Қайым және Шәкәрім



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ қаласыныңШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы:
Қайым және Шәкәрім

Қайым (Ғабдұлқайым) Мұхамедханов - (5. 01. 1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы қазіргі Жаңасемейде бұрынғы «Заречная слободка» деп аталатын жерде дүниеге келіп, 30. 06. 2004 жылы қайтыс болған) қазақ әдебиетіндегі абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы, Шәкәрім шығармаларын алғаш насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы, әдебиеттанушы ғалым,
Жазушы, драматург, аудармашы, текстолог, М. Әуезовтің шәкірті, 1940 жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Семейдегі Абай мұражайының негізін қалаушы, 1945 жылғы Қазақ КСР мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық Абай атындағы сыйлығының алғашқы лауреаты, қоғам қайраткері, ақын, педагог.

Абайтанушы Қайым Мұхамедханұлы Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол мақалаларының өзі бүгінгі шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылды.


Іздеген ғашық болып бес нәрсем бар.
Берейін атын атап, ұқсаңыздар:
Махаббат, ғаділет пен таза жүрек,
Бостандық, терең ғылым, -міне осылар.
Шәкәрім

Шәкәрім
Құдайбердіұлының
туғанына 150 жыл

Адалдық борыш, ар үшін,
Барша азамат қамы үшін,
Серт берген еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.

Білгенімді жазуым ем,
Бекем буып белімді.
Мінін айтып қазуым ем,
Түзетпек болып елімді.
Шәкәрім

Адам әрекетін ақыл, сана, сезім, жүрек билейді, сондықтан адам бойынан алдымен мейірім, рақым, әділет, шапағат, ар-ұят табылуы керек.

Еріншектен - салақтық,
Салақтықтан - надандық . . .
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар сүйтіп адамдық.

“Шәкәрім - Абайдың ақындық мектебінің ірі өкілі”
М. Әуезов

Шәкәрімнің өлеңдері
“Бостандық таңы атты, ”
“Шын сырым”,
“Жастарға”,
“Жастық туралы” . . . т. б

Шәкәрім-қазақтың кең байтақ даласынан шығып болмыстың терең сырларын айқара ашып түсіндірген философ;
табиғаттың ғажайып құпияларын көркем сөзбен жеткізе білген ақын;
нәзік музыкамен адам көкірегін аша білген композитор;
шыққан халқының адамзат қоғамындағы алған орнын анықтаған тарихшы.



Сынамақ болсаң түрімді,
Көрейін десең нұрымды,
Жый-дағы оқы жырымды . . .

Шәкәрімнің шығармашылығы жайлы шығармалар

Notes: Мұқағали ұрпақтары

Назарларыңызға
рахмет!

Тақырыбы:
Қайым Мұхамедхановтың қоғамдық қызметі

Қайым Мұхамедханов - қазақ әдебиетінің абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы және Шәкәрім шығармаларын алғашқы насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы ғалым. Сондай-ақ, Қ. Мұхамедхановтың әдебиеттану саласындағы көптеген мақалалары қазақ әдебиетіндегі жаңа белесті айқындап, қазақ әдебиеті даму бағыттарын белгіледі. Ғалымның ғылыми еңбектерімен қатар ақындық, жазушы-драматургтық, аудармашылық таланты да ерекше көзге түседі. Сонымен, ақын, аудармашы, қазақ әдебиеті тарихы мен теориясын терең білетін ғалым, Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармашылықтарының білгір маманы, бір сөзбен айтсақ, нағыз энциклопедист Қайым Мұхамедхановтың өз шығармашылық белестері туралы не білеміз? Ол үшін ең алдымен, ғалымның туып-өскен, білім мен білік жинаған, үлгі-өнеге алған ортасы туралы айта кеткен жөн болар.
Қазақтың қайтпас қайсар Қайымы
Айман Ақтанова,
СМПИ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының
кандидаты.

Қайым (Ғабдұлқайым) Мұхамедханов - (5. 01. 1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы қазіргі Жаңасемейде бұрынғы «Заречная слободка» деп аталатын жерде дүниеге келіп, 30. 06. 2004 жылы қайтыс болған) қазақ әдебиетіндегі абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы, Шәкәрім шығармаларын алғаш насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы, әдебиеттанушы ғалым, жазушы, драматург, аудармашы, текстолог, М. Әуезовтің шәкірті, 1940 жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Семейдегі Абай мұражайының негізін қалаушы, 1945 жылғы Қазақ КСР мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық Абай атындағы сыйлығының алғашқы лауреаты, қоғам қайраткері, ақын, педагог.

«Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтардың жеткен жерінен бастайды, жақсыдан үйренеді, жаманнан жиренеді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне сай, әр кезең өткендегінің қайсыбір қарекетін мансұқ етеді, қайсыбір қарекетін қасиеттеп дамытады», деп ғалым Ш. Елеукенов айтқандай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғаларының еңбектері, жүріп өткен жолы ұрпақ санасында мәңгі сақталары анық.
Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағы зиялылардың бас қосып кездесетін ордасы болды. Ауқатты әке Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап”, "Абай”, "Қазақ”, "Шолпан”, "Сана”, "Сарыарқа”, "Таң” сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып, жан азығы еткен. сан мәрте көрген. Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан. Бұл жөнінде Қ. Мұхамедханов естелігінде былай дейді: «Әкемнің сол жағалаудағы еңселі шатырлы үйі халқымыздың арғы-бергідегі бетке ұстар қаймақтары Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Иса, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов, Қажымұқан Мұңайтпасов, Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезов, Халел Ғаббасов, Мәннан Тұрғанбаевтар жатып, кеңесетін думанды отау болыпты». Қ. Мұхамедхановтың Алаш қаласы атанған Семей топырағында дүниеге келіп, рухани құнары мол ортада тәрбиеленуі оның биік белестерге көтерілуіне айрықша ықпал етеді.

Қайым Мұхамдехановтың абайтанудағы соқпағы алашорда ойшылдарымен етене жақын болған әкесі Мұхамедханның әсері мен ықпалынан болар. Қайым 1916 жылы 5 қаңтарда Семей қаласы, қазіргі Жаңасемейде, бұрынғы «Заречная слободка» деп аталатын жерде дүниеге келген. Әкесінің азан шақырып қойған аты Ғабдұлқайым. Бұл кез алашорда зиялыларының Семейге жиналып, қаланың қазақ халқының рухани орталығына айналған кезі еді. Қазақтың атқамінер ел басылары, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің дені осы қалада тұратын. Қайымның әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлы (1870-1937) өз заманында көзі ашық, көкірегі ояу әрі ауқатты азамат болған. Сондықтан ұлын 1924 жылы Семей қаласындағы төрт жылдық бастауыш мектепке оқуға береді. Өз халқының ұлттық тарихы мен мәдениетіне ерекше көңіл бөлген зерделі әке «Айқап», «Шора» журналдары, «Қазақ», «Дала уалаятының газеті», «Сарыарқа» газеттерін жаздырып алып, өзі де оқып, Қайымның да білімі мен мәдениетінің нәрінен сусындауына мүмкіндік жасайды.
Әр уақытта бала Қайым өзінің әкесінің қасында Мұхтар Әуезов, Көкбай Жанатаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді ірі тұлғалы қазақ арыстарын көріп өсіпті. Осының барлығы кейіннен Қайым Мұхамедхановтың үлкен синкретикалық дарынының кеңінен құлаш жаюына септігін тигізгені аян. Сол жас кезінде бұл үйде Мұхтар Әуезов тұңғыш "Ес аймақ" мәдени үйірмесі қойған сахналық ойындарының репетицияларын өткізіп тұрыпты.

1917-1918 жылдарда М. Әуезов пен Ж. Аймауытов басшылығымен Семей қаласында шығып тұрған «Абай» журналына демеушілік жасап қаржылай көмек көрсетеді. Абай мұраларын жинақтап, ел арасына насихаттап таратуға мұрындық болады. Сөйтіп ұлы ақынның өлеңдерін Қайымның бойына бала кезден сіңірген рухани ұстазына айналады. Қайымның әкесі Мұхамедханның шаңырағында «Алаш» партиясының көсемі және «Алашорда» үкіметінің басшысы Ә. Бөкейханов, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ірі тұлғалары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, М. Әуезов және т. б. көрнекті адамдар қонақта болып, дастарханынан дәм татып, қазақтың келешегі туралы келелі басқосулар өткізіп тұрған. Қазақ зиялыларының аузынан естіген ұлағатты тағылымдары Қайымның қазақ халқына және оның сөз өнеріне деген балалық махаббатын оятып, ұлттық рухани нәрдің болашақ ғалымның жан дүниесіне терең сіңіп, мықтап орнығуына негіз болған алғашқы академиялық дәрістер еді.

Бұл турасында ғалым былай деп жазды: «Әкем Уақ руынан, көзі ашық, көңілі ояу, мұсылманша да орысша да сауатты, қолы ашық, кең пейілді момын адам болыпты. Ертеде ұлы Абай төңірегімен аралас-құралас болған. Төңкеріс кезінде Семейден шыға бастаған Алаш үні «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналына меценат ретінде көмек көрсетуі сол ұлы ақын көрсеткен өнеге-тәрбие емес деп кім айтады. Өзіне жетерлік кітапханасы да болды. Алаш арыстары А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Жұмабаев, М. Тынышбаев, М. Әуезовтермен де қоян-қолтық араласатын». Үміт күткен баласын тәрбиелеуде барын салған әке Қайымның кемелді азамат болып шығуы үшін қолынан келгенің бәрін де істеген. Шәкерім, Көкбай ақындарды Семейге келген кездерінде Мұхаметхан үйіне шақырып қонақасы беріп, құрметтеп отыратын болған. Әкенің ойлағаны бір ғана Қайының көкірек көзін ашу, ұлылардың тәрбиесіне бейімдеу. Бұл үйдің қабырғаларына әдеби рух сіңісті болған деуге әбден лайық, себебі мұнда бір кездерде ұлы Абай атамыз болған екен, ақын-гуманист, ойшыл-философ Шәкәрім қажы табалдырығын аттағаны мәлім. Жанына жамандық қонбаған бала кезінен бастап ұлтын сүюге, таза өнерге деген махаббатын ояту болғаны түсінікті. Осылай ғалымның балалық шағы қазақ әлеміндегі біртуар тұлғалардың сөзіне тұлғалардың сөзін тыңдап, әңгімелерін естіп, зиялы ортада өтеді.

Бала Қайымның дана болып, «абайтанудың білгірі» атануының бастауында тұрған алғашқы ұстазы Тұрлықан Хасенұлы болды. Ол дарынды ақын, жазушы, публицист болды. 1937 жылы жазықсыз жала жабылып, репрессия құрбаны болды. 1937 жылғы ел басына төнген қатерлі нәубет, М. Сейітқұлұлының отбасында айналып өтпейді. Мұхамедхан 1937 жылы 24 қарашада НКВД органдарымен тұтқынға алынып, 27 қарашадағы УНКВД үштіктің қаулысымен өлім жазасына кесіліп, 2 күні атылған.
1928 жылы Мұхамедхан отбасы кәмпескеге ілініп, талан-таржыға түсті. Бай, кулак қатарына жатқызылып, үйін тәркіледі. Отбасымен аш, панасыз күйге түсті. Кейінен әке үйі № 20 мектепке айналдырып, тағдырдың ащы әжуасындай Қайым сол мектептен оқыды. Қат-қабат келген ауыртпалықты бұғанасы бекімеген бала көтеріп, төзе білді. Ел санасын есеңгірткен азапты жылдар оқуға құштарлығына бұғау болып, ерте жасынан еңбекке араласты. 1932-35 жылдары Семей оқу мекемелерінеде техникалық жұмысшы болып істейді. 1936-37 жылдары пән мұғалімдерін даярлайтын курсты оқып жүріп, мұғалімдер курсында қаражат табу үшін сабақ береді. Семейдің мұрағатында бұл жайлы хаттамалар сақталған. Бұл жөнінде ғалым: «Әкейді ұстап әкеткен соң мені мектептен шығарды. Ешбір мектеп қабылдамады. Содан күнкөріс қамымен қара жұмысқа түстім. Кейіндеу мұғалімдер институтына түстім», -деп еске алады.

Қайым әкесі туралы деректі 1990 жылдарға дейін ала алмайды. Бұл ақиқатты куәландыратын Семей қалалық прокуратурасының берген анықтамасы айғақ болады. Анықтама 1992 жылы 3 ақпанда берілген. Онда 1937 жылы 24 қарашада ұсталып, 1937 жылы 2 ақпанда атылғаны айтылып, жерленген жері белгісіз делінген. 1989 жылы 25 сәуірде Мұхамедхан Сейітқұлұлына жабылған жала алынып тасталды. Қайымның әкесінің көмусіз, атаусыз қалуы оған қатты батса да, ол бар жан-тәнімен әке үмітін ақтауға тырысты.
Қ. Мұхамедханов 1929-32 жылдары колхоз жастары мектебінде, 1932-35 жылдары әр түрлі мекемелерде техникалық жұмысшы болып істейді. 1938 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі. Семей педагогикалық институтының филологиялық факультетін бітірген (1941) . Семейдегі Абай әдеби мұражайының аға ғылыми қызметкері (1940-41, 1947-51 ж. оның директоры), Қазақстан Жазушылары одағының Семей облысындағы өкілі (1942-47), Семей педагогика институтының аға оқытушысы, доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры (1955-90), 1991-95 ж. ҚР ҰҒА М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері болды.

Қайым Мұхамедханов саналы өмірін қазақ әдебиеттану ғылымының абайтану саласына арнады. Абайдың немере інісі Әрхам Кәкітайұлымен бірлесе отырып, мұражайда ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды заттар, қолжазбалар, құжаттарды жинастырады. Бүгінде кемелденіп қорық-мұражайға айналған үйдің ғылыми әдеби ортасының қалыптасу ісі де Қ. Мұхамедхановтың табандылығымен жүзеге асқан.
«Абай» журналының 70 жылдан соң қайта жарық көруіне, Семейдегі «Алаш арыстары» мұражайының ашылуына Қайым Мұхамедханов көп еңбек сіңірді. Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М. Әуезов ұйытқы болса, Қ. Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz