Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі


Slide 1

Тема: Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі

Орындаған: Болатов Ш. Ж. ВС 505

Тексерген: Билялов Е. Е.

Семей қ. 2015 жыл

Slide 2

I. Кіріспе

Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі

II. Қорытынды.

III. Қолданылған әдебиеттер.

Slide 3

Фармацевтикалық терминология (гр. pharmakeia - дәрі-дәрмектің жасалуы және колданылуы) - медицина терминологиясының негізгі бір саласы болып есептелінеді. Фармацевтикалық деген сөз гректің “pharmacon” (дәрі) сөзінен шыққан. Ал фармакология дегеніміз - бұл дәрі-дәрмектердің ағзадағы әсерін тигізу жөніндегі ғылым. Фармация - бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған дәрі дәрмектердің өндірісі мен қолданылуы. Көп ғасырлар бойы дəрілік заттар атауларында латын тілі қолданылады. Фарматевтикалық терминологияда қамтылған терминосистема фармацевтикалық терминология мен рецептураны игеру үшін грамматикалық бөлімдер мен дағдылар қажет. Сонымен қатар рецептурамен байланысты кейбір қосымша грамматикалық тақырыптарды білу керек. Жаттығу материалдары өзінің мазмұны бойынша арнайы лексиканы қамтиды. Онымен емдеуші және операция жасаушы дәрігерлер дәрілерді тағайындағанда, рецептуралық анықтамаларды, препараттардың аннотациясын оқығанда жұмыс жасайды.

Slide 4

Фармацевтикалық терминология - белгілі бір жүйемен байланысты терминдер жиынтығы. Терминдердің қалыптасуы фармацияның қоғамдық және ғылыми -техникалық дамуымен байланысты, дәрітану саласында жаңа түсініктердің пайда болуына байланысты сәйкес терминдермен белгіленеді. Терминологиялық жүйе заманауи фармацевтикалық саланың даму сатыларына сәйкестендірілген

Slide 5

Кейбір фармацевтикалық терминдердің түсініктемесі Дәрі-дәрмек.

Дәрі-дәрмек дегеніміз - бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, адам тіндерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған зат.

Дәрілік зат - биологиялық зат немесе химиялық қосылыстардан тұратын дәрі. Дәрілік өсімдік шикізаты - медицинада қолданылатын өсімдік шикізаттары (шөп, тамыр, жапырақ, гүл, тамырсабақ және т. б) .

Дәрінің түрі - өсімдіктің шикізатқа немесе дәрілік затқа айналған қолайлы қалпы (ерітінді, таблетка, экстракт, жағатын май, балауыз дәрі, пилюля, ұнтақ т. б. ) .

Дәрілік препарат - арнайы дәрілік түрлерінен тұратын дәрі-дәрмек.

Ықпалды зат - терапевтік, профилактикалық және диагностикалық ықпал ететін дәрі бөлігі. Белгіленген мөлшерде бір немесе бірнеше ықпалды заттың бір дәрілік түрінде кіретін дәрі-дәрмектерді құрастырылған дәрі-дәрмектер деп атайды.

Slide 6

Негізгі фармацевтикалық түсініктер

• Дəрілік шикізат - өсімдіктердің, жануарлар мүшесінің бір бөліктері

жəне минералдардан, бактериялардан, саңырауқұлақтардан алынатын

өнімдер.

• Дəрілік заттар - дəрілік заттар ретінде қолданылатын химиялық

қосылыстар. Дəрілік заттарды химиялық синтез жолымен дəрілік шикізат-

тардан арнайы əдіспен алады.

• Дəрі - ауруды емдеу жəне алдын алу мақсатында қолданылатын

химиялық немесе табиғи жолмен алынатын заттар

• Дəрілік заттар пішіні - дəрілік затқа қолдануға ыңғайлы болу үшін

берілетін пішін. Олар төмендегідей болып бөлінеді:

Сұйық (ерітінділер, тұнбалар, қайнатпалар, сұйық экстрактілер, сус-

пензиялар, микстуралар, эмульсиялар . . . )

Жұмсақ (сүртпе майлар, линименттер, пасталар, суппозиторилер,

таяқшалар, пластырлер. . )

Қатты (ұнтақтар, капсулалар, таблеткалар, жиынтық дəрілік заттар,

пилюлдер, болюстер, брикеттер . . . )

Дəрілік препарат -дəрілік пішіндегі дəрілік зат (қатты, сұйық, жұмсақ)

Slide 7 Slide 8

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ ƏДІСТЕРІ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Көп дəрілік заттардың латын атаулары -um-ға аяқталаын n тектік

түріндегі екінші жіктеудің зат есімдері: Ampicillinum. Бұл зат есімдер ілік

септігінде -i-ге аяқталады: Ampicillini. Екпін бұл терминдерде соңғы

буынның алдындағы буынға түседі жəне қазақ тіліне um жалғауынсыз

аударылады - ампициллин. .

2. n тектік түріндегі екінші жіктеудің зат есімдерінің біразы -ium

жалғауына аяқталады. Олар -ий, -форм жалғауымен сай келеді: натрий -

Natrium, хлороформ - Chloroformium. Мұндай зат есім ілік септігінде -ii-ға

аяқталады: Chloroformii (бірінші і- түбірдің соңғы дауыстысы) . Екпін

соңынан санағанда үшінші буынға түседі.

3. -а -ға аяқталатын шет елдік препараттар I жіктеу бойынша жіктеледі:

Levodopa, Methyldopa

Қазақ тілінде -за-ға аяқталатын дəрілік заттар атаулары латын тіліне n

тектік түрінде аударылады: глюкоза - Glucosum, лидаза - Lydasum (бірақ: -

Asperasa, Gelatosa өзгермей қалады) .

Slide 9

4. Дəрілік заттардың тауарлық атаулары қандай түрде патенттелген

болса, солай жазылуы керек. Бірақ рецепт жазғанда ілік септігіндегі -і

жалғауы арқылы жазылады: Magurol - Maguroli, Taktivine - Taktivini.

5. Дəрілік заттарды жазғанда бірінші орында дəрілік зат формасы

жазылады: solutĭo, unguentum, tinctūra . . .

6. Екінші орында ілік септігіндегі дəрі атауы бас əріппен жазылады:

Solutĭo Lidocaīni - лидокаин ерітіндісі, Unguentum Tetracyclīni - тетрациклин

7. Фармацевтикалық термин құрамындағы сын есімдер терминнің

соңында жазылады: Solutĭo Hexoestrōli oleōsa - майлы гексэстрол ерітіндісі

(бірақ, мынадай дəрілік зат формаларынан кейін - membranulae - шілтер

(плёнка), mixtura - микстура, suppositorium -балауыз, сын есімдер дəрілік зат

формасының атынан кейін жазылады, мысалы: Suppositorium rectale

“Anusolum”) .

8. Тұнбалардың, тұндырмалардың, экстрактылардың, қайнатпалардың

атауларында дəрілік зат формасы мен өсімдік атының ортасында ілік

септігіндегі өсімдік бөлшектерінің атаулары жазылады (жапырақ, тамыр,

шөп жəне с. с. ) Infūsum foliōrum Digitālis - оймақгүл жапырақтарының

тұнбасы.

Slide 10

9. Күрделі құрамдағы дəрілік заттардың компоненттерін тізбектеп жазып

жатпау үшін оларға коммерциялық ат беріледі. Алдымен дəрілік зат

формасы, соңынан тырнақшаның ішінде атау септігінде коммерциялық аты

жазылады: Suppositorĭa «Anaesthesōlum» - балауыз «Анестезол».


Ұқсас жұмыстар
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелу
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Халықаралық анатомиялық номенклатура
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Фармацевтикалық терминология жүйесі
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯДАҒЫ ЛАТЫН ТІЛІНІҢ МАҢЫЗЫ. ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР ЖҮЙЕСІ. ДЕФИНИЦИЯЛАР
Фармацевтикалық терминологияны реттеу
ӨСӨЖ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ
Медицина тақырыбындағы мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz