АУДАРМА КӘСІБІНІҢ ЛИГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



АУДАРМА КӘСІБІНІҢ ЛИГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орындаған: Калимбек Толқын Ерболатқызы
Тексерген: Тулекова Меруерт Қыдырбекқызы

Лингвистика.
Мәні. Міндеті.
Ерекшеліктері.

Қазіргі кезде лингвистикалық аударма теориясы өз алдына жеке ғылыми пән ретінде анықталды. Бірақ бүгінгі күнге дейін аударма теориясының мәртебесін анықтайтын сұрақтар әлі қарастырылған жоқ. Бұндай сұрақтың бірі аударма теориясының пәні мен объектісі болып табылады. Аударма теориясы мен объектісі туралы бірнеше қарама -қарсы көзқарастар әдебиеттерде кездеседі. Мысалы; Ревзин И. И мен Резенцвейп В. Ю. ғалымдарының айтуынша аударма объектісі бұл аудару кезіндегі үрдіс болып табылады. Бұл үрдіс кезінде бір белгілер жүйесінен басқа жүйеге көшу әрекеті өтеді.

Лингвистикалық аударма теориясы түпнұсқа текстері мен аударылған текстерге қарым - қатынасы болып табылады. Аударма теориясының пәнінде мінездеме кешені және аудару үрдісімен ғана шектелмейді. Лингвистикалық аударма теориясы аударманы кең тіл аралық көлемде қарастырады және оның барлық аспектілерін зерттейді. Лингвистикалық аударма теориясының объектісі ретінде аударма осінің дельдауы рөлін рөлін атқаратын тіл аралық көлемін санаймыз. Аударма зерттеу және аударуға септігін тигізетін факторларды зерттеу.

Лингвистикалық аударма теориясының міндеттері: - аударманың жалпы лингвистикалық негіщін ашып, бейнелеу, яғни аудару үрдісінін негізінде тілдің функцияларының заңдылығын, тіл жүйесінің ерекшеліктері; - аударуды лингвистикалық зерттейдің объектісі ретінде анықтау; - аударма ісің классификациялау негіщін талдау; - аударманың мағынасын ашу; - әр түрлі тілдердің аударма теориясының жалпы мәселесі мен ерекшеліктерін талдау; - ғылыми суреттеудің жалпы принциптерін талдау; - әлеуметтік лингвистикалық және пргматикалық факторлары аударма үрдісіне әсер етуін талдау; - аударма нормасы түсінігін анықтау; Лингвистикалық аударма теориясы келесі бөлімдерден тұрады. · Жалпы аударма теориясы · Арнайы аударма теориясы · Жеке аударма теориясы

Аударманың лингвистикалық
теориясы бойынша
алғашқы еңбектер.

Аудармаға лингвистикалық тұрғыдан қарауға тырысқан алғашқы еңбектер Америка Құрама Штаттарында басқа батыс елдеріне қарағанда ертерек пайда болды. Бұған, бір жағынан, американдық тілшілердің әліппесі жоқ тілдерді меңгеруге қызығушылықтары ықпал етті. Тілші-этнографтар тіл иелерінің көмегімен жаңа тілдің сөздік қоры мен грамматикалық құрылымы жайында түсінік қалыптастыру үшін, жеке бірліктер мен сөздердің аудармасын алуға тырысқан. Зерттеудің осы бағытымен 50-жылдардың басында аударма туралы мақалалар пайда болды, мысалы, Ч. Ф. Веглиннің (C. F. Voegelіn) «Көпсатылы аударма» (1954) атты мақаласы, мұнда автор тіл иесі көмегімен алынған аударманы жетілдірудің күрделі 8 сатылы процедурасын ұсынады.
Американдық лингвистердің аудармаға деген қызығушылықтарының пайда болғанына Дж. Касагранденің (J. B. Casagrande) «Аударманың мақсаттары» атты мақаласы дәлел бола алады. Аударманың сипаты оның мақсатымен анықталатындығын айта келе, ол аударманы 4 түрге бөлуді ұсынады: 1. Прагматикалық аударма, оның мақсаты - хабарламаны барынша дәл жеткізу. 2. Эстетикалық-поэтикалық аударма, оның мақсаты - әдеби немесе эстетикалық тұрпатты жеткізу. 3. Этнографиялық аударма, мақсаты - түпнұсқаның мәдени контексін түсіндіру. 4. Лингвистикалық аударма, мақсаты - түпнұсқа морфемаларының мағыналарын көрсету.

Тек АҚШ-ғы ғана емес, бүкіл дүниежүзіндегі аударманың лингвистикалық теориясының дамуына белгілі американ лингвисі Ю. Найда үлкен үлес қосты. Юджин Альберт Найда (E. Nіda) көптеген классикалық және қазіргі тілдермен айналысқан, семантика және синтаксис мәселелеріне қатысты бірқатар еңбектер жариялаған. Ол өзінің Американдық інжілдік қоғамдағы (the Amerіcan Bіble Socіety) көпжылдық қызметінің арқасында аударма мәселелеріне көңіл бөлді. Мұнда ол Інжілді әлемнің жетпіс бес елінің 200 тіліне аударумен айналысатын Аудармалар бөлімінің Атқарушы хатшысы және ғылыми кеңесшісі қызметтерін атқарған. Осы жұмысында алған тәжірибесінің негізінде, Ю. Найда аудармашылық қызметтің көптеген маңызды бағыттары қарастырылатын, бірқатар кітаптар мен мақалалар жазды. Лингвистикалық аударматанудың дамуында, оның «Аудару ғылымына қосымша» деп аталатын 1964 ж. жарық көрген кітабы маңызды рөл атқарды.
Ю. Найданың еңбегі - бұл аудармашылық мәселеге лингвистикалық көзқарасты әзірлеуге бағытталған бірінші елеулі талпыныс. 1959 жылғы «Библияны аудару мысалы негізіндегі аударма ұстанымдары» атты мақаласының өзінде, ол аударманың негізінде тілдік жүйелерге тән басты ерекшеліктер жататындығын айтқан:
1) тілдік белгілердің жүйелілігі;
2) аталған затқа қатысты тілдік белгінің тәуелсіздігі;
3) шындықты тілдік және сөйлеу белгілерімен мүшелеудің еркіндігі;
4) әртүрлі тілдердің мағыналас мазмұнды білдіру үшін белгілерді ұйымдастыра алуы.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz