Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың мәні


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Орындаған: Төкен А. Б.

Тексерген: Қуантқан Б. Қ.

Тобы: УА-405

Семей 2015 жыл

Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың мәні

Slide 2

Макроэкономикалық тепе-теңдікті қарастырғанда іріленген жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жалпы баға деңгейі сияқты көрсеткіштер қолданылады. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс үлгісі тұтас экономикада өнім өндіру көлемі мен баға деңгейінің өзгерісін, оның себептері мен салдарын зерттеуге негіз болып табылады.

Slide 3

Жиынтық сұраныс (AD) - бұл макроэкономикалық субъектілердің белгілі бір уақыт кезеңінде (әдетте, 1 жыл ішінде) өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық шығындары. Ол белгілі бір уақытта сол макроэкономикалық субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан жиынтық шығарылым көлемінің экономикадағы бағасының жалпы деңгейімен өзара байланысын сипаттайды.

үй шаруашылығы (С),

фирмалар (І),

мемлекет (G),

шетелдің ( ) төлемқабілетті қажеттіліктері.

Slide 4

Жиынтық сұраныс дегеніміз- сатып алушының сұранысы,

өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы

тәуелділік.

Жиынтық сұранысының сандық ақша теориясында теңдеуі: MV=PY

М- ақша сұранысы;

V-ақша айналымының жылдамдығы;

P-баға деңгейі;

Y-өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны;

Жиынтық сұраныс IS-LM моделі AD қисығының теориялық негіздемесі

болып табылады

Жиынтық сұраныс қисығы;

Slide 5

Жиынтық сұраныс қисығы - бағаның берілген әрбір деңгейінде сатып алынуы тиіс тауарлар мен қызметтердің көлемін бейнелейтін графикалық көрініс. Сұраныс қисығының теріс көлбеулі болуы, үш әсермен анықталады: 1. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлеме әсері) ; 2. Пигу әсері (байлық әсері немесе нақты кассалық қалдықтар әсері) ; 3. Импорттық сатып алымдар әсері.

Slide 6

Кейнс әсерінің мағынасы: бағаның өсуімен байланысты ақшаға деген сұраныс өседі; ақша ұсынысының тұрақтылығы жағдайында пайыз мөлшерлеме деңгейі артады. Пайыз мөлшерлеме деңгейінің артуынан экономикаға салынатын инвестиция көлемі қысқарады, олай болса, сұраныс қисығы да қысқарады.

Пигу әсерінің мағынасы: баға деңгейінің өсуінен нақты байлық көлемі төмендейді, тұтыну көлемі қысқарады, сәйкесінше, сұраныс қисығы қысқарады.

Импорттық салымдар әсерінің мағынасы: импорттық бағалардың өзгермеуі, ел ішіндегі бағалардың өсуі экспорттың қсықаруына әкеледі. Сұраныс қисығы қысқарады.

Slide 7

Жиынтық сұранысқа бағалардан басқа бағалық емес факторлар әсер етуі мүмкін:

Тұтынушылық шығындардың өзгерісі (тұтынушы табысы, әл-ауқаттылығы)

Мемлекеттік шығындардың өзгерісі (мемлекеттік саясат)

Инвестициялық шығындардың өзгерісі (пайыз мөлшерлемелері, субсидиялар) ;

Таза экспорт шығындарындағы өзгерістер (валюта бағамы өсуі, сыртқы факторлар) .

Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары дегеніміз - сол жиынтық сұраныстың негізгі құрауыштарына, яғни тұтыну шығындарына, инвестициялық шығындарға, мемлекеттік шығындарға және таза экспортқа әсер ететін барлық факторлар.

Жиынтық сұраныстың өзгеруі

Slide 8

Жиынтық ұсыныс - әрбір мүмкін болатын баға деңгейіндегі нақты ұлттық өнім көлемі. Ол баға деңгейі мен нақты ұлттық көлем арасындағы тікелей тәуелділікті көрсетеді. Жиынтық ұсыныс AS қисығымен анықталады.

AS қисығы үш бөліктен тұрады:

1 - кейнстің шектік жағдайы;

2 - кейнстің қалыпты жағдайы;

3 - классикалық жағдай.

Slide 9

Жиынтық ұсыныс өндіріске байланысты, ал өндіріс мерзімге байланысты. 3 уақыт түрі:

Қысқа мерзім - кейнстік шекті - р-тұрақты, у-өзгереді - 1

Орташа мерзім - кейнстік қалыпты - p да, у те шамалы өзгереді- 2

Ұзақ мерзім - классикалық - p өзгереді, у тұрақты - 3

Slide 10

Кейнстің шекті жағдайы экономикадағы жұмыссыздық жағдайын көрсетеді, мұнда бір бірлік өнім көлемін шығынсыз және баға деңгейін көтеру арқылы өндіріс көлемін кеңейтуге болады.

Кейнстің қалыпты жағдайында тар орындар пайда бола бастайды, мұнда тиімділігі төмен құрал-жабдықтар қолданылады және біліктілігі төмен жұмысшылар болады.

Классикалық жағдай экономикада толық қамтылуды көрсетеді.

Slide 11

Жиынтық ұсынысқа келесі бағалық емес факторлар әсер етеді:

Технология және өнімділіктің өзгеруі;

Құқықтық және заңдылық нормалардың өзгеруі;

Ресурстар бағасының өзгеруі және т. б.

Жиынтық ұсыныстың өзгеруі

Slide 12

Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың қиылысуы макроэкономикалық тепе-теңдікті білдіреді.

Макроэкономиалық тепе-теңдік

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
AD-AS үлгісі
Ұсыныс пен сұранысты қалыптастыру
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Макроэкономикалық тепе - теңдік және оның үлгілері
Жиынтық сұраныс жəне оның құрауыштары
Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі
Макроэкономикалық үлгілердің экономикалық мәні мен динамикасы
Нарықтық тепе - теңдік
Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы
Тауардың нарықтық бағасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz