ЭЕМ-нің құрамы




Презентация қосу
ЭЕМ-нің құрамы
ОРЫНДАҒАН :АБЫЛГАЗИНА ДИНА
Аппараттық жабдықтар
Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте ж ұмыс
істейтін мынадай құрамнан тұрады:
1.Орталық процессор;
2.Енгізу құрылғысы;
3.Есте сақтау құрылғысы;
4.Шығару құрылғысы.
Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір
интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. К үрделі машиналарда
процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралды қ схемалар жиынынан т ұрады.
Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.
Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс н әтижелерін компьютер
жадына сақтауға арналған.
Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.
1 — Монитор, 2 — Аналық тақша, 3
— Орталық процессор, 4 — Жедел
жад, 5 — Кеңейтілім картасы, 6 —
Қоректендіру блогы, 7 — Оптикалық
привод, 8 — Қатқыл диск, 9 —
тышқан, 10 — Пернетақта.

Сурет:Personal computer, exploded.svg
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электронды қ компоненттері информация өңдеуді ң белгілі бір
қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралды қ схемалар деп
аталады.Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасал ған қорап қа салын ған жартылай өткізгішті
кристалдардан тұрады.Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қорапты ң шеткі та қшалармен
жалғастырады.
Жартылай өткізгішті кристалл көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумды қ б үрку, тырналау,
қоспаларды, иондық түрде енгізу, дәлме-дәл фотолитография, тәрізді ж әне де бас қа жо ғары сапалы
технологиялар қолданылады.
Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр схемасына біріктірілген “электронды қ молекулалар”
жасалады. Олар бір кристалл, (5*5мм) ж үз мы ңнан аса бір-бірімен байланыс қан “электронды қ молекулаларды”
құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру ж ұмыстарын орындый алады. М үмкін болаша қта осындай
схемалар элементтері рөлін тікелей ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын шығар.
Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын ба қылау-барлы ғы да автоматтандырыл ған, оны ң
үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген. Интегралды қ схемаларды шы ғаруды баспаханаларда ғы
кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ-ні ң
әртүрлі тетіктерінің- шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты б өлек-б өлек
топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады.
Бұл схемалардың интегралдық деп аталу себебі олардың бір кристалы күрделі логикалы қ функцияларды ң
белгілі біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сия қты машина
қондырғылары оңай жасалады.
үй елі к блок
Ж
Мәтіндік және графикалық информацияны кескіндеуге арнал ған монитор немесе
дисплей
Әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақты немесе пернелік
Компьютердегі ең негізгі құрылғы- жүйелік блок, оның ішіне ДЭЕМ- ні ң басты
құрылғылары орналасқан. Жүйелік блогы құрамында микропроцессор, жедел жад,
тұрақты есте сақтаушы құрылғы, қоректену блогы мен енгізу-шы ғару порттары ж әне
мәлімет жинақтауыштар бар.
Бұлардан басқа компьютердің жүйелік блогына мынадай құрыл ғыларды қосу ға
болады:
•мәтіндік және графикалық информацияларды басып шығаруға арналған принтер
•графикалық курсормен басқарылатын құрылғы- “тышқан” графикалы қ қолтетігі
•джойстик- компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік
•графиксызғыш немесе плоттер – сызбаларды (графиктерді) қа ғазға шы ғару ға
арналған құрылғы;
•сканер (ізкескіш) – графикалық немесе мәтінді информацияларды о қу ға арнал ған
оптикалық құрылғы;
•CD-ROM – компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы, ол қозғалатын бейнелерді,
мәтіндерді және дыбыстарды шығару үшін кеңінен пайдаланылады;
•модем – телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен информация алмасу ға
арналған құрылғы;
•стример – мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы;
•желілік адаптер компьютерді жергілікті (торапта) қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен, ДЭЕМ-нің негізгі құрылғыларына процессор, жад (жедел ж әне сырт қы),
сыртқы құрылғыларды қосу және мәліметтерді жеткізу құрылғылары жатады. Енді
компьютерге кіретін немесе оған қосылатын әртүрлі құрылғылардың
сипаттамаларын қарастырайық.
пр оце с с ор
Микро
Микропроцессор бір криталда дайындалған (үлкен) интегралды қ темелар – БИС, олар әрт үрлі
типтегі ЭЕМ жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әрт үрлі логикалы қ функцияны
орындайтын етіп программалауға болады, сонды қтан программаны өзгерту ар қылы
микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шы ғару ж ұмыстарын бас қарушы ролінде
қолдануға болады. Микропроцессерге жедел ж әне т ұра қты жад, енгізу-шы ғару құрыл ғыларын
қосуға болады.
IBM тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасыны ң ж әне бас қа да фирмаларды ң бір-біріне үйлесімді
микропроцессорлары пайдаланылады.
Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі оларды ң типтерінде (модельдерінде), я ғни оны ң
қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамды ғыны ң к өрсеткіші – мегагерц - МГц бірлігімен
берілген тактылық (қадамдық) жиілігінде жатыр. Бұған дейін ке ң тара ған модельдерге Intel-8088 (~5
МГц), 80286 (~20 МГц), 80386SX (~25 МГц), 80386DX (~40 МГц), 80486 (100 МГц-ке дейін), Pentuim
(75 МГц-тен жоғары), Pentuim-Pro (~300 МГц-тен жо ғары), PentuimІІ, PentuimІІІ (800 МГц-ке дейін),
және PentuimІV (1000 МГц-тен жоғары) жатады, б ұл тізім оларды ң ж ұмыс өнімділігі мен со ған
сәйкес боғасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конструкциялы қ ерекшеліктеріне қарай
бір модеоьге кіретін прцессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді – жиілігі арт қан сайын оны ң
жұмыс жылдамдығы да өсе түседі.
Intel 8088, 80286, 80386 тәрізді б ұрын шы ққан микропроцессорлады ң аралас сандар мен амалдарды
жылдам орындайтын арнаулы командалары жо қ, сонды қтан олар ж ұмыс өнімділіктерін арттыратын
қосымша математикалық сопроцессорлармен (Turbo режимы) жабды қталады.
Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалады (Laptop немесе Note book). М ұндай ЭЕМ-
дерде жүйелік блок, монитор және пернелік бір қорапта жасал ған: ж үйелік блок пернелік астында, ал
монитор пернеліктің қақпағы түрінде жасалған.
л жа д ы
-н і ң жеде
ЭЕ М Оперативті есте сақтау құрылғысы немесн ЭЕМ-нің жедел жады (RAM), сондай-а қ т ұра қты
есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор
жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. өңделуге тиісті кезкелген м әлімет алдымен
компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.
Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс м әләметтер мен
программалар сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискінен жедел жадқа
көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта
информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ с өндірілгенде немес
еэлектр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты
әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны
оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады.
Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі
қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не мегниттік дискеттегі
сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1
килобайт)=1024байт, 1Мб (1 мегабайт)=1024кб, ал венчестер деп аталып жүрген қатты дискіде
1000-10000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады.
Әдетте IBM PC XT (бұрынғы модель) компьютерлерінің жедел жадының көлемі 640 кб, IBM
PC AT үшін – 1 Мб-тан жоғары, ал олардың жоғарғы модельдері 1-ден 16Мб- қа дейін, біра қ
оның көлемі 32 Мб не одан да жоғары бола береді – жедел жадтың көлемін оның негізгі
тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады.
Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол өзгертілмейтін
информацияны сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқу ға болады.
Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын 32-64кб шамасында. Тұрақты жадқа керектеі
программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді ток көзіне
жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін қажет.
Сыйымдылығы 1Мб немесе одан жоғары болып келетін компьтерлердің
жедел жады екі бөлімнен тұрады – алғашқы 640кб қолданбалы
программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей
мақсаттарға пайдаланылады:

• операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және компьтердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін
операциялық жүйенің бөлігін сақтауға, сондай-ақ төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шы ғару ж ұмыстарын
орындау үшін;
• экранға кескіндерді беру үшін;
• компьютердің қосымша құрылғылары мен бірге жүктелетін операциялық жүйелерді ң әртүрлі ке ңейтілген
мәліметтерін сақтау үшін қажет болады.
Жедел жадтың көлемі туралы сөз болғанда, оны бірінші бөлігі туралы айтылады, ал ол кейбір программаларды
орындауға жеткіліксіз болып қалады. Міне, осындай сәттерде компьютерді ң жедел жадыны ң ке ңейтілген б өлігі
(extended) мен қосымшасы (expanded) пайдаланылады.
INTEL фирмасының 80286, 80386SX және 80486SX сияқты процессорларды 1-16Мб жедел жад к өлемімен, ал
80386 және 80486 процессорлар - 4-8Мб көлемімен жұмыс істей алады. Біра қ операциялы қ ж үйе үлкен к өлемді
жадты толық пайдалана алмайды. Қосыша жадты пайдалану үшін арнаулы программалар – “драйверлер”
жасалынады, олар қолданбалы программадан тапсырма алады да, процессорды ң “ қор ғал ған режим” ж үйесіне
көшеді. Тапсырманы орындаған соң, драйвер алғашқы режимге көшуді қамтамасыз етеді де, микропроцессор
жұмыстың қалыпты режиміне ауысады.
Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны
кэш-жад (Cash) немесе бүркеме-жад деп атайды. Ол жедел жад пен процессордың
жұмысын жылдамдату үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.
Процессордан бөлек компьютер құрамында:
• ЭЕМ құрамына кіретін (дисплей, диск және т.с.с.) әртүрлі құрылғылар және
олардың жұмысын басқаратын электрондық схемалар (контроллерлер);
• Енгізу-шығару порттары, олар жүйелік блокқа әртүрлі принтер,
графиксызғыш, тышқан тетігі тәрізді шеткері құрылғыларды тіркейтін
көпразрядты байланыс құрылғылары түрінде болады.
Енгізу-шығару порттары ішкі негізгі құрылғылары мен байланыс жасайтын
арнайы порттан және шеткері құрылғыларымен (принтер, тышқан тетігі т.с.с.)
байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы
порттар LPT1-LPT3 деп белгіленетін параллель және COM1-COM3 болып
белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жұмысты жылдам
істейді, бірақ байланасу үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді
(принтермен жалғасатын порт параллель, ал модеммен телефон желісі ар қылы
байланысатын порт тізбекті түрге жатады).
д апт е рле р
а ф и к т ік а
Гр
Монитор немесе дисплей – ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрыл ғы, ол компьютерді ң
жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай
дисплейлер монохромды (ақ-қара) және түрлі-түсті болып, ал экранға шығарылатын информация
түрлеріне байланысты символдық (тек символдық информация) және графиктік (символдық және
оған қоса графиктік информация) болып бөлінеді.
ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды
көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың
өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалы қ
схемалар орналасқан.
Электрондық сәуле экранда секундтің 1/50 бөлігінде жүріп өтеді, бірақ экран бейнесі одан жәй
өзгереді. Сондықтан экранның бір көрінісі үшін бейне сигналды бірнеше рет қайталап беріп
отыру керек. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтау ға арналған бейнелік жад бар.
Көбінесе символдық режимде дисплей экранына 80 таңбадан тұратын 25 жол м әлімет
шығарылады (барлығы – 2000 таңбадан тұратын стандартты машинка қағазындағы символдар
саны), ал графикалық режимдегі экранның бейнелеу (көрсету мүмкіндігі) қабілеті адаптер
тақшасын жүйелік блокты байланыстыру құрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес болады.
Экрандағы кескін көрінісінің сапасы графикалық адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады.
Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады: EGA, VGA ж әне SVGA. Қазіргі кезде VGA
және SVGA (Super VGA) ке ңінен қолданылады, SVGA-ны ң к өрсету қабілеті өте жо ғары.
Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.
Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графикалы қ режимде экранда к өрсетіле алатын бір
жолдағы нүктелер (пиксельдер) санына байланысты. Мысалы, 720*348 м үмкіндікті немесе
одан да жоғары монитор вертикаль (тік) ба ғытты 348 жол-н үктені к өрсете алады, ал оны ң
әр жолында 720 нүкте бар. Баспағана жүйелерінде 800*600 және 1024*768 м үмкіндікті
немесе одан да жоғары мониторлар қолданылып жүр. Біра қ олар қымбатыра қ т ұрады.
Экран бетінің мөлшері диагональ стандарт (14 дюйм-1 дюйм=2,54см) бойынша жасалады,
үлкейтілген (15 дюйм) және теледидар (17,20 және 21 дюйм – диагоналі бойынша 54см-ге
дейін) тәрізді болып та жасалғандары кездеседі, олар т үрлі т үсті (16млн-нан бірнеше
ондаған млн түстерге дейін) немесе ақ- қара (монохромды) болып та шы ғарыла береді.
Адаптерлер стандартты түрлі т үсті мониторда ғы т үстер палитрасын (жиынын)
анықтайды: CGA (ескі модель) стнадартты режимде 4 т үспен, EGA – 64 т үспен, VGA – 256
түске дейін, ал SVGA – млн-нан аса т үстермен ж ұмыс істе алады. Біра қ символды қ
рнжимде көрсетілген стандартта ғы экрандарды ң барлы ғы да 16 т үсті ғана қолданылады.
Монитор типін ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты та ңдау керек. Егер тек м әтіндік
информациямен жұмыс істейтін болсақ, онда монохромды символды қ монитор жеткілікті.
Ал, егер де автоматтандырылған жобалау жұмыстарымен айналасу қажет болса, онда
түрлі түсті графикалық монитор қажет болады. Біра қ к өптеген программалармен ж ұмыс
істеу кезінде түрлі түсті графикалы қ мониторды қолдан ған өте ы ңғайлы екенін еске
сақтаған жөн.
от т е рл ер
е р м е н п л
и н т е рл
Пр
Принтер мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел
жадынан қағазға басып шығаруға арналған.Ол рулон қағаз түрінде де, пара қ
та бола береді.
Принтерлердің негізгі артықшылығы – олар көптеген қаріп түрлерін
пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады. Шрифт түрлеріндегі
әріптердің биіктігі, ені, олардың ара қашықтығы, интервалдары әртүрлі
болады. Әрбір адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті қаріп
түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен жолды ң
енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс.Осыған байланысты матрицалық
принтерлердің тар (стандартты бір бет қағаз үшін ) және күймелі (қатар
тұрған екі бет қағаз үшін) түрлері бар.
Жұмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін теруге арналған компьютер
жадындағы кеңістік) өте көлемді болатынын білген дұрыс, ол экран
мөлшерінен әлдеқайда үлкен болып,мыңдаған жолдардан тұра алады, оның
көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен және программа
ерекшеліктерімен анықталады.Сол себепті мәлімет қағазға басыларда, әр
жолдың ені анықталып, қаріп ерекшеліктері мен интервалдарға, шеттегі бос
орындарға байланысты мәтін беттерге бөлінеді.
Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті етіп басып бере алады,
соған байланысты олардың көптеген модельдері бар. Қазіргі кезде
принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік
Соңғы кезге дейін ең көп тараған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы лазерлік принтерлер
болып саналады, оларда қағазға таңба салу лазерлік сәуле арқылы жүзеге асырылады.
Матрицалық принтерлерде баспа тиегі қағаз жолдарымен жылжи отырып, керек кезінде
бояйтын (көбінесе қара бояу) лента арқылы қағазды символ суретіне сәйкес нұқып
отырады. Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, олардың сапасы орташа болады:
сапасын арттыру үшін инелер бір жолда жағалап бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Б ұлар ға
қарағанда 24 не 48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады. Матрицалық
принтерлердің жұмыс өнімділігі 10-60 секундта бір бет аралығында (секундына 20-400
символ) болады, бірақ олардың қағаздағы сапасын арттырғымыз келсе, жылдамдықтан
ұтыламыз. Принтерлерді таңдау кезінде олардың латын әрпінен өзге ұлттық әріптерді
(қазақ, орыс, ұйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мұндайда екі түрлі
жағдай болуы ықтимал:
а) орыс, қазақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын ала қондырылған,
сондықтан принтер тоқ көзіне қосылысымен бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер
принтердегі әріптердің кодтары компьютердегімен бірдей болса, операциялы қ жүйелер
командаларымен (PRINT, COPY) мәтіндерді қағазға баса беруге мүмкіндік бар. Егер
кодтар әртүрлі болса, онда оларды сәйкестендіретін драйвер-программалар қажет.
ә) ұлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда, алдын ала компьютерге ұлттық
әріптерді принтерге шығара алатын драйверді (басқару программасын) жүктну керек.
Принтерді немесе компьютерді ток көзінен ағытатын болсақ, ол мүмкіндік жоғалады.
Сия бүріккіш принтерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы
шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап
тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жа қсы, сапалы әрі
дыбыссыз жұмыс істейді, көптеген қаріп түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы
қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді.
Лазерлік принтерлер – ксерография принціпін қолданатын құралдарға жатады,
бұларды әріп бейнелері электірлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы
қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер
коандалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм
аумаққа 300-ден 2400 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті та ңбалар саасы
жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және
жылдамдықтары да жоғары-орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті
3-15 секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтерді ң ба ғасы кішігірім ДЭЕМ-
нің бағасымен бірдей.
Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік информацияны қағазға
шығарады.
График сызғыштар жобалау жұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба (чертеж)
түріндегі бейнелерін басып ылу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып және де
сызу сапасына қарай бірнеше топтрға жіктеледі.
л ғы л а р ы
гі зу құр ы
рма ция ен
тер ге инфо
Компью
Пернетақта.ЭЕМ-ге мәлімет енгізетін ең негізгі
құрылғы пернелік тақта болып саналады, ол арқылы
мәтіндік информацияны теріп, әртүрлі командалар
енгізіп орындауға болады.
Тышқан тәрізді қол тетік” пернелікпен бірге ЭЕМ-ді
басқаруға арналған. Бұл – тегіс стол бетімен жылдам
жылжи алатын, қажет болғанда оның 2-3
батырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті
орындауға болатын қолмен басқарылатын кішкене
тетік.
Сканер (ізкескіш) – қағазға жазылған мәліметтің
кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық
негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе
алатын құрылғы.
Бірақ енгізілген информация графиктік түрге айналып,
оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол
суреттерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе
алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ­ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер
ЭЕМ­ң қызметі, құрамы және жіктелуі
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
ДЭЕМ-нің программалық жабдықтары. Программалар жайлы
Есептеуіш машинасының кезеңдерімен жіктелуі
ДЭЕМ - нің жабдықтары туралы ақпарат
Есептеу техникасының даму тарихы жайлы
ДЭЕМ­нің программалық жабдықтары
Аналитикалық машина
ЭЕМ сәулеті
Пәндер