Шоқан Уәлиханов өмірі


Slide 1

Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

"Сүйер ұлың болса, Сен де сүй. Сүйінерге жарар ол" (Абай. )

Slide 2 Slide 3

Шоқанның өмірі. .

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында, Көкшетау облысы, Сырымбет тауына жақын Құсмұрын деген жерде туған.

Slide 4

Шоқан - Абылайдың шөбересі. Өз әкесі Шыңғыс, қарт әкесі - Уәлихан.

Slide 5

Қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Шын аты - Мұхаммедханафия, әжесінің бала күнінде "Шоқаным" деп еркелетіп айтуымен, "Шоқан" аталып кеткен.

Slide 6

"Жеті жұрттың тілін білуге тиісті" хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді.

Slide 7

1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға орналастырады. Жабық әскери оқу орны болғанмен, онда көптеген пәндер оқытылуы, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ беруі, Омбының көзі ашық оқыған адамдарының семьяларымен араласуы, көп оқып білімін тереңдете түсуі Шоқанның рухани өсуіне, келешек тағдырына едәуір ықпалы болған.

Slide 8 Slide 9

Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Ол 1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған экспедицияға катысып, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді, Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды.

Slide 10

1854-1857 жылдары ¥лы жүз қазақтары мен кейбір қырғыз руларын Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Россияға бейбіт Ш. Ш. Уәлиханов оны жан-жақты зерттеуі, географиялық сипаты, саяси құрылысы, мәдениеті мен тұрмыс-салт ерешеліктері туралы мағлұмат-деректерді әлемге, ғылымға ашып беруге тиіс болды.

Slide 11

Осы сапарында қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинап алады. Бұл еңбегін жоғары бағалаған генерал Г. Х. Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады.

Slide 12 Slide 13

Шоқаннан қалған мұраның бірі - бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейжаз және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150-дей сурет қалған.

Slide 14

1861 жылдың көктемінде денсаулығы тым нашарлап кетуіне байланысты Шоқан Уәлиханов Петербургтен туған жеріне оралды.

Slide 15

Ш. Ш. Уәлиханов - қазақ және қырғыз халықтарының бай әдебиет қорын тұңғыш зерттеуші екендігі де ерекше. Қазақ көркем сөз өнерінің кейбір үлгілерін ол жас кезінде-ақ білген, оған деген ықылас-қызығуы кадет корпусында оқыған жылдары мен қызметтері кезінде арта түскен де, 1850 жылдардың орта шенінен өмірінің соңғы сәттеріне дейін зерттеумен шұғылданған.

Slide 16

Шоқан өмірімен ғылыми творчестволық қызметінің аса елеулі кезеңі - оның 1859 жылдың аяғында Петербургте болуы еді. Петербургте ол идеялық жағынан көп өсіп, әлеуметтік жағынан толысып қайтты. Денсаулығы нашарлап ол еліне қайтады. Шоқан 1865 жылы қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Қөшен - Тоған деген жерге қойылады.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ
Оқушыларға орыс демократиялық мәдениетін, қазақтың ұлы ғалымы
Шоқан Уәлиханов саяси көзқарасы
Шоқан Уәлиханов
Әбу Насыр Әл- Фараби туралы
Қазақстанның ғалымдары
Бала Шоқан әңгімесі Сапарғали Бегалин туралы ақпарат
Шоқан және орыс ғалымдары
ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ
Отырар шаһарында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz