Қайым Мұхамедхановтың көркем туындылары


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Пәні: Қайымтану

Тексерген: Арай Кунапияқызы

Slide 2

Қайым

Мұхамедхановтың

көркем

туындылары

Тақырыбы:

Slide 3

Кілт сөздер: әдебиет, пьеса, Қайым Мұхамедханов, соғыс

Slide 4

Жоспар:

1. Қ. Мұхамедхановтың шығармалары.

2. Қ. Мұхамедхановтың соғыс жылдарында жазған өлеңдері

Slide 5

1916 жылы 5 қаңтарда

Семей қаласында дүниеге

келген

Семей педагогикалық

институтының филология

факультетін 1941ж бітірген

Өлең - жырлар, драматургия

жанрында бірқатар шығармалар

жазды, тәржімә жасаумен

көбірек шұғылданды

800 - ден аса ғылыми

еңбектердің авторы,

“Абайдың ақын шәкірттері”

атты төрт кітаптан

тұратын жинақ

құрастырды

1951 жылы “Абайдың

әдебиет мектебі”

тақырыбына

Кандидаттық

диссертация қорғаған

Көп жыл әдебиет пәнінің

мұғалімі, Абай мұражайының

директоры қызметін атқарған

Slide 6

Шығармалары

Абайдың ақын шәкірттері

Абай шығармашылығының

текстологиясы

“Ер Білісбай” пьессасы

“Майданнан майданға”

пьессасы

“Толқын” пьессасы

“Комиссар Ғаббасов”

пьесса

Ш. Камалдың

“Қажы әпенді үйленеді”

пьесасын аударған

У. Гаджибековтың

“Аршин мол алан”

аударма

Slide 7

Қайым Мұхамедхановтың «Комиссар Ғаббасов» атты тарихи драмасы Абай атындағы театрдың сахнасында әр түрлі редакциямен еліміздің екі жетекші режиссерлары, Қазақстанның халық артистері Байтен Омаров пен Есмұқан Обаевтің басқаруларымен 1960 және 1980 жылдары екі мәрте қойылды.

Slide 8

Ғалымның көлемді еңбегі «Қаракерей Қабанбай батыр» жыры. 1945 жылы М. Әуезовтың басшылығымен «Қазақ әдебиеті тарихынан» бірінші томын даярлау қоға алынып, 1948 жылы І томы жарық көргені белгілі. Міне осы кітаптың «Тарихи жырлар» бөліміне кіретін Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырларға арналған халық жырлары туралы мақала жазу Қ. Мұхамедхановқа тапсырылады. Жас-ғалым ұстазының ақыл-кеңесі, нұсқаған бағыты бойынша «Қаракерей Қабанбай батыр», «Қанжығалы Бөгенбай батыр» жырларының тарихи оқиғасына, көркемдік тіліне зерттеу жұмысын жүргізіп, әдеби талдау жасап академияға тапсырады. Бірақ бұл мақалалар түрлі идеологиялық кедергілермен жинаққа енбеді. Ғалым себебін: «Қаракерей Қабанбай батыр» да, «Қанжығалы Бөгенбай батыр» да әдебиет тарихы кітабына кіргізілмепті.

- Кейінірек: «Бұл қалай?» -деп Мұхаңанан сұрап едім:

- Қайтесің. Қалай дерің бар ма? Жоғарғы орындағылар сенің Қабанбайыңды да, Бөгенбайыңды да тарихқа кіргізіп дәріптеу керек емес деп тапты. Болды, деп қысқа қайырды да қойды»-деп жазды.

Slide 9

Қ. Мұхамедхановтың

сұрапыл соғыс жылдарында жазған

өлеңдері

«Сүйемін Отан - анамды»

«Атылсын»

«Біз жеңеміз»

«Туған жерге»

«Күткен күн»

Қ. Мұхамедханов өлеңдерімен жауға кекті ызасын ажал оғындай арнайды, осылайша жігерлі үнмен жеңіс күнін жақындатады.

Slide 10

Қорытынды

Қазақтың қайсар ұлдарының бірегейі - Қайым Мұхамедханов мұрасы бүгінгі жастарға үлгі, өнеге. Ұрпақ өзінің ұлттық мәдениетін жандандыру тұсында, Қайымның асыл шығармаларын оқып, оқып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адалдық, азаматтық, жайында жазған шығармаларына тереңнен бойлау, өзіндік талдау жасау, іздену- біздің міндетіміз. Жан-жақты дамыған жеке тұлға боламыз десек ұлттық рухани тәрбие берерлік, патриоттық, адамилық қасиетке бай шығармалары бар Қайым шығармаларын оқиық.

Slide 11

Тұжырым

Қайым Мұхамедханов қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкәрім поэзиялары текстологиясына арналған мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты.

Slide 12

Графикалық кескіндемелер мен қолданылған суреттерге ақпараттық сілтеме

1. Википедия

Slide 13

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұхамедханов Қ. Қазақ ССР 4- том. Қысқаша энциклопедия. -Алматы, 1989. - 442 б.

Мұхамедханов Қ. Советтік Қазақстан жазушылары. - Алматы: Жазушы, 1987. - 423 б.

Мұхамедханов Қ. Абай шәкірттері // Парасат. -1995. - 7. -1 б.

Мұхамедханов Қ. М. Дулатов // Қазақ әдебиеті. - 1989. -18 август.

5. Мұхамедханұлы Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Ә. Бөкейханов // Түркістан. -1995. -9 тамыз

6. Ибрагимов Абай мектебінің оқытушысы // Семей таңы. - 1996. - 16 қаңтар.

7. Исаұлы А. Ғылым жұлдызы // Семей таңы. - 2001. - 26 қаңтар. - 3 б.

8. Жұртбай Т. Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі. - 2004. - 23 қыркүйек. 26 б.

9. Тілеубекова У. Ғұмырын ғылымға арнаған адам // Семей таңы. -1996. -16 қаңтар.

10. Шыңғысұлы Б. Сүйінерге жарар ол // Семей таңы. - 1991. - 22 қаңтар

11. Жаппасұлы Е. Тұманды жылғы тумалар: // Түркістан. - 1996. - маусым

Slide 14

Орындаған:

Калиева Назым

Қ - 319 с

Slide 15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Пәні: Қайымтану

Тексерген: Арай Кунапияқызы

Slide 16

Мұхтар Әуезов

және Қайым

Тақырыбы:

Slide 17

Кілт сөздер: әдебиет, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхамедханов, Алаш

Slide 18

Жоспар:

1. М. Әуезов және Қ. Мұхамедханов.

Slide 19

Мұхтар Әуезовтың Қайым Мұхамедхановпен танысуы

Ұлы Мұхаң Қайым ағадан он тоғыз жастай үлкен еді. Соған қарамастанерте ержетіп, ерте қанаттанған, зерделі де зейінді, алғыр да отты Қайым інісін

қасына баласындай ертіп, тең құрбыдай санап, сырласып, әңгіме дүкен

құрысып, дәмдес, дастархандас бола жүрген. Оған себеп Қайым ағаның әкесі

Мұхамедхан ақсақал кезінде Семей шаһарындағы көзі ашық, ескіше, жаңаша

сауатты, жаңалық атаулыға құлағы түрік, біздің елден шетке шығып, алыс

өріс-оқуда жүрген қазақтың жас зиялыларын жан тарта жақсы көріп, халық

үшін етер жақсылықтарынан ағалық дәме күтіп, қолынан келгенше жәрдем,

көмегін де аямайтын абзал, жомарт жанның бірі болған. Мұхамедхан ақсақал

оқуда жүрген Мұхтар Әуезов елге келгенде оны әрдайым үйіне, дәмге

шақырып, мәслихат құрған. Қаланың сол кездегі нелер жақсылары мен

жайсаңдары, өнер иелері осы қарашаңырақта бас қосып, сауық-сайран

құрған. Ол кезде кішкентай бала Қайым ағамыздың бастауыш класта оқып

жүрген кезі болса керек. Ұлы Мұхаң мен Қайым ағаның алғашқы білісіп,

танысуы осыдан басталса, кейін келе бұл туыстық, араластықтың арты мәңгі

бақи ажырамас ғылым жолындағы бір арнаға қарай ойысады.

Slide 20

Ұлы Мұхаң мен Қайым арасындағы ұзақ жылдарға созылған достықтың адал жібін ешбір күш үзе алмады. Ғылым, өнер білім әдебиет пен тарих арасындағы қайшы алысқан пікір алмасулар Мұхаң көз жұмып кеткенше жүріп отырған. Бұл екі адамның ұлы достық қасиетін шыңдай түскен, екеуін бір-біріне ағалы-інідей жақындастырып, "телқоңырдай” табыстырып жіберген - ол данышпан Абай атамыздың өмір жолы мен мәңгі-бақи қайталанбас асыл шығармалары, ұлы адам өмір сүрген дәуірдің қыры-сыры, ақынның замандастары мен шәкірттері, ата мұраны бізге жеткізуші көнекөз қариялар осылардың бәрі қосыла келіп, ұлы Мұхаң мен Қайым ағаның ғұмыр бойы берік ұстанған айнымас зерттеу объектісіне, биік армандарына айналған.

Slide 21 Slide 22 Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Қайым және Шәкәрім
Қайым Мұхамедханов өмірі мен шығармашылығы
Абайтану ғылымында атқарған еңбектерімен таныстыру
Қайым зерттеулеріндегі әдебиет және тарих мәселелері
Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Әдеби бағыт және ағым
Уәйіс Шондыбайұлының шығармашылығының зерттелуі
Қ.Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ МҰРАЖАЙЫ
Халық педагогикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz