Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы мен өзіндік дамуы туралы ақпарат



.
Тақырыбы:
Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы мен өзіндік дамуы
Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелкеттік университеті Жаратылыстану - математика факультеті Математика және математиканы оқыту әдістемесі
Орындаған: Т-413 топ студенті
Баймұханбетова Көркем
Семей, 2015 жыл

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардын қолында» Н. Ә. Назарбаев

Жоспары:
Бәсекелестікке қабілетті тұлғаның қалыптасуы - ұстаз шеберлігінің қолында
Мұғалімнің кәсіби жетілу жолдары
Өзгерістер мен кәсіби өсуінің көрсеткіштерін анықтау

Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек. Сондықтан мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс.
Ұстаз алдындағы басты мақсат - сапалы біліммен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету.
Бәсекелестікке қабілетті тұлғаның қалыптасуы- ұстаз шеберлігінің қолында

Кәсіби мұғалім - құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада - педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды, кәсіби дамуды көздейді.

Жаңа технология - мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал.
Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады: • Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; • Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру; • Окушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Тұлғаның кәсіби процесін көп жағдайда оның біліктілігімен, кәсіптік құзыреттілігімен байланыста қарастырады.
Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады.
Кәсіби құзыреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырады.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Жаңа формация мұғалімі дегеніміз - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани - адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Педагог тұлғасының құрылымындағы маңызды компоненттерді келесі жағдайлар анықтайды:
Кәсіби-педагогикалық бағыттылық;
Кәсіби белсенділік;
Кәсіби білімдері мен іскерліктері;
Кәсіби педагогикалық қабілеттері, есі, ойлауы және қиялы;
Өзін-өзі кәсіби ұғынуы.

Тұлғаның кәсіби-педагогикалық бағыттылығы әдетте балаларға, іс-әрекетке, өзіне қатынасы жетекші мәнге ие болатын қатынастардың тобы ретінде анықталады. Қатынастардың негізгі үш түрін құрылымдай келе, кәсіби-педагогикалық бағыттылықтың сегіз түрін алуға болады, алайда оңтайлысы ретінде үш компонент: балаларға қатынасы, заттарға қатынасы және өзіне қатынасы айқындалған типті анықтаған жөн.

Кәсіби белсенділік оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тұрақты іздестіруде, туындаған міндеттерді ерекше үлгіде шешуіскерлігінде, әкімшілікпен, қызметтестерімен, ата-аналармен, оқушылармен қатынастарын жетілдіру қабілетінде, өзінің жұмысын талдауда, өзін-өзі тәрбиелеудің барлық құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып, өзін-өзі дамытумен айналысуда анықталатын педагогтың нормативтердің шеңберінен шығу, өзінің іс-әрекетінің аумағын тұрақты түрде кеңейтіп отыру ұмтылысымен сипатталады.

Кәсіби білімдері мен іскерліктері кәсіби даярлықтың негізін құрайды. Білімдер мен іскерліктерге ие болмаған педагог өзінің қызметін мүлде атқара алмас еді. Кәсіби білімдер әртекті келеді: ол - өзінің пәнін жақсы білу, педагогика, психология, әдістемелер саласындағы, өзге адамдармен қатынастарды орнату аумағындағы білімдері, өзінің кәсіби мұмкіндіктеріне қанық болуы

Мұғалімнің кәсіби жетілу жолдары
А. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған. Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т. б жататындығын атап өтеді.
Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби - педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.

Мұғалімнің кәсіби білімін көтеруі қажеттілігін туғызып отырған мотивтер:
Күнделікті ақпаратпен жұмыс; ( күнделікті толассыз ақпарат көзін меңгеру)
Шығармашылық талпыныс;
Қазіргі заманғы ғылымның дамуы ( педагогика, психология) ;
Қоғам өміріндегі өзгерістер;
Бәсекелестік
Материалдық стимул;
Қызығушылық
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Кәсіби даму - нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.
Кәсіби даму іс - әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.
Кәсіби даму - бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.

Педагогтың кәсіби дамуының психологиялық теориясының басты идеясы мынадай негізгі жағдайларда қалыптасады:егер оқу - танымдық үрдіс орын алса, онда оның даму үрдісі де орын алады. Сондықтан білім мен түрткілер тұлғаның кәсіби дамуының негізі болады. Әр тұлға өзінің білімін жетілдіріп, түрлі түрткілерден қуаттанып, әрекетке көшетіні анық дүние. Кәсіби тұрғыдан үнемі дамып отырған педагог психологиясы айқын сезіліп, жұмыстануға, өзгені де дамытуға оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Білім жетілдіру жұмысынан күтілетін нәтижелер
Кәсіби білім-білік қорын молайтып, тиімді таңдау жасай алады.
Мақсатты бағытты педагогика-лық үрдісті шығарма-шылықпен атқара алады.
Нәтижелі қызмет жасап, оған терең талдау жасай алады.

Өздігінен білім алу көздері:
семинарлар мен конференциялар
шебер сыныбы
іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар;
біліктілікті жетілдіру курсы
экскурсиялар театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар
әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем)
Интернет

Кәсіби даму бағдарламасын жүзеге асырудағы кездесетін қиыншылықтары:
Педагогтың даму бағдарламасын жүзеге асыруға дайындығының жеткіліксіздігі жән ең басты мәселе екендігін сезінбеуі;
Кәсіби іс-әрекетінің өлшеуіштеріне басқа субъектілердің келіспеуі;
Мұғалімнің білім беру үрдісіндегі субъект - субъект қарым-қатынасына мойынсынбауы;
Жұмыс істейтін мектептің материалдық - техникалық базасының жеткіліксіздігі.

Өздігінен білім жетілдіру не үшін қажет?
Өздігінен білім жетілдірудің керектігі біріншіден, мұғалімнің іс -әрекетінің спецификасы, оның әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз білім беру беталыстар және шынайылығымен байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның сұраныстары, ғылым мен практиканың эволюциясы, адамға деген талаптардың өсуі, оның қоғам үдерісі мен жағдайларына тез және парапар қабілеті, өзінің іс әрекетін өзгертуге дайындығы, жаңа және күрделі міндеттерді шеше білуі.

Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін бұл қажеттіліктің құрамы, мотивтері мынадай:
-күнделікті ақпараттар бойынша жұмыс жүргізу.
-творчествоны қалау.
-заманауи ғылымның өте жоғарғы қарқынмен өсуі.
-қоғам өмірінде өтіп жатқан өзгерістер.
-бәсекелестік.
-қоғамдық пікір.
-материалдық ынталандыру.
-ынта-ықылас.

Өздігінен білімін жетілдіру процесінде педагог қолданатын іс-әрекеттер:
-өзін өзі өзгерту туралы шешім қабылдау;
-өзін өзі жетілдіру бағдарламасын жасау;
-бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты атқарылатын жұмыстар;
-бағдарламаның орындалу нәтижелері бойынша өзіне өзі талдау жасау;
-алға жаңа мақсаттар мен міндеттер қою.

Педагог қызметіндегі негізгі кезең өзінің кәсіби өсуі мен жетілуіне байланысты бағдарлама әзірлеу болып табылады.
Бағдарлама жасау принциптері:
-ғылымилылық, болжамдау;
-өзектілік;
-оңтайлылық;
-шынайылық;
-тұтастық;
-бақылау мүмкіндігі.

Мынадай аспектілер дербес сипатта көрініс табуы тиіс:
-кәсіби өсудің мақсаты;
-психолгиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерделеуге уақыт бөлу;
-оқу-тәрбие процесін бағдарламалық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жолдарын белгілеу;
-консультациялар алу;
-туындаған проблемаларды әріптестерімен бірге талқылау;
-бір-бірінің сабақтарына кіру;
-алған білімді практикада сынақтан өткізуге байланысты жұмыстар;
-мектептің әдістемелік жұмыстар жүйесіне қатысу;
-өз жұмыс нәтижелерін өзі қорытындылау;
-өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісу.

Өздігінен білім жетілдіру бастаулары.
Мұғалім әр түрлі дерек көздерінен өздігінше білім жинайды, оны кәсіптік қызметінде, өзінің тұлғалық даму сатыларында пайдаланады.
Бұл қандай білім көздері?
-ақпараттық құралдар;
-әдебиеттер(әдістемелік, ғылыми-танымдық, публистицистикалық, көркем және т. б. )
-интернет;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz