Тағам өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

С Ө Ж

Тақырыбы:

Тағам өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер

Орындаған:Талғатбекова Г. Ж.

БТ-307

Тексерген:Кабденова А. Т

Slide 2

Жоспар: Микроағзаларға сипаттама Микроағзалардың табиғатта таралуы Микроағзаларды сұрыптаудың ерекшеліері Өндірісте микроағзалардың қолданылуы

Slide 3

Микроорганизмдер жердің барлық геологиялық сфераларында - литосферада, гидросферада, атмосферада табылады. Бұлардың екеуі микроорганизмдер сақталатын және тіршілік ететін орталар, ал үшіншісі - уақытша мекендеу және таралу ортасы

Slide 4

Микроорганизмдерді арзан және оңай табылатын (өндірістердің қалдықтары) ауылшаруашылық қалдықтарында өсіруге болады. Биологиялық синтездеу әдісімен алынған өнімдер азықтық ақуыз, аминқышқылы, фермент және т. б. өнімдер. Ауылшаруашылық, тамақ, медицина, жеңіл және химия өнеркәсібінде, қара және түсті металлургияда, машина жасауда және көптеген халық шаруашылығының басқа да салаларында биотехнология өнімдерін тұтыну жыл сайын қарқындап өсуде.

Slide 5

Микроорганизмдер табиғатта болып жатқан көптеген өзгерістерге тікелей байланысты. Олардың белсенді әрекетінің әсерінен күрделі органикалық қосылыстарға бай қалдықтарға айналады, қайтадан табиғаттағы заттардың айналымына енеді. Топырақты азотпен байытуда, ондағы азот сіңіруші микроорганизмдердің атқаратын қызметі зор. Себебі атмосферадағы азоттың топыраққа оралуы, тек осы микроорганизмдердің тіршілігіне байланысты.

Slide 6

Микроағзаларды (микробтар) сұрыптаудың (өсімдіктерді және жануарларды сұрыптаудан айырмашылығы) бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:

1) сұрыптаушыда жұмысқа керекті шексіз көп материал болады;

2) мутациялық үдеріс тиімдірек пайдаланылады, өйткені микроағзалар геномы гаплоидты, сондықтан кез келген мутацияларды бірінші ұрпақтан-ақ айқындауға мүмкіншілік болады;

3) бактериялардың генетикалық жаралымының қарапайымдылығы. Микроағзаларды сұрыптау әдістерін таңдау осы ерекшеліктермен анықталды. Өнеркәсіп үшін жоғары өнімді себінділер қажет. Олар сұрыптаудың сан алуан әдістерімен, соның ішінде табиғи микроағзалар арасында сұрыптаумен жасалады. Жоғары өнімді себінділер таңдап алудан бұрын сұрыпталады. Ішінара әр алуан генетикалық ре-комбинация (қайта құрамдастыру) әдістері: конъюгация, транс-дукция, трансформация және басқа өдістер кеңінен қолданылады. Мысалы, конъюгация (бактериялар арасында генетикалық мате-риалды алмастыру) көмірсутекті және мұнайды кәдеге асыра алатын Pseudomanas putida себіндісін жасауға мүмкіншілік береді. Трансдукция (бактериялардың жәрдемімен генді бір бактериядан екінші бактерияға тасымалдау), трансформация (бірлі-жарым жа сушалардан оқшауланғандарды ДНҚ-ның басқаларына тасы-малдау) және амплификация (қажетті ген көшірме санын арт-тыру) әдістері жиі қолданылады. Микроағзалардың көпшілігінде биосинтездің, антибиотиктердің гендері немесе оларды реттеуші-лер хромосомада емес, плазмидада болады. Сондықтан амплификация жолымен бұл плазмидалар санының артуынан антибиотиктердің шығуы едәуір жоғарылауға мүмкіндік жасайды.

Slide 7

Өндірісте микроорганизмдерді культивирлеудің бірқатар артықшылығы бар. Микроорганизмдердің көмегімен өндірістік масштабта антибиотик, ақуыз, витамин, фермент және тағы басқа да биологиялық активтік заттар алынады. Биологиялық синтездеу әдісімен химиялық синтездеу әдісімен ала алмаған күрделі және қымбат бағалы өнімдерді алуға болады. Жаңа жүз жылдықта ғылыми жаңалықтардың жаңаруының арқасында биотехнология қарқынды дамуда.

Slide 8

Микроағзалар (микробтар) сұрыптаудағы маңызды кезең мутацияның сәулеленуі болып табылады. Бактерияның тап осы гені бойынша мутацияның бөліну мүмкшшілік өсімдіктерге және жануарларға қарағанда едәуір жоғары, микроағзалардың ұрпағы сан миллион болғандықтан әжептеуір оңай және мұны шапшаң істеуге болады.

Slide 9

Микроорганизмдер физиологиялық және биохимялық қасиеттері жағынан әртүрлі. Олардың кейбіреулері басқаорганизмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысысалы, 70 - 1050С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды (pH<1, 0) немесе сілтілі (рН 9, 0 болатын, кейде одан да жоғары) орталарда, NaCl-дың жоғары концентрациясында (25 - 30%), оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын Микроорганизмдер белгілі. Олар өте төмен температурада да, құрғақшылық ортада да көбейе алады.

Slide 10

Микроорганизмдерді қолданатын өндірістер микробиологиялық өнімдермен қатар, микробиологиялық емес өнімдерді де шығарады. Микробиологиялық өнімдерді шығаруда микробиологиялық синтездің нәтижесінде өндірістің дайын өнімі алынады, ал микробиологиялық емес өнімдерді шығаруда, микробиологиялық процестерді жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын өнімдерді дайындауда қолданады.

Slide 11

Өндірістік маңызы зор микробиологиялық синтез әдісінің өнімдерін басты 3 категорияға бөледі:

1) микробтық жасушалар;

2) үлкен молекулалы заттар - ферменттер, вакцинаның құрамдық

бөлшектері;

3) кіші молекулалы заттар екі топқа бөлінеді;

а) біріншілік метоболиттер (өсуге қажет компоненттер) ;

в) екіншілік метоболиттер (өсуге қажет емес компоненттер) .

Slide 12 Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер:

Бегімқұлов Б. Молекулалық генетика және биотехнология негіздері. Алматы. Білім, 1996. 200б.

Егорова, Т. А. Основы биотехнологии: учебное пособие для высш. пед. учеб. заведений/ Т. А. Егорова, С. М. Клунова, Е. А. Живухина. - 2-е изд., стер. -М. : Академия, 2005. - 208 с.


Ұқсас жұмыстар
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын ашытқылар, зең саңырауқұлақтар мен бактериялар
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер туралы
Таралуына байланысты инфекциялық аурулардың жіктелуі
Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер
БАҚ ТАҒАМ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ҚОЛДАНУ
ББҚ тағам өнеркәсібінде қолдануы
Микроорганизмдер— органикалық қышқыл өндірушілер
Өнеркәсіптік микробиологияда биоинженерияны қолдану
ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІПТЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МИКРООРГАНИЗМДЕР
Тамақ өнеркәсіптерінде қолданылатын микроорганизмдер жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz