ГЕОЭКОЛОГИЯ


Slide 1

ГЕОЭКОЛОГИЯ

Орындаған: Хусаинова С. О.

Топ: БЖ-315

Slide 2

Жоспар:

1. Адам іс- әрекетінің литосфераға әсері

1. 1. Литосфераға қысқаша анықтама

1. 2. Адамның литосфераға әсері

2. Минералды шикізат ресурстарының ұтымды пайдаланудың міндеттері.

3. Биосфераның Жер геосфераларының бірі ретіндегі негізгі ерекшеліктері.

Slide 3

1. 1. Литосфераға қысқаша анықтама

Литосфера - жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira - шар) - жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі - шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның кқалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.

Slide 4

Жер литосферасының тектоникалық тақтасы

Slide 5

Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді

Slide 6

1. 2. Адамның литосфераға әсері

Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпалын, әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүниежүзі бойынша 1 млрд тоннна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд тонна ластанғыштар енгізіліп отырса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, XX ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүниежүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де анторпогендік. Анторпогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн км2 - ден асып отыр. Бұл бүкіл құрлықтың 7%-ын құрайды. Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық. Физикалық ластану - радиактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар алады. Биологиялық ластану - ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға қоршаған ортада болуы.

Slide 7

Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе алып отырған жерлері белгілі. Ауыл шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскоридоз және т. б. ) қоздырғыштарын сатайтын ортаға жатады. Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скважиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің т. б. құрамына кіреті, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар суқоймаларға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1мг/лден жоғары болса, балықтардың жансыздануы байқалады. Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға түседі. Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады.

Slide 8

Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді. Сөйтіп біртіндеп көптеген жануарлар әлемінің өкілдері уланады. Егерде су қоймалары қазіргі қарқынмен пестицидтермен және т. б. ластағыштармен ластана берсе, басқа да суда сүзгіш құстар жойылады, ең бастысы адамдар үшін өте қауіпті жағдайлар туады. Латынша литос-тас, сфера-шар.

Жер қыртысы 8 ірі тақталардан тұрады:

1. Еуразия

2. Солт. Америка

3. Оң. Америка.

4. Африка

5. Антарктида

6. Үнді-Аустралия

7. Тынық мұхиттық

8. Неаска тақтасы

Slide 9

Жер қыртысын түзейтін тау жыныстар 3-ке бөлінеді:

1. Шөгінді-құм, саз. бор, тұз, тақта тас т. б

2. Магмалық-гранит, базальт

3. Метаморфтық өзгергіштік

Шөгінді тау жыныстары 3-ке бөлінеді:

1. Кесек шөгінділер-тау жынысының көлемінің өзгеруі

2. Органикалық шөгінділер-шымтезек, таскөмір, бор, құмтас, тақтатас

3. Химиялық шөгінділер-тұздар, қышқылдар

Slide 10

Адамзат баласы табиғаттың өзі жаратқан ғажайып көріністердің бірі. Бірақ адам баласының үстемдігі, ақыл-ойының біліктігі оның табиғаттың басқа организмдерінен әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күнелткен алғашқы адамдардың өзі де керек-жарақтарды атмосферадан алып отырған. Сана-сезім ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтерліді. Адам өзінің ақыл-ойы арқылы көптеген жетістіктерге жетті. Яғни неше түрлі өндіріс, өнеркәсіп орыдары және т. б. мекемелер жүйесін қалыптастырды. Бұлардың пайдалы және зиянды жақтарын жоғарыда айтып кеткен едік. Биосфераны осындай антропогендік фактор әсерлерін қорғау -маңызды шаралардың бірі. Адам әрекеті санасында табиғатты, жерді, ауа мен өзендерді, көлдерді, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану осы заманғы алдыңғы қаталы мәселелерінің біріне айналып отыр. Ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра, тіршілігіміздің қайнар көзі-табиғат байлығына жетіп, бағлап, оған келтірілген залалы үшін болашақ ұрпақ алдында жауапты екенімізді ешуақытта естен шығармағанымыз жөн.

Slide 11

2. Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары

Адамзат қоғамының минералды - шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Қазақстан - жердегі минералды - шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың ( олардың 29 -ы металдар) Қазақстанда 39 -ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғар көрсеткіштер тек Ресейде - 49, Қытайда - 45, Австралия және АҚШ - 42, Бразилия - 41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.

Slide 12

Мұнай мен табиғи газ қорлар бойынша республика әлемі елдерінің бірінші ондығына кіреді, мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран және сирек кездесетін металдар т. б. табылған.

Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегия­сын­да кен-металлургия кешені Қазақ­стан­ның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қата­ры­на қосылуын қам­тамасыз етуге жәр­демдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.

Slide 13

Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат рыногы­ның дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж. ) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:

Пайдалы қазба атауы:

% - ы / алатын орны

Пайдалы қазба атауы:

% - ы / алатын орны

Алтын

2, 7% / әлемде 8 орын

Барит

47, 2% / 1-орын

Күміс

16% / 9-орын

Темір

6%

Мыс

7, 1%

Кобальт

3, 9% / 5-орын

Марганец

30% / 2-орын

Хром

37, 6% / 8-орын

Қорғаныс

22%

Боксит

1, 4% / 10-орын

Мырыш

15, 2%

Никель

1, 4% /-12 орын

Slide 14

Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша - екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша - алтыншы, марганец бойынша - сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында.

Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық суб­континентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.

Slide 15

Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымы­ның алдында қосымша міндеттер пайда болды. Яғни, отандық ғылымның жауап­кершілігі артты. Кеңес өкіметі кезінде осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен - жаңа технология жасау, оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын, ал өндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік ғалымдарға тапсыратын.

Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін, біздің үкіметіміз ондай маңызды бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті, еліміз экономикасының стратегиялық ба­ғыттары бойынша Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, олар­ға өз салаларында мемлекеттік бағдарлама­ларды іске асыру жүктелді.

Slide 16

Сондай құрыл­ған орталықтың бірі - “Қазақстан Рес­публикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталы­ғы” РМК. Бізге тау-кен, металлургия ба­ғыт­тары бойынша бағдарламаны орындау жүктелді. Әрине, біз бұл міндетті бұрынғы істеп жатқан жұмыстарымызға қосымша атқарып жүрміз. Мекеме қазір Орталық Азиядағы ірі ғылыми кәсіпорындардың бірі.

Ал жекеменшікке өтіп кеткен кәсіп­орындарға келсек, әрине, нарықтық эко­но­микада мемлекет кәсіпорынның шаруасы­на араласпайды. Әйтсе де үкімет өз мен­шігіндегі кен орнын кәсіпорынға пайда­лануға бергеннен кейін, сол пайдалы қаз­ба­ны өндіру мен өңдеу барысында жеке қожайындардың мемлекет мүддесін бұзбауын қадағалап отыруы тиіс.

Slide 17

Республикамызда 197 мұнай және газ кен орындары, олардың ішінде 102 мұнай, 29 газ конденсаты, 30 мұнай -газ конденсаты, 6 мұнай -газ, 11 газ конденсаты және 12 газ кен орындары ашылған. Мұнайдың ашылған кен қорлары 3млрд. тоннасы, ал газдың анықталған қорлары 3 трлн. текше метрді құрайды. Негізгі мұнай мен газды өндіру Батыс Қазақстанда жүзеге асырылады. Онда мұнайдың 90, 4% және газ конденсатының 100% өндіріледі.

Бұл регион Қазақстан территориясындағы неғұрлым ластанған және экологиялық жағдайы нашар аудандар қатарына жатады. Тау - кен өндіру өнеркәсәбәнің мұнай өндірі саласы жеке тұрғыдыан алғанда да басымдық маңызға ие ( 2030 жылға қарай мұнай өндіруді жылына қарай 150 млн. т - ға дейін жеткізу болжамын есепке алғанда) .

Slide 18

Жер қойнауы ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде келесі басымдықтар жатқызылуы тиіс:

- пайдалы қазбалар өндіру технологиясын жетілдіру;

- бос, өңделген жынысты пайдалану арқылы кен орындарын кешенді түрде өңдеу;

- пайдалы қазбалар кен орындарын үнемдеп пайдалану олардың іске жарау мерзімін ұзартуға ұмтылу;

- қажетті жағдайларда сирек кездесетін минералды шикізаттардың орнына басқа нәрсе қолдану;

- тау -кен орындары игерілген жерлерді кеңінен рекультивациялаужәне т. б.

Slide 19

Биосфера (гр. биос-тіршілік, өмір, гр. сфера - шар) - бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. [1] Биосфера- жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Биогеография-организмнің географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді. Биоценоз-өсімдіктер мен жануарлардың майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады. Табиғат кешені-табиғат компоненттерінің ұштасуы. Табиғат компоненттеріне топырақ, өсімдік, жануар т. б жатады. Ең ірі табиғат кешені-географиялық қабық немесе материктер мен мұхиттар. Табиғат зонасы-температурасы, жауын-шашыны, өсімдігі, жануары, топырағы өзара ұқсас ірі табиғат кешені. Табиғат зонасы 2 бағытта өзгереді: 1. Ендік зоналылық-табиғат зонасының ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуі. 2. Биіктік белдеулік-табиғат зоналарының тауларда биіктікке байланысты ауысып келуі. Биіктік белдеулерінің саны таулардың географиялық орнына және биіктігіне байланысты. Бір ендікте жатқан табиғат зонасының әр түрлі болуы мұхиттың алыс-қашықтығына жер бедеріне байланысты.

3. Биосфераның Жер геосфераларының бірі ретіндегі негізгі ерекшеліктері.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Геоэкология жер ғылымдар жүйесінде
Геоэкологияның негізгі санаттары
Геоэкология - экология және геграфия түйісіндегі кешенді ғылым
еоэкология
Табиғи - техногендік жүйелер қызметінің геоэкологиялық аспектілері
Ғаламдық экологиялық мәселелер
Экологияның зияны
Табиғатты қорғаудың мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Экологиялық қауіпсіздік
Геоэкологияжоғарғы иерархиялық деңгейлердің Экожүйесін зерттейтін экологияның бір саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz