Қазақтың ырымдары мен тыйымдары


Slide 1

Тәрбие сағаты:

Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.

Slide 2

Тәрбие сағаты

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты Тақырыбы: Қазақтың ырымдары мен тыйымдары. Мақсаты:

а) Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, ата дәстүрін танып білуге, ардақтауға, құрметтеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу. ә) Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық салт-дәстүрі негізінде адамгершілікке, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. б) Оқушылардың ұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді оқушыларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу. Тәрбиелік мәні: Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу. Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту. Көрнекілігі: слайд, қазақтың ырым - тыйым сөздері кітапшасы, ырым - тыйым сөздер. Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.

Slide 3

Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру. Қазақтың ырымдары мен тыйымдары. III. Кіріспе . Мұғалімнің түсіндіруі. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. Өмірде әр тақырыпқа байланысты ырым - тыйым сөздер кездеседі. Балаға, малға, әйел адамға т. б. IV. Ырым - тыйым сөздердің мән - мағынасын түсіндіру.

V. Қорытынды.

Slide 4

I. Ұйымдастыру кезеңі

«Жоғалған сөзді табу» ойын 1. Кім еңбек етсе . . . тоқ. 2. Еңбек етсең ерінбей, тояды . . . тіленбей. 3. Еңбек түбі . . . 4. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың . . . тәтті.

Slide 5

«Қандай тыйым сөздерді білесің?» 1. «Үлкеннің алдын кеспе». - Бұл тыйым сөздің екі себебі бар. Біріншісі мәдениеттілікке тәрбиелейді, үлкенді сыйлауға үйретеді. Екіншісі жолын кескен кісінің жолы болмауы мүмкін.

2. «Бетіңді баспа». - Жаманшылық шақыру деп түсіндіріледі. Өлі адамның беті жабылады.

3. «Босағада тұрма». - Қазақта жаманшылыққа жорыған, жетім балаға тән әрекет.

4. «Үйге қарай жүгірме». - Жаман оқиға туралы хабар айтады деп түсіндірілген.

5. «Итті теппе». - Ол жеті қазынаның бірі, адамның досы.

6. «Бос бесікті тербетпе». - Бала жататын төсек, ол бос болса оны тербетуге болмайды. Балаға зар болған адамдардың әрекеті.

Slide 6

II. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру. Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.

Ырым мен тыйым сөздер бір - бірімен сабақтас, өзектес болады. Халық ұғымындағы ырым ұрпаққа өнегесі, шапағаты тиетін, ізгі қасиеттер жұғысты болса екен деп қолданылатын ғұрыптың түрі. Ол негізінде жақсы ниет пен көңілге медеу, тілекке сүйеніш табу үшін қолданылады. Киелі, қасиетті ерекше бір рухтан сол арқылы медет тілейді. Ал кей әрекеттерден жамандық шақырады деп ырымдап, тыйым салады. Осы жерден біз осы екі ұғымның өзара байланысты қанаттас жүретінін аңғарамыз. Осы айтқанымыз сенімді болуы үшін мына мысалдарға назар аударыңыз: бүйіріңді таянба; үйге, ауылға қарай жүгірме; таңдайыңды қақпа; тізеңді құшақтама. Осы сөздерден жамандық шақырады деп ырымдап, тыйым салған.

Slide 7

III. Кіріспе

Әр ұлттың тарихи дамуында ерте заманнан қалыптасып, келе жатқан рухани асыл мұрасы әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы халықтың күн көрісі, тұрмыс-салты, мінез-құлқы ерекшеліктері мен дүниетанымының сыр сипаты айқын көрінеді. Ата-бабаларымыз өздері тіршілік етіп отырған орта, табиғат, тұрмыс-тіршілік болмысын, ел-жұрт арасындағы қарым-қатынас, жақсы-жаман кезеңдерді ой елегінен өткізіп, әр кез оған деген өз көзқарасын білдіріп отырған. Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі жеткіншек ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, олардың сана-сезімін, дүниетанымдық қабілетін дамытуды көздейді. Халқымыздың ғасырлар бойы жасасып, бізге жеткен асыл мұралардың бірі-тыйым сөздер. Олардан халқымыздың әдет-ғұрпы, наным-сенімін ғана біліп қоймай, бойымызға тәлім-тәрбие сіңіреміз. Тыйым сөздер мазмұны мен мақсатына қарай тұрмыстық-шаруашылық, еңбек, мәдени-гигиена, экологиялық тәрбие, әдеп мәдениетіне

тәрбиелейді.

Slide 8 Slide 9

Іс-әрекетке байланысты

Қонақ кете салысымен үйді қағып сілкуге болмайды . . .

Үйге қарай жүгіруге болмайды . . .

Құран оқығанда күлуге болмайды…

Аманатқа қиянат жасауға болмайды . . .

Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды . . .

Slide 10 Slide 11

Нанға қатысты тыйымдар

Нанды басуға болмайды

Нанды бір қолмен

сындыруға болмайды

Таңертең нан ауыз тимей

үйден шығуға болмайды

Тамақты сынамайды

Slide 12 Slide 13

Жолға жүруге

қатысты тыйымдар

Қайда барасың?

Қашан келесің?

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Бас киімге қатысты

ырым-тыйымдар

Аяқ- киімге қатысты

ырым-тыйымдар

Той киіміне қатысты

ырым-тыйымдар

Неке киіміне қатысты

ырым- тыйымдар

Сәби киіміне қатысты

ырым-тыйымдар

Сырт киімге қатысты

ырым-тыйымдар

Ұлттық киімдерге қатысты ырым-тыйымдар

Slide 17

Бас киімге қатысты

ырым-тыйымдар

Тымақты айырбастауға

болмайды

Ер адам әйелдің

жаулығын басына

салмайды

Бас киімнің төбесін

басып кимейді

Әйел жалаңбас

отырып бала

емізуге болмайды

Slide 18

Жаңа түскен

келін киімін

қысқартуға

болмайды

Аяқ киімді

төңкеріп

қоймайды,

теріс кимейді

Суық тиген

балана ұлтарақпен

үш мәрте ұрып

ұшықтайды

Той киіміне қатысты ырымдар

Slide 19

IV. Ырым - тыйым сөздердің мән - мағынасын түсіндіру.

1. Әкесі тірі адам бас ұстамайды және төрге шықпайды. Себебі әр азамат отбасының тірегі. Сондықтан ұстап отырған шаңырақтың билігі де, төрі де, бас та тек сол адамның құзырында болуы тиіс. Ал әкесі тірі адам төрге озып, малдың ең сыйлы мейманына берілер - басын ұстаса, ол сол шаңырақұ иесіне қиянат жасауымен тепе-тең. сондықтан басты тек әкесі қайтқан адам ғана ала алады.

2. Қазақ тұзды бекер босқа себепсіз шашпайды. Себебі барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған - тұз. Сондықтан тұз жерге себепсіз төгілсе ырыс қашады, сол үйден ас қашады деген түсінік бар. Сондай-ақ сол тұз еріп жоғалғанша тұзды рәсуа еткен адам тұздай ащы тірлік кешеді деген сенім де бар.

3. Бас киімді жерге тастай салуға болмайды. Бас киімнің орны биікте. Бұлай етпеген жағдайда бастан бақ қашады, бас ауруы жабысуы да мүмкін. Адам баласы үшін ақылынан қадірлі ештеңе жоқ.

4. «Босағаны керме», бұл - қазақ ұғымында әйел мен ер адам үйдің қос босағасы секілді, оны керу - екеуінің арасын суыту, ажырату деп білген. Сондай-ақ бұрындары жаманат хабар алып келген адам ғана есікті керіп тұрып, хабарды жеткізетін болған. Тағы бір ерекшелігі, мұндай хабар әкелген адам үйге кірмей, тізе бүкпей кетеді.

5. Жолды бос шелек ұстаған әйел кесіп өтсе - жолың болмайды. Сондықтан ата-бабаларымыз қыз балаларына: «Ешқашан ер адамның жолын кесіп өтуші болмаңдар!» деп ақыл-кеңес беріп отырған.

6. Есінегенде ауызды қолмен жабу қажет. Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) есінегенде, аузын оң қолының ішкі жағымен не сол қолының сырт жағымен жапқан екен. Өйткені адам есінегенде, шайтан оның аузына балаларын тастап жібереді екен. Міне, бұл да тыйымның бір түрі.

7. Үйге қарай жүгірмейді. Себебі мұндай әрекет жамандық шақырады. Адам баласы тек қаралы хабарды естірткенде немесе мәйітті жерлеп қайтқан кезде ғана үйге қарай жүгіреді. Қазақтың салтында суыт хабар айтуға келген адам ғана ауылға шауып келеді

8. Екі бүйірді таянуға да болмайды. Себебі қазақтың салты бойынша жақынынан айырылған адам ғана қос қолын беліне таянып, өмірден озған туған-туысын жоқтайтын болған. Сонда, үлкендер балаларына беліңді таянба деп айтқан кезде «әулетке қандай да бір нәубет келмесін» деп ойлайды.


Ұқсас жұмыстар
Қазақтың тыйым сөзі - ұлттық тәрбие көзі
Ұлттық идея және оның компоненттері
Даналығын халқымның мақтан етем
Түркілердің мәдени мұрасы
Тыйым сөздердің түрлері
Қазақтың ырым тыйым сөздері
Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың байланысы
Тұлғаны қалыптастырудағы қазақтың ырым-тиымдарының алатын маңызы
Халық дәстүрі-асыл қазына
Қымыз өндіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz