Операциялық жүйелер, оның дамуы және түрлері (MS-DOC, NC, OS 2,UNIX, Windows)


Slide 1 Slide 2

Операциялық жүйе дегеніміз - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы бағдарламалармен қарым-қатынас жасауға арналған бағдарлама.

Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелерді бірнеше параметрлері бойынша бөледі:

Бір амалды орындайтын және көп амалды орындайтын;

Бір пайдаланушыға арналған және бірнеше пайдаланушыға арналған;

Желілік және желілік емес.

Slide 3

Операциялық жүйе - келесі амалдарды орындайтын бағдарламалар жиынтығы:

компьютер мен қолданушы арасындағы қарым-қатынасты жүргізу;

мәліметтерді енгізу-шығару және басқару;

компьютердің барлық аппараттық құралдарының жұмысымен келісілген ресурстарды басқару;

үрдістерді басқару, яғни бағдарламаларды орындау, олардың компьютер құрылғысымен, деректермен өзара әрекеттесуін орындау;

Slide 4

5. нақты қарапайым командаларды - ақпаратты өңдейтін операцияларды орындау;

6. орындау үшін бағдарламаны іске қосу;

7. басқа құрылғылар жұмысын бағдарлама-лық қолдау.

Қарапайым жағдайда ОЖ келесі негізгі компоненттерден тұрады:

Енгізу/шығаруды басқару бағдарламасынан;

Файлдық жүйені басқарушы және компьютерге арналған тапсырманы жоспарлаушы бағдарламадан;

Slide 5

командалық тіл процессорынан, ол операциялық жұйеге бағытталған командаларды қабылдайды, талдайды және орындайды.

Әрбір операциялық жүйенің жеке командалық тілі болады, қолданушыға:

каталогқа жету;

сыртқы тасушыларды белгілеуді орындау;

бағдарламаны іске қосу;

және тағы басқа әрекеттерді орындау мүмкіндігін береді:

Slide 6

Командалық процессор дегеніміз - қолданушы жіберетін қарапайым командаларды талдайтын, орындайтын және оның ОЖ ядросымен өзара қарым-қатынас жасауына жауап беретін бағдарлама.

Файл дегеніміз - кез келген ұзындықтағы байттардың есімделген тізбегі. Файл бағдарламадан, сандық мәліметтерден, мәтіндерден, кодталған бейнелерден және т. б. тұруы мүмкін.

Файлдық жүйе дегеніміз - қандай да бір тасушыда файлды сақтауды ұйымдастыруға арналған құрал. Қазіргі заманғы дискілік ОЖ-лер деректерді дискілерде сақтау үшін арналған және оларға жетуді қамтамасыздандыратын файлдық жүйені құрумен қамтамасыз етілген.

Slide 7

Файлдық жүйе қызметтеріне ОЖ-ні басқару арқылы орындалатын келесі амалдар жатады:

Файлдарды, каталогтарды (бумаларды) құру және оларға ат беру;

Файлдардың және каталогтардың атын өзгерту;

Компьютер дискілері және бір дискідегі каталогтар арасында файлдарды көшіру;

Файлдарды және бумаларды жою;

Берілген файлға немесе каталогқа қол жеткізу мақсатында файлдық құрылым бойынша жылжу;

Файл атрибуттарын басқару;

Slide 8

Каталог дегеніміз - файлдарды топтастыруды жеңілдететін, файлдық жүйенің объектісі. Каталогты директория, папка (бума) деп те атайды.

Каталогпен орындалатын амалдар:

каталогтың ішіндегісін қарап шығуға болады;

оған файлдарды салуға болады;

каталогтың ішіне тағы басқа каталогтарды және файлдарды салуға болады.

Осы құрылымды иерархиялық файлдық құрылым (каталогтар ағашы) деп атайды.

Slide 9

Утилиттер дегеніміз - операциялық жүйенің және құралдардың жұмысымен байланысты арнайы типтік тапсырмаларды орындауға арналған бағдарлама.

Утилиттерді көмекші бағдарламалар деп атайды.

Олар есептеу жүйесіне қызмет етуге және оның жоғарғы тиімділігін арттыруға негізделген.

Көмекші бағдарламалардың негізгі түрлері:

Архиватор-бағдарламалар (WinRar и WinZip) ;

Slide 10

Ақпараттардың резервтік көшірмесін жасайтын бағдарламалар (APBackUp, Acronis True Image) ;

Антивирустық бағдарламалар (Kaspersky Antivirus, DrWeb, Norton Antivirus және т. б. ) ;

Коммуникациялық бағдарламалар (Venta Fax, Cute FTP) ;

Компьютерді тексеруге (диагностикалауға) арналған бағдарламалар (Sisoft Sandra, Norton System Information) ;

Дискілерді тиімділеуге (оптимизациялауға) арналған бағдарламалар (Norton Disk Doctor, Microsoft Scandisk) ;

Slide 11

Драйвер дегеніміз - операциялық жүйеге компьютердің белгілі бір құрылғысымен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қызметші бағдарламалар жиынтығы.

Драйвердің міндеттері:

- жүйелік және қолданбалы бағдаламалар-дан түсетін сұраныстарды өңдеу;

- оларды физикалық құрылғыға түсінікті тілге аудару,

- оның жұмыс істеу процесін басқару,

- деректермен алмасу,

- параметрлерді орнату,

- бір қалып-күйден екіншісіне ауыстыру.

Slide 12

Операциялық жүйенің даму тарихы

1981 жылы IBM РС дербес компьютерлері мен MS-DOS операциялық жүйесі бір мезгілде пайда болды.

MS-DOS - Microsoft фирмасының дисктік операциялық жүйесі. Ол IBM РС компьютерлеріне орнатылды.

Microsoft Windows - басқарғанда графиктік ортаны қолдануға бағытталған операциялық жүйе.

Windows алғашқыда MS-DOS үшін графиктік баптау ортасы ғана болды.

Slide 13

1985ж. бірнеше амалдарды орындайтын Windows 1. 0 графикалық ортасы пайда болды.

1985 жылы Intel фирмасының 80386 сериялы микропроцессорларының шығуына байланысты графиктік мүмкіндігі мол Windows 3. 1 ортасы пайда болып, олар MS-DOS-пен бірге ДК-ге орнатыла бастады.

Microsoft фирмасы графикалық интерфейсті бағдарлама түрінде емес, компьютердің ажырамас бөлігі болып саналатын ОЖ түрінде жасап шығарды. Осылайша Windows 95, Windows NT, Windows XP пайда болды.

Slide 14 Slide 15

Windows-тың тарихы 1985 жылы оның алғашқы версиясы Windows 1. 0 шыққаннан басталады. Оның құрамында операциялық жүйенің жұмысын көп ыңғайлы жасаған программалар болды. Сол кезде қолданылып жүрген MS-DOS операциялық жүйесіне қарағанда Windows-та графикалық интерфейс қолданылды. (MS-DOS-та командалық интерфейс болды) Сонымен бірге Windows-та информация түгелдей экранға емес, терезе деп аталатын экранның ішкі аймағына шығарылды.

Slide 16

Apple Inc. (ˌæp(ə) lˌɪŋk, қаз. Әппл) - дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндірушіамерикандық корпорация. Дербес компьютерлер жасау саласында пионер компания. [2] . Бас пәтері - Калифорния штатындағыКупертино қаласында.


Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS 2,UNIX, Windows, оның түрлері) туралы ақпарат
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS­DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері)
Операциялық жүйелер, оның даму түрлері ( MS –DOC, NC,OS/2,UNIX,Windpws оның түрлері)
Экономикалық ақпаратты өңдеу. Компьютердің программалық жабдықтар құрамы туралы мәліметтер
ОЖ, оның даму жә не тү рлері (MC-DOC, NC, OS\2, UNIX, Windows, оның тү рлері)
Операциялық Жұйелер, оның даму және түрлері (MC-DOC, NC, OS\2, UNIX, Windows, оның түрлері)
1.Операциялық жүйелер туралы жалпы түсінік. 2.Жалпы түрлері 3.Қызметтері
Операциялық жү йелер, оның дамуы жә не тү рлері
Бағдарламалық жасақтама. Операциялық жүйелер
Бағдарламалық жабдықтаманың технологиялық сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz