Си тілінде құрылған программаның құрылымы


Slide 1 Slide 2

Си тілінде құрылған программаның құрылымы

Си тілі (1972 жылы Деннис Ритчи ұсынған) әдетте тек Ассемблер тілінде бағдарламалағанда қол жеткізген компьютер ресурстарын тиімді қолдану мүмкіндіктері бар жоғары дәрежелі тілдің қасиеттерін біріктіреді. Си тілін үйрену қарапайым емес және бағдарламалауда мұқияттылық қажет, бірақ ол ас тиімді және күрделі бағдарламаларды құруға ерік береді.

Slide 3

Сонымен Си программасы бірнеше функциялардан құралады және олардың біреуі міндетті түрде MAIN() болуы қажет. Қарапайым программаның мысалын қарастырайық. Жалпы кез келген функция оның тақырыбы мен тұлғасынан тұрады.

Кез келген программа бір немесе бірнеше функциялардан турады. Олар программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады. Кез келген программаның жазылған алғашқы мәтіні бастапқы код деп аталады. Оны біріктірілген программалау ортасында теріп, сонан соң компилятор арқылы машиналық кодқа түрлендіріп орындаймыз.

Си тілінде жазылған программа препроцессор директиваларынан, глобалды (ауқымды) айнымалыларды жариялаулардан, бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Осы функциялардың ішінде түгелдей программаның жұмысын басқаратын бір негізгі (main) функция болады.

С тіліндегі программаның жалпы құрылымы мынадай:

<препроцессор директивалары>

<қолданушы типтерін анықтау - typedef>

<функциялар прототиптері>

<глобалды объектілерді анықтау>

<функциялар>

Slide 4

Си тіліндегі бағдарлама:

#include

Main () {

Float a[100], s;

Int I, n=100;

For (i=0; i<=n; i++) Get (a[i] ) ;

For (i=0; i<=n; i++) S=s+a[i] ;

Printf (“s=f/n”, s) ;

}

Slide 5 Slide 6

Си программалау жүйесінің файлдары

Файлдан оқу және файлға енгізу үшін ең алдымен файл fopen функциясының көмегімен ашылуы тиіс. Бұл функция операциялық жүйе арқылы орындалатын әрекеттерді ұйымдастыру жұмысын орындайды және файлмен мәлімет алмасуға арналған көрсеткішті қайтарады.

Мұндай құрылым сипаттамасы кітапханасындағы FILE типінде беріледі. Қолдану үшін мынадай декларация берілсе жеткілікті:

FILE * fp;

FILE * fopen (char * name, char * m) ;

Мұндағы: fp - FILE типіндегі көрсеткіш, ал fopen FILE - ге көрсеткішті қайтарады. Fopen функциясы мына түрде қолданылады:

fp = fopen (name, m) ;

Мұндағы: name - файлдың атын меншіктейтін жол; ал, m - файлды қолдану режимі; яғни бұл да жол, қолданушы файлды қалай қолданатынын білдіреді, төмендегідей мәндердің бірін иелене алады:

" r " - (read) оқу режимі;

" w "- ( write) жазу;

" a "- ( apprnd) толықтыру;

Slide 7

Файл режимдері

Файл мынадай режимдерде ашылуы мүмкін:

- текстік;

- екілік;

Текстік режимде ашу үшін режимді көрсеткенде қасына «t» символын тіркеу арқылы жүзеге асады;

Режимдер кестесі:

Slide 8

Файлмен мәлімет алмасу мақсатында ifstream және ofstream кластарын қолданған тиімді. Ол үшін < fstream. h > тақырыптық файлы ашылуы тиіс. Мұнда, сәйкесінше, ifstream класының объектісі myof және ostream класының mygf лектері құрылып көрсетілген файлмен байланысады.

Файлмен мәлімет алмасу мүмкіндігінің режимін өзгерту - файлдық объектінің сипатындағы екінші аргументін өзгерту арқылы жүзеге асады.

Мысалы, Ofsetream myof ( “prim. in”, ios::app ios::nocreate) ; - мұндағы файл бар болса ғана myof объектісі құрылып, байланыс орнатылады, себебі ios::nocreate аргументі берілген, яғни файл болмаса, объект құрылмайтынын білдіреді. Ал, ios::app аргументі файлға шығарылатын мәндер файлдың соңына қосылатынын анықтайды.

Флаг-аргументтер биттік - «немесе» амалының көмегімен біріктіріліп анықтала алады.

Файлдық лекті анықтау барысында қолданылатын аргументтерді анықтайтын флагтар төмендегідей:

флаг

Мағынасы

ios::in

Файл оқуға ашылады

ios::out

Файл жазуға ашылады

ios::ate

Объект құрылған соң, ағымды көрсеткіш файлдың

соңына орнатылады

ios::app

Мәндер файлдың соңына жазылады

ios::trunc

Егер файл бар болса, ол тазартылады

ios::nocreate

Файл болмаса, онда объект құрылмайды

ios::noreplace

Файл бар болса, онда объект құрылмайды

ios::binary

Файл екілік режимде ашылады (қалыпты жағдайда

тексттік режим)

< fstream. h >

ostream

Slide 9

feоf (FILE * fp) - функциясы файлдың соңын анықтайды.

Файлды жабу үшін:

Int fclose(FILE *fp) функциясы қолданылады, яғни файлдық көрсеткішпен орнатылған байланысты үзеді.

 Файлмен мәлімет алмасу үшін fstream класының объектісі де қолданылады: Fstream io(“update. dat”, ios::inios::app) ; - бұл жағдайда көрсетілген файл мәліметті оқуға және жазуға ашылады.


Ұқсас жұмыстар
Си тілінде құрылған программаның құрылымын сипаттау Си программалау жүйесінің файлдарының құрамы қандай Си тілінде деректерді ұйымдастыру
Pascal тілінде бағдарламалау
Ішкі және модульдік программалау
TP және Си подпрограммаларды пайдалануды салыстыру. Ішкі программаларды пайдаланатын программалар құру. Модульдерді пайдаланатын программа құру
СИ тілінің жалпы характеристикасы. Си программалау жүйесіне кіріспе
Ішкі және модульдік программалау. Си тілі мен Паскаль тілінде жазылған бағдарламалар
Си тілінде құрылған программаның құрылымын сипаттау
Бағдарламалау тілдері
TP және Си подпрограммаларды пайдалануды салыстыру. Ішкі программаларды пайдаланатын программалар құру
ТР және СИ подпрограммаларды пайдалануды салыстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz