АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ДОСТЫҚТЫҢ МӘНІ




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ:
АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ДОСТЫҚТЫҢ
МӘНІ
Адам бала кезден өзіне лайық, өзін түсінетін дос табуға
ұмтылады. Кішкентай кезімізде аулада ойнап жүргенде немесе
мектеп қабырғасында міндетті түрде, көп балалардың ішінен тек
бір-екеуі ғана өзімізге өте жақын болады. Уақыт өткен сайын бір-
біріне жалғасқан достардың саны ұзын арқандай созыла берері
хақ. Олардың өзімізге жақын болуына әртүрлі жағдайлар, жеке
бастың қасиеті де әсер етеді. Қалай болса да, сол қоршаған
достар арқылы адамның ой-өрісі дамып, сана-сезімі жетіліп,
рухани байлыққа кенеледі. Ол кішкентай кезден бастап өмір
бойы бізбен болады. Достық жұмыста, балабақшада, мектепте,
оқу орнында, т. б. жерде пайда болады
ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ:
Т.МОЛДАҒАЛИЕВТІҢ «АДАМ» ӨЛЕНІҢ ХОРМЕН
АЙТУ
АДАМ КҮЛІП ҚАРСЫ АЛАДЫ ТАҢ НҰРЫН,
АДАМ ЖЫРЛАП ЖӨНЕЛТЕДІ ӘР КҮНІҢ.
СӘЛ ҚАЙҒЫРСА, ОЛ ҰҒЫНА ТҮСЕДІ,
ДҮНИЕНІҢ КЕҢДІГІ МЕН ТАРЛЫҒЫН.
Қ-СЫ
АДАМ БОП ӨТЕЙІК,
АДАМ БОП ТУҒАН СОҢ.
МАҚСАТҚА ЖЕТЕЙІК, МАҚСАТТЫ ҚУҒАН
СОҢ.
АДАМ КҮЛІП ҚАРСЫ АЛАДЫ ТАҢ НҰРЫН,
АДАМ ЖЫРЛАП ҰЗАРТАДЫ ӘР КҮНІҢ.
СӘЛ ҚУАНСА, ШЫҒАРАДЫ ОЛ ЕСТЕН,
ДҮНИЕНІҢ КЕҢДІГІ МЕН ТАРЛЫҒЫН.
ДОСТЫҚ ТУРАЛЫ ОЙ
ТОЛҒАМАҒАН , ОНЫҢ СЫРЫН,
МӘНІН БІЛУГЕ ТАЛПЫНБАҒАН
ФИЛОСОФ, ШЕШЕН, АҚЫН,
ЖАЗУШЫ, ҰСТАЗДАРЫМЫЗ
КЕМДЕ-КЕМ. МҰНЫҢ ӨЗІ
ДОСТЫҚТЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕ
АЛАТЫН КЕЛЕЛІ ОРНЫНА, ЗОР
МАҢЫЗЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
ЕКЕНДІГІНДЕ. ДОСТЫҚ СЕЗІМІ
ТУЫСТЫҚ, ЖОЛДАСТЫҚ,
СҮЙІСПЕНШІЛІК, СЫЙЛАСТЫҚ
СЕЗІМДЕРГЕ ЖАҚЫН
БОЛҒАНЫМЕН, ӨЗІНДІК
ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІ БАР.
ОҚУ АҚПАРАТЫ:

АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАҒЫМДЫ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ӨКПЕ, РЕНІШ
НҰҚСАН КЕЛТІРІП, ӨЗАРА ТҮСІНБЕУШІЛІК
ТУҒЫЗАДЫ. СОЛ СЕБЕПТІ ӨКПЕ, РЕНІШКЕ
БОЙ АЛДЫРМАЙ, АДАМДАРҒА
ТҮСІНІСТІКПЕН, ІЗГІЛІКПЕН, ҚҰРМЕТПЕН
ҚАРАУҒА ҰМТЫЛУ КЕРЕК.
ӨКПЕ, РЕНІШ-АДАМНЫҢ КӨҢІЛ КҮЙІНЕ,
ДЕНСАУЛЫҒЫНА КЕРІ ӘСЕР ЕТЕДІ.
АЙНАЛАҢА ЫЛҒИ ӨКПЕЛЕП, РЕНІШПЕН
ҚАРАУ, РИЗА БОЛМАУ ТҮРЛІ АУРУЛАРҒА
ШАЛДЫҚТЫРАДЫ.
Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,
Жандарынан тұратын шуақ тамып.
Домбырамның үні де естіледі,
Достарымның сырлары сияқтанып.
Дос жүрегі қашанда аңсағаным,
Соларменен қосылып ән саламын.
Ақ пейілді аңсаған достарымды,
Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын.
Көңіл – дария, толқыған асылдарым,
Сендер менің жылдарым,ғасырларым.
Тіршіліктің тұздығы – достық екен,
Достарымнан ештеңе жасырмадым.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос үректер өсекке бағынбайды.
Күн шығады дүниені нұрландырып,
Достар әні өшпейтін бір мәңгілік.
Дос көңілі сияқты шашырайды.
Күннің өзі көктегі тұрған күліп.
ДӘЙЕКСӨЗ:
«ДОСТЫҚ» ТУРАЛЫ НАҚТЫ ОЙ АЙТҚАН
ФИЛОСОФ А.ШОПЕНГАУЭР ӨЗІНІҢ «ӨМІРЛІК
ДАНЫШПАНДЫҚТЫҢ АФОРИЗМДЕРІ» ДЕГЕН
ЕҢБЕГІНДЕ: «НАҒЫЗ ШЫНАЙЫ ДОСТЫҚ
АДАМДАРДЫҢ БІР-БІРІМЕН ТЕРЕҢ, ТАЗА
ЖӘНЕ АДАЛ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЖЕТ
ЕТЕДІ. БҰЛ ДЕГЕНІМІЗ – ДОСЫҢЫЗДЫҢ
ҚАЙҒЫСЫ МЕН ҚУАНЫШЫНА ОРТАҚТАСА БІЛУ
ДЕГЕН СӨЗ. ОСЫНЫҢ БӘРІ АДАМНЫҢ ТАБИҒИ
ӨЗІМШІЛДІК, ӨРКӨКІРЕКТІК ҚАСИЕТТЕРІН
ЖОЯДЫ» ДЕГЕН.
Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама»
кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім!
Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз
болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз
болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен
ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты.
Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін
достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-
сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім
өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде
сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын
болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес,
ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл
өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын
құндылық.Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын.
Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін
тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген
адамның достары да көп болады және жер бетінде
өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе
шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды
тең ететін айналаңдағы достарыңның басы
бұзылмағаны қандай жақсы
Шын дос –
таусылмас қазына
Дос болам десең, досыңды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сен, досыммен ғана қымбатсын.
Дос болам десең, мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп па? Апырау, неткен жақсы едің!
Досым аз менің... Досым ау менің, тапшы емін!
Достарыңменен достастыр мені, Болайын нақ құлың !
Достыққа жүрмін, Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін, өзіме өзім мін артып...
Жауыздың барып жанына уәзір болғанша,
Достардың барып ауласында өлген мың артық
Досым, саған сенемін - сеніп өтем,
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Дос деген адамның көркі екен,
Дос деген ақылды серік екен.
Не дейін, досым, жүргенде достарың сыйлай жүрсін,
Әрқашан құшағын жыймай жүрсін.
Ел сыйлаған екінің бірі болшы,
Ата-анаң бұл дүниеге сыймай жүрсін.
СӨЗГЕ ШЕШЕН КІСІ БОЛЫПТЫ. БІР
ОТЫРЫСТА ӘЙТІМБЕТ ШЕШЕНГЕ
ЗАМАНДАСТАРЫ:
- ДОСТЫҚ НЕШЕУ? - ДЕП СҰРАҚ
ҚОЯДЫ.СОНДА ӘЙТІМБЕТ ТҰРЫП:
- ДОСТЫҚТЫҢ ЕКІ ТҮРІ БОЛАДЫ. БІРІ
АДАЛ ДОСТЫҚ ТА, ЕКІНШІСІ - АМАЛ
ДОСТЫҚ.
- ДҰРЫС-АҚ. ЕНДІ ОЛАРДЫ ҚАЛАЙ
АЖЫРАТА АЛАМЫЗ? - ДЕГЕНДЕРГЕ:
- АДАЛ ДОСТЫҚ - ӨМІРЛІК НҰСҚА
БОЛАДЫ, АМАЛ ДОСТЫҚТЫҢ ӨРІСІ ҚЫСҚА
БОЛАДЫ, - ДЕП ЖАУАП БЕРГЕН ЕКЕН
ӘЙТІМБЕТ».
АДАЛ ДОСТЫҚ ЕҢ ЖОҒАРЫ АДАМИ
ҚҰНДЫЛЫҚ САНАЛАТЫНДЫҚТАН,
ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ,
РУХАНИ ЖАҚЫНДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ БОЛЫП
ТАБЫЛАДЫ.
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын
кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос
болады.
Бірде ә скерлер бір өзеннің бойында қос тігіп
дамылдапты. Тұ тқиылдан жаудың қалың қолы
шабуыл жасапты. Малды айдап, мү ліктерін тиеп
кетіпті. Қолға тү скен азаматтарды айдап әкетіпті.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына тү седі.
Досының қолға тү сіп қалғанын естіген екінші
батыр кү здің қара суығын елеместен өзенді
малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған
жау ә скерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер
өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң
ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарың а тү скен бір жауынгерге құн төлеп,
сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер
малым-мү лкім жоқ. Бір-ақ нә рсе беремін. Ол -
өзімнің өмірім. Досымды босатың дар, ол ү шін
менің өмірімді алың дар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
Жарайды, мен сені қыршының нан қимай-ақ
қояйын. Маған сол өмірің нің бір бөлшегін ғана
берсең болады, - дейді.
Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі
көзің ді ойып аламын.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат,
- дейді.
Жігіт бұ л сыннан сү рінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұ тқыннан босаған досының
иығына қолын салып, зағип кү йі қуанып, кү лімдеп
келе жатады.
Мұ ны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері
бар халықты тұ тқиылдан келіп, қапыда бас салған
жағдайда болмаса, бетпе-бет ұ рыста жең у қиынға
соғады.» деп тү йеді. Сөйтіп өз ә скерлеріне шегінуге
бұ йрық беріпті.
Жүректен жүрекке
•Мен жайдары, ақ көңіл
және белсендімін
• Менің қолымнан барлығы
келеді
•Мен айналама тек
жақсылық тілеймін
•Мен бақыттымын

Ұқсас жұмыстар
Достықтың адам өміріндегі мәні
Адам өміріндегі достықтың орны
Досыңды қорлама
Достық дегеніміз не?
Достықтың адам өміріндегі маңызы
Досың сенің сенім артар тірегің
Тірек сөздер
Шынайы дос-асыл қазына
ДОСТЫҚ ЖӘНЕ МАХАББАТ
ДОС
Пәндер