Мех терілерін әрлеудегі механикалық операциялар және технологиялық процестер


Slide 1

Тақырыбы:

МЕХ ТЕРІЛЕРІН ӘРЛЕУДЕГІ МЕХАНИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Орындаған: Қонақбаев Е. М.

Топ: ТК-321

Тексерген: Бауыржанова А. З.

Slide 2

ЖОСПАР

1. Мехты механикалық жолмен жұмсарту (откатка)

2. Жүнді жабынды тарау

3. Мехтың түкті жабынын тазарту және сабау

4. Түкті жабынды қырқу

5. Қылшық жүнді қырқу (эпилирлеу)

6. Үтіктеу

7. Ауданын өлшеу

Slide 3

Міндеті: Терілерді өңдеу барысында шикізатты және қажетті материалдарды өте ұқыпты жұмсап, технологиялық процесстерді мұқият жүргізіп, еңбек тәртібі мен техника қауіпсіздігін бұлжытпай орындауы талап етеді.

Slide 4

Мех терілерін әрлеудегі механикалық операциялардың ішіндегі кейбір жүнді жабынның сапасы мен тері өзеңіне үлкен әсер етеді. Бұған мысалы, жұмсартудың әртүрлі түрлерін: ағаш үгіндісімен өңдеу және үгіндісін қағып сілку сияқты операцияларды жатқызуға болады. Ал тері өзегінің қасиетіне әсер ететін механикалық операцияларға тегістеу, қыртысын жазу, созу, түрпілеу жатады. Түкті жабынның сыртқы түрін өзгертіп, сапасын арттыратын механикалық операцияларға тарау, қыру, сабау, қылшық жүнін қыру, үтіктеуді жатқызады. Бұл операциялардың дұрыс орындалмауы мехтың сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін

Slide 5

1. МЕХТЫ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖОЛМЕН ЖҰМСАРТУ (ОТКАТКА) .

Жұмсартудың мақсаты - кептіруден соң, мех жартылай фабрикатының тері өзеңін ылғалдандырып, оны жұмсарту (1-ші операция) және түкті жабын мен тері өзеңінен байланыспаған майлы заттар мен бояғыштарды аластау (2-ші операция) . Жұмсарту кезінде интенсивті механикалық әсерден мехтың жартылай фабрикат терісінің жұмсақтығы жоғарылап, ал түкті жабын ағаш үгіндісімен жанасудан судырап, тап таза жалтыраған күйге енеді. Операцияның бірінші сатысында ағаш үгіндісінің ылғалдылығы 25-30ºС-ке, массасы мех терілерінің массасына тең немесе одан азырақ болады, ал жұмсартудың екінші сатысында үгіндінің ылғалдылығы 10-12% болып, оған скипидар немесе таза майда құм қосады. Операцияның дұрыс жүруіне ағаш үгіндісінің түрі, формасы және өлшемі әсер етеді.

Slide 6 Slide 7

2. ЖҮНДІ ЖАБЫНДЫ ТАРАУ. ТАРАУ АРҚЫЛЫ ШАТАСЫП, ҰЙЫСЫП, БІРІГІП ҚАЛҒАН ЖҮНДІ АЖЫРАТЫП, ОҒАН БЕЛГІЛІ БІР БАҒЫТ БЕРЕДІ.

Түкті жабынды тарағанда механикалық кірлеуден (шаң-тозаң) арылады және қисайған, оралған, ұйысқан түктері түзуленеді. Тарау кезінде мехтық жартылай фабрикаттың сыртқы көрінісі жақсарып, түгі жалтырап, мамықтай үлпілдеп, жүннің сапасы арта түседі. Түкті жабынды жартылай мехтық фабрикаттағы түктің түріне, қалыңдығына, ұзындығына байланысты машинамен бірнеше рет қайталап тарайды.

Slide 8 Slide 9

3. МЕХТЫҢ ТҮКТІ ЖАБЫНЫН ТАЗАРТУ ЖӘНЕ САБАУ.

Бұл операция түкті жабыннан шаң, ағаш үгінділері мен жұлынған жүннен және басқа лас-қоқысты заттардан тазартып, оның сыртқы көрінісін жақсартады. Түктердің табиғи үлпілдек қалпына түсуіне жағдай жасайды. Өңделетін мехтың терінің ауданы мен түкті жабынының түріне қарай, оларға әртүрлі әсер етіліп, соған байланысты машиналар қолданылады. Бұл операция айналу білігіне бекітілген белдіктермен сабау арқылы немесе қатты ауа ағынында жүргізіледі. Мехтық қоян терісін белдіктермен сабау, арнайы білікті КМ2-500 маркалы машинада атқарылады: қой терілері үшін КМП-1200 машинасы қолданылады.

Slide 10 Slide 11

4. ТҮКТІ ЖАБЫНДЫ ҚЫРҚУ.

Қырқу түкті жабынның ұзындығын теңестіріп, мех терілерін имитациялау мақсатында түкті жабынның биіктігін өзгерту үшін қолданылады. Майда терілердің жүнін қырқу үшін КСМЗ-70, ал қой терісін қырқу үшін КСМЗ-120 маркалы қырқатын машиналары қолданылады. Бұл машиналар бір-бірінен тері өтетін ені мен теріні ұстап тұратын тетігімен ерекшеленеді. Мех терілерін қырқу:

Алдын ала қырқу (рубка)

соңында қырқу

Slide 12 Slide 13

5. ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ҚЫРҚУ (ЭПИЛИРЛЕУ) .

Кей жағдайларда мех терілерін имитациялау кезінде қылшық жүн қырқылып тасталады. Қылшық жүн қырқылғаннан кейін теріде біртегіс, біркелкі жібектей мамық жүнді жабын қалады. Бұл операцияға тек қана бірінші сортты, түкті жабыны қалың терілер жарамды. Осылай етіп, ондатра, саз құндызының және мысық терілері өңделеді. Қазіргі уақытта қылшық жүн белгілі бір биіктікте кесу арқылы, арнайы эпилирлейтін Эм2-550 маркалы машинасында жүргізіледі. Қылшық жүн мамық түктерге қарағанда берік болғандықтан, тез түзіледі де кесуші түйінге тез ілінеді. Егер жұмыс істеу тәртібі бұзылса, қылшық жүн бірқалыпты қырқылмай немесе мамық түктер де қырқылып кетуі мүмкін.

Slide 14

6. ҮТІКТЕУ.


Ұқсас жұмыстар
Консервіленген мал терілерін жібіту: физико-химиялық негіздері, топографиясы және технологиялық параметрлері
Теміржол стансасының жұмысы: технологиялық үрдістер, диспетчерлік басқару және маневрлік операциялар
Ақпараттық технологияларды басқару: технологиялық процестер мен басқарушылық есептер
Тері мен мех шикізатын қабылдау, сұрыптау және сақтау әдістемесі
Мал терілерін жібіту, жүннен арылту және күлдеу: мақсаттары, әдістері және химиялық бақылау
Аң терілерін илеу, өңдеу және сұрыптау: құрылысы, қасиеттері және дефекттері
Маталардың қасиеттері мен түрлері: беткі, оптикалық, физикалық, механикалық және технологиялық сипаттамалар
Мех және былғары шикізатын өңдеудің технологиясы: жібіту, шелдеу, жүнсіздендіру, пикельдеу және илеу
Қысқы аяқ киімді таңдау: материалдар, мех және былғары сапасын тексеру әдістері
Процестер және аппараттар курсы: негізгі процестер, материалдық және энергетикалық баланстар, есептеу принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz