Былғары және үлбір шикізаттарын консервілеу әдістері. Ылғалды тұздау


Slide 1

ТАҚЫРЫБЫ:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Орындаған: Әшім Е.

Топ: ТК-421

Тексерген: Бауыржанова А. З.

Былғары және үлбір шикізаттарын консервілеу әдістері. Ылғалды тұздау.

Slide 2

ЖОСПАР

1. Былғары және үлбір шикізаттарын өңдеу. Реттеу, жөндеу, консервілеу.

2. Ылғалды тұздау.

3. Ылғалды азайту.

4. Қортынды.

5. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Тері-мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т. б.

Slide 4

Былғары және үлбір шикізаттарын өңдеуде 1-2 сағат ішінде өңдеуге кipice алмасаңыз, оны мiндeттi түрде консервілеу керек. Әйтпесе, жас терілерде шіріткiш бактериялар көбейіп кетеді. Tеpiні кон майды қолмен, тупикпен тазартады. Реттеуден кейін енді бip гигиеналық операция - тepiні жуу. Сонымен қатар, еритін белоктар да жуылып, консервілеуді жеңілдетеді. ІҚМ терісінің қылшығын арнайы тазартқышпен тазалайды. лмен, тупикпен тазартады. Осыдан кейін тазартқыштың тегіс жағынан 30-40 минуттан суы сорғу үшін іліп қояды.

1. Былғары және үлбір шикізаттарын өңдеу. Реттеу, жөндеу, консервілеу.

Slide 5

Нәтижесінде жуған терінің ылғалы, жас тepi ылғалымен бірдей болады. Жөндегіштерді шайыры жоқ ағаштардан алынған құрғақ таяқшалардан жасайды. Ағаш өте құрғатылған болуы керек, әйтпесе тepi жөндеген соң кішірейіп кетеді. Tepiлерді жөндегенде жөндегіштің сырты мен жонарқа бөлігін жөндегіштің бip жағына бауыр тepiciн бipкeлкi қылып жапсырады. Жөндеуге тepiні жуғаннан кейін әбден құрғаған соң бipaқ кіріседі.

Slide 6

Енді біз консервілеуге кipice аламыз. Консервілеуді «барлық фермент, шіріткіш бактериялар, яғни микроптардың тоқтауы» деген сөз деп ұғу керек. Tepiдe 40% ылғал болуы микроорганизмдер үшін қолайлы. Консервілеуде барлық құрғату әдіcтерi тepiнi сорғытудан тұрады. Негізгі конcepвілeyшi зат - кәдімгі құрғақ ас тұзы.

Slide 7

Консервілеу дегеніміз - теріден ылғалдың

белгілі бір мөлшерін жою.

1. Ылғалды тұздау.

2. Құрғақ тұздау.

3. Кептіру.

4. Мұздату.

Slide 8

2. Ылғалды тұздау.

Ылғалды тұздау. Бұл әдістің кереметі тepi тінінің сапасы, ал кемшілігі - көп тұз шығыны. 1 кг тepiгe 400 г тұз алынады, кальциленген сода 1/400 қатынастағы консервілeyшi тұзбен ІКМ, бұзау, тана терілері тұздалады. Қоспаны жақсылап араластырып, қолдануға бір күн бұрын дайындайды. Жүн жағын жоғары қаратып, бетон және тегіс ағаш бетіне теріні жазып қояды. Терінің бахтарма, яғни, ет жағына тұз себе отырып, қолмен нығыздап жағады. Бip күннен соң қайтадан тұздайды, оны «пакет» дейді. Басынан бастап төрт бөлікке, алдымен оң қолы мен сол қолын iшкe қарай, одан кейін жотасын бүктейді. Осы оралған тepiнi құйыршығымен және жіппен байлайды.

Slide 9

Үш күннен кейін тұздалған теріні тексеру керек: егер қатты тұздар болса, онда барлығы дұрыс, ал егер орындарын қалтырып, тұз ciніп кетсе, онда кайтадан тұздаған дұрыс. Бес күннен кейін белок пен ылғалды тұздық аға бастайды. Жақсы тұздалған тepi берік және тығыз келеді. Шел жағы құрғақ, ақшыл түсті келеді, тек пышақ тигізгеннен соң сұрғылт тартады. Дұрыс тұздалған тepi жақсы сақталады, ал нашар тұздалған тері көп бөгеттер жасайды. Қатты тұздалған терінің қылшықтары түсіп қалады, ол мехтік және тepi өндірісінде қолдануға болмайды.

Slide 10

Бұл тәсіл ылғалды тұздау мен құрғату тәсілдерінің қосындысы. Оңтүстіктің ыстық ауасына байланысты ылғалда тұздалған терілер қызып кетсе құрғатылған терілердің жүніне күйе түседі, сондықтан да тұздай құрғату тәсілі өте тиімді.

Консервлеудің тұздай құрғату тәсілі. Бұл тәсіл негізінен қаракөл елтірілерін консервлеуде қолданылады. Теріге тұзды сеуіп қаттап жайып қояды да, 10 күннен соң кептіреді.

Slide 11

Консервлеудің қышқылды - тұздау тәсілі. Бұл тәсіл өңдеудің кейбір түрлеріне жатады және аз қолданылады. Тәсілді орындауда ас тұзы (85%) аллюминий ашудасы (7, 5%) және аммоний хлориді (7, 5%) араластырыптеріге себеді. Қаттап жиып 7 күн сақтайды. Қышқылды - тұздау тәсілі қой терілерінің жүнін әрлеуді қиындатады.

Slide 12

Ашытқымен өңдеп консервлеу. Бұл тәсіл тек қаракөл елтірілерінде ғана қолданылады. Терінің құрамына арпа немесе сұлы ұны және ас тұзының қою ерітіндісін жағады. Ашытқымен консервлеуді жүргізу өте қиын процесс болғандықтан тек білікті мамандар ғана жүргізе алады жүргізілу ретінің сәл ғана бұзылуы жүннің босап, түсіп қалуына әкеліп соғады.

Slide 13

ЫЛҒАЛДЫ АЗАЙТУ

Мех өнеркәсібінде ылғалды кетіру /азайту/тәсілдері технологиялық талаптарға байланысты. Өнеркәсіпте негізінен центрифуналарда, гидравликалық немесе білекті престерде сығып ылғалды кетіру және кептіру тәсілдері қолданылады.

Центрифугада сығу

Өңдеу кезінде мех жартылай фабрикаты бойына өте көп мөлшерде ылғал сіңіреді. Кей жағдайларда сіңірілген ылғал мөлшері 80% -ке дейін жетеді. Келесі процестерді жүргізу үшін ылғалдылықты төмендету қажет, сондықтан да жартылай фабрикат центрифугада сығылады. Центрифуга өз-өзінде айналатын ұзақ тесікті цилиндр формалы барабан. Барабан айналған кезде оның ішіне салынған терілер орталықтан тепкіш күш әсерінен цилиндрдің сыртқы тесікті қабырғаға қысылып су сығылады. Центрифуганың көмегімен ылғалдылықты 50%-ке дейін төмендетуге болады.

Гидравликалық прессте сығу

Қоян терілерін сығу үшін роторлы гидравликалық престер қолданылады. Центрифугамен салыстырғанда, салып-түсіруге кететін жұмыс күші мен уақыты қысқарылып еңбек өнімділігі 8-10 есе артады. Гидравликалық пресс қолданғанда сығу жәрежесін бақылау мүмкіндігі болады.

Гидропресстің қысқаша техникалық сипаттамасы

Еңбек өнімділігі/тәулігінде

өңделетін терілер саны, мың дана/ 32


Ұқсас жұмыстар
Былғары-тері шикізаттар микробиологиясы
Былғары шикізатының ақаулары
Бағалы аң терісін сұрыптау, сақтау және сату
БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТЫ
Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы. Малдың терісіне әсер ететін факторлар. Теріні консервілеу және сақтау
Былғары шикізатының негізгі түрлері
Балық консервілері жоғары құнды өнімдер
БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ҮЛБІРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы. Малдың терісіне әсер ететін факторлар
Тері топографиясы құрылысы және химиялық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz