын, көмей, көз, сыртқы жыныс мүшелері, тері, жара дифтериясы және тағы басқа 85-90% жағдайда көмей дифтериясы байқалады. Жасырын кезеңі - 2-10 күн. Ауру дене қызуының көтерілуімен, жұту кезіндегі ауырсыну сезімі, бадамша бездерінде қабықшаның пайда болуымен, лимфа түйіндернің ұлғаюымен басталады. Ересек адамдарда дифтерия лакунарлы баспа түрінде өтуі мүмкін.

Slide 8

Клиникалық белгілері.

Кішкентай балаларда әдетте көмей мен мұрынға қоса патологиялық үрдіске жұтқыншақ қосылады. Көмей ісінуінің нәтижесінде дифтериялық круп дамиды, ол асфиксия мен өлімге әкелуі мүмкін. Токсикалық миокардит, гипофизарлы - бүйрекүсті жүйесінің жедел жетіспеушілігі, тыныс алу бұлшықеттерің сал сияқты ауыр асқынулар өлімнің болуы мүмкін.

Slide 9

Иммунитеті.

Ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Вакцинадан кейінгі иммунитет жеткілікті түрде ұзаққа созылады. Антитоксиндік антиденелерді ПГАР арқылы анықтайды. Антитоксикалық иммунитет қалыптасқан жағдай бактерия - тасымалдаушылықтан қорғамайды.

Slide 10

Емдеуі және алдын алуы.

Емдеудің негізгі әдісі - дифтерияға қарсы антитоксиндік сарысуды жедел енгізу. Дифтерияға қарсы антитоксиндік жылқының тазартылған сұйық сарысу еңгізілмейді. дифтерияға қарсы адамның иммунды глобулині өңделген. Сонымен қатар аннтибиотиктермен емдеу жүргізеді.

Slide 11

Емдеуі және алдын алуы.

Арнайы сақтандыруы АДС, АКДС препараттарын үш айлық жастан бастап балаларға егу болып табылады. АДС - анатоксині арқылы ревакцинация тек балалық шақта емес, сонымен қатар ересек адамдарда әр 10 жыл сайын жүргізіледі.

Slide 12

Емдеуі және алдын алуы.

Ауру адаммен қатынаста болған антитоксиндік иммунитетінің деңгейі төмен адамдарға дифтериялық анатоксин енгізеді. Айтылған препараттардан басқа, аллергияға сезімтал адамдарды иммунизациялау үшін құрамында антиген мөлшері аз АКДС - М, АДС - М, АД - М, анатоксиндерін қолданады, бірақ осы препараттардың иммуногендігі төмен болады.

Slide 13

Әдебиеттер тізімі.

Б. А. Рамазанова, А. Л. Котова, Қ. Құдайбергенұлы “ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ”

www. rambler. ru

www. google. kz


Ұқсас жұмыстар
Дифтерия (күл ауруы): этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, диагностикасы және емдеу мен алдын алу
Тырысқақ (холера): этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және алдын алу шаралары
Құтыру ауруы: этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Семірудің этиологиясы, эпидемиологиясы, классификациясы, патогенезі, диагностикасы және емдеу мен алдын алу шаралары
Түйнеме (Сібір жарасы): этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, емі және алдын-алу шаралары
Қойдағы безгек: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу
Геморрагиялық қызбалар: этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі және алдын алу мен емдеу шаралары
Анафилаксияның себептері, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу шаралары
Гепатит: клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу шаралары
Пастереллездің этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу мен жою шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz