Тері және оның құрылысы


Slide 1

Тақырыбы:

Тері және оның құрылысы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Орындаған: Оралғажин Ж.

Топ: ТК-421

Тексерген: Муслимова Н. Р.

Slide 2

1. Жоспар

1. Терінің құрылысы

2. Терінің қызметі

3. Теріні өңдеу және ұқсату

4. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Тері-мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т. б.

Slide 4

Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады.

Slide 5

Теріні жүннен арылту үшін сілті және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі. Боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының сығылады және оған жылтыр өң беріледі.

Slide 6

Терінің құрылысы

Slide 7

Мал терісі 3 қабаттан тұрады.

шелден

өзеңнен

қыртыстан

Slide 8

Қыртыс

Қыртыс бір - біріне тығыз орналасқан клеткалардан тұрады. Ол бірнеше қабатқа бөлінеді. Өзеңге жанаса орналасқан қабат, мальпиги қабаты деп аталады. Ол тірі организмде созылыңқы цилиндр тәрізді клеткалардан тұрады.

Slide 9

Өзең

Өзең - негізінен коллаген және аздау мөлшерде эластин, ретикулин белоктарының талшықтарының күрделі шиеленуісіне құралатын терінің негізгі қабаты. Өзең терінің бертік, илегіштік қасиеттерін, әр түрлі бағыта созылу қабілетін сипаттайды. Тері өзеңі екі қабатан тұрады. Бірі, - қыртысқа жақын орналасқан емізекше қабаты. Емізекше қабатында негізентүк қалташалары орналасқан. Екінші - торлы қабат - біркелкі талшықтардан құралып, шел қабатымен шектеседі

Slide 10

Тері асты қабаты

Тері асты клечаткасы-терінің ең төменгі қабатында, борпылдақ талшықтардан тұрады. Талшықтар арасында май мен қан тамырлары көптеп орналасады. Дайындық операциялары кезінде тері асты клечаткасы қыртыс сияқты теріден алынып тасталады.

Slide 11 Slide 12

Теріні өңдеу түрлері

1. Теріні құрымға салу

2. Теріні илеу

3. Теріні бояу

4. Тарамыс жасау

Slide 13

Мал терілерін илеу үшін үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Теріні бір рет суық суға жуып тазартады. Одан кейін күбідегі иге салып, күн сайын бірнеше рет сапсиды (шайқайды) . Тері иге түгел батырылады. Қой, ешкі терілері иде 6-9 күн, ірі қара терілері 15-20 күн жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалыңдап, ет қыртысы кәшіп тұрады. Иден шыққан теріні көлеңкеге бір рет кептіріп, соңынан сақармен жуып тазартады. Малмаға салған терінің жүні үйысып, білтеленіп қалады. Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкеді. Кейде сирек тісті тарақпен тарайды. Иленіп, кептірілген теріні қырады. Қырғы шалғы орақтан немесе жүзді темірден жасалады.

2. Теріні илеу

Slide 14

Тері ұқсатушылардың арасында ең көп тарағаны және теріні ұқсатудың тиімді тәсілі - қабыққа салып бояу. Теріні қабыққа салып бояу үшін талдың, еменнің, қара мойылдың, кейде май қарағайдың қабықтары да жақсы. Оларды жасамалы ағаштардан күздігүні әзірлейді. Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты кесілген ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң темір келіге салып түйеді немесе қол диірменмен тартады. 11-12 қойдың терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтаталған 4-4, 5 кг қабықты бір жарым-екі шелек суга салып, тұзын татытып қайнатады. Қайнау мен суалдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсуіне және қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан бояуы шықпай, қабықтар құрғап бара жатса, үстеп су құяды. Мұның керісінше, кейде оның суы көбейіп, бояуы өте сұйылса, қосымша қабық ұнтағын салып қайнатады. Ал қайнауы қанып, қажетті түсі мен қоюлығы жеткен соң от жағуды тоқтатады.

3. Теріні бояу

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Тері
Жануардағы тері және олардың туындылары
Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы. Малдың терісіне әсер ететін факторлар. Теріні консервілеу және сақтау
Аңдардың терісі және оның туындылары
Есту мүшелері
Терінің құрылысы
Тері топографиясы құрылысы және химиялық құрамы
Терінің қызметі
ТЕРІ ТОПОГРАФИЯСЫ
Былғары және тері өндірісінің шикізаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz