Гаметогенез


Slide 1 Slide 2

Гаметогенез

Гаметогенез (gametogenesis; грек, gametos- жыныс, жыныс клеткасы; genesis - шығу тегі) - жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі даму процесі.

Сперматогенез Овогенез

аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтардың даму процесі

аналық жыныс жасушалары - овоциттердің дамуы

Notes: Гаметогенез. Жыныс жасушалары немесе гаметалар жыныс бездерінде дамып-жетіледі. Аналық жыныс безінде жұмыртқа жасушалары, аталық жыныс бездерінде сперматозоид жасушалары түзіледі. Организмнің жыныс бездері пісіп-жетілген кезде алғашқы ұрық жасушалары белсенді жағдайда көшіп бөліне бастайды.

Аталық жыныс жасушаларының (сперматозоид) дамуы мен процесін сперматогенез, ал аналық жыныс жасушаларының (жұмыртқа) дамуы мен қалыптасуын овогенез деп атайды. Жалпы жыныс бездерінде аналық және аталық гаметалардың дамып жетілуін гаметогенез деп атайды.

Сперматогенез. Сперсатогенз төрт аймаққа бөлінеді: көбею, өсу, пісіп-жетілу және қалыптасу немесе сперматозоидтердің пайда болуы. Митоз жолымен жедел бөлініп, сперматоциттердің саны бірнеше есе көбейеді. Сперматоциттердің (бөліну) саны әр түрлі жануарларда түрліше болады.

Овогенез - жұмыртқа жасушасының дамуы. Жұмыртқа жасушасының құрамында қоректік заты көп болғандықтан, ол ірі болып келеді. Мысалы, сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасының диаметрі - 60-2000 мкм, албырт тұқымдас балықтардікі - 6-9мм, ал түйеқұстың жұмыртқа жасушасы бірнеше сантиметрге жетеді. Көбею аймағында жасушалар митоз жолымен бірнеше қайталанып бөлінудің нәтижесінде жасушалардың саны көбейеді.

Ұрықтану. Ұрықтану дегеніміз - гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аналық және аталық жыныс жасушалары ядроларының қосылуы. Ұрықтанған жасушаны зигота дейді.

Slide 3

2n

n

n

n

n

n

n

Көбею

зонасы(МИТОЗ)

Өсу зонасы

Жетілу зонасы( МЕЙОЗ)

Қалыптасу зонасы

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

n

n

n

n

n

Notes: Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ен) ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.

Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.

Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік

сперматоциттерге айналады.

Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді.

Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынтығы болатын сперматидалар пайда болады.

Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.

Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді. Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезендерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Аталған кезендерде кезегімен әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: овогониялар, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер және пісіп жетілген овоциттер (жүмыртқа жасушалары) дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жүмыртқа жасушасы (овоцит) пісіп жетіледі. Овоцитпен қатар, кейіннен кері ыдырап кететін 3 бағыттауыш денешіктер де пайда болады.

Slide 4

Сперматозоидттің құрылысы

Notes: Қалыптасу кезеңі - сперматидалардан сперматозоидтардың қалыптасып жетілетін сперматогенез процесінің кезеңі. Сперматозоидтың басы плазмолеммамен қапталған цитоплазма мен ядродан пайда болады да, ядроның алдыңғы жағында пішіні оймақ тәрізді Гольджи кешенінің туындысы - акросома орналасады. Сперматозоид мойнын центросома центриольдері түзеді. Олар проксимальды (алдыңғы) және дистальды (артқы) дискілерге айналып, оларды байланыстыратын аралық құрылым - центродесмоз қалыптасады. Дистальды дискі екі бөлікке бөлініп, оның алдыңғысынан сперматозоид құйрығының негізін түзетін микротүтікшелерден құралған біліктік жіп өсіп шығады. Дистальды дискінің артқы бөлігі біліктік жіп бойымен артқа қарай жылжып, сперматозоид құйрығының бастапқы және негізгі бөлімдерінің шекарасына орналасады да, дистальды дискінің алдыңғы және артқы бөліктері аралығында жатқан сперматозоид құйрығының бастапқы бөлімін шектейді. Бұл бөлімнің цитоплазмасындағы митохондриялар біліктік жіпті сыртынан айнала орап, спиральды жіпті түзеді. Бастапқы бөлім цитоплазмасында сперматозоидтың қозғалысын қамтамасыз ететін қуат (энергия) көзі - гликоген түйіршіктері мен фосфолипид тамшылары қорланып жиналады. Құйрықтың негізгі бөлімін біліктік жіп пен оны сыртынан қаптаған жұқа цитоплазма қабаты мен плазмолемма, ал соңғы бөлімін біліктік жіп пен оны сыртынан қаптаған плазмолемма түзеді.

Slide 5

1 - қояның,

2 - тышқаның,

3 - адамың,

4 - сарышаяның,

5 -өрмекшінің,

6 -қоңыздың,

7-мүктің,

8 - папоротниктің.

Сперматозоидттердің түрлері

Slide 6

1 - ядро

2 - желточные зерна

Жұмыртқа жасушасының құрылысы

Notes: Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді. Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезеңдерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Аталған кезеңдерде кезегімен әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: овогониялар, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер және пісіп жетілген овоциттер (жұмыртқа жасушалары) дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жұмыртқа жасушасы (овоцит) пісіп жетіледі. Овоцитпен қатар, кейіннен кері ыдырап кететін 3 бағыттауыш денешіктер де пайда болады.

Slide 7

Жұмыртқажасушасының түрлері

Notes: 1 -қызыл балық

2 -бекіре

3 -бақа

4 -қолтырауын

5 -құстың

6 -адамшың

Slide 8

В 1827г.

«сперматозоид» және «жұмыртқа клеткасы» деген ұғымды енгізген

\

Slide 9

Ұрықтану - аталық және аналық жыныс клеткаларының ядролары қосылу (кариогамия) арқылы жұмыртқаның дамып жетілуіне жағдай тууын ұрықтану деп атайды.

Жануарлардағы ұрықтану

Notes: Жануарлардағы ұрықтану. Жануарларда болатын ұрықтану процесін бірнеше фазаға бөлуге болады. Жұмыртқа клекасының кез келген бір нүктесіне сперматозоидтың бекінуі немесе микропиле арқылы оған енуі - бірінші фазаның басталуы. Сперматозоид басының жұмыртқа клеткамен түйісуі химиялық реакциялар тізбегінің бастамасы болып табылады. Бүл фазаны жұмыртқаның активтену фазасы деп атайды. Жұмыртқа клеткасына бір сперматозоид (моноспермия), ал кейбір жануарларда бірнеше сперматозоидтар (полиспермия) енгеннен кейін үрықтану процесінің екінші фазасы-басталады. Жүмыртқа клеткасының ішіне енген сперматозоид аналық ядромен қосылып бірігуге «дайындалады», ол митоз бойынша жүреді: сперматозоид ядросы біртіндеп ісінеді де интерфаза кезіндегі ядроға ұқсайды. Мұндай ядро аталық про~ нуклеус деп аталады. Сперматозоид ядросымен қосылып бірігуге дайын болған (мейоздың барлық фазасынан өткен) жұмыртқа клеткасының ядросын аналық пронуклеус деп атайды. Сперматозоидтың жүмыртқамен түйісу және оның ядросына енуі кезінде әр түрлі жануарларда жұмыртқа бөліне отырып жетілудің әр түрлі бөліну стадиясында болуы мүмкін. Мейоз аяқталғаннан кейін ғана, яғни аналық пронуклеус түзілгеннен кейін ғана кариогамия іске асады. Үрықтану актісінде гаплоидты екі пронуклеус бір ядро болып бірігеді де, зигота түзеді. Осы мезгіл жыиысты көбею процесінін кульминациялық шегі болып табылады. Алдыңғы үр-пақтағы мейозда ажырап кеткен гомологиялық хромосомалар кариогамия нәтижесінде зиготаның бір ядросына қайтадан бірігеді. Жыныстық көбеюде хромосомалардың диплоидты жиынтығы осылай калпына келеді.

Slide 10

Өсімдіктердегі ұрықтану

Notes: Вслед за опылением начинается процесс оплодотворения семязачатков. Давай попробуем разобраться, как происходит процесс оплодотворения.

Slide 11

Аталық жұмыртқа клеткасы

Notes: В пыльниках тычинок происходит деление клеток, в результате которого образуется пыльца, состоящая из пыльцевых зерен.

Пыльцевое зерно покрыто двумя оболочками. Наружная оболочка неровная, с шипиками и выростами, которые помогают пыльцевому зерну удерживаться на рыльце пестика.

Внутри пыльцевого зерна развиваются: вегетативная клетка и два спермия.

Slide 12

Ұрықтану

Notes: 1. Жарып көрсетілген гүлдің бөлімдері. 2. Аталық тозаңдарының аналық аузына түсуі, тозаңның өне бастауы. 3. Өнген тозаңның жатындағы тұқым бүршігіне енуі. Тозаң түтігінің ұшындағы спермийдің (ірі ядролы жасуша) тұқым бүршігіндегі аналық жұмыртқажасушасымен қосылуы. 4. Жеміс пен тұқымның түзілуі.

Аналықтан жабысқақ сұйықтық бөлінгенде аналық аузына түскен тозаң жіңішке түтікше шығарып, өнеді. Тозаң түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына жетеді.

Жатындағы көпжасушалы тұқымбүршігінің ішінде жұмыртқажасушасы және ең ірі жасуша болады. Тозаң түтікшесінің ұшында ірі ядролы 2 жасуша (спермий) бар. Тозаң түтікшесінің ұшы тұқым бүршігімен түйіскенде 2 жасушаның (спермий) біреуі жұмыртқажасушасымен қосылып ұрықтанады. Екінші жасуша (спермий) тұқым бүршігінің ең ірі жасушасымен қосылады. Мұны қосарлы ұрықтану дейді, бұл құбылысты ашқан ғалым С. Г. Навашин. Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды.

Slide 13

Ұрықтану


Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез
Гаметогенез жә не ұрықтану процесі
Тозаңның түзілуі
Гаметогенез және ұрықтану. Геннің құрылымы және қызметі туралы
ГАМЕТОГЕНЕЗ САТЫЛАРЫ
Жыныстық көбею
Аталық және аналық жыныс жасушалары
Ұрық даму сатылары
Генетикалық материалдың өзгергіштігі
Гаметогенез және ұрықтану. Геннің құрылымы және қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz