ХХ ғасырдағы бихевиоризм мен гештальт психология (толықтырылған)


Slide 1

Орындаған:Нұрланова Б. Н.

Тобы: ПХ-415

Тексерген: Едигенова А. Ж.

Семей 2015 ж

Slide 2

ХХ ғасырдағы

бихевиоризм

мен

гештальт

психология

Slide 3

ХХ ғ. басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс iрi экономикалық талаптарына орай сана (интроспекттiк) психологиясының дағдарысы қылаң бердi. Интроспекттiк психология практикалық қолданба енгiзулердi қажет еткен капиталист өндiрiс проблемалары алдында өз дəрменсiздiгiн байқатты. Оның субъектив əдiстерi қоғамның объектив қажеттiлiктерiне сай келетiн ұсыныстарға шамасы жетпедi. Осыдан психология зерттеулерiн жаңа, объектив əдiстер тұғырына орнықтыру жолдары iздестiрiле бастады.

Бұл дəуiрдегi психологияның қарқынды дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасады. Бұл iлiмге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тiршiлк иесiнiң икемдесу əрекетi нен ажырауы мүмкiн емес деген тұжырым орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интроспекция əдiсiн қолдану мүмкiн емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды.

Осылайша əртүрлi ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бiрнеше жаңа психологиялық теориялардың туындауына себепшi болды. Жаңа теория өкi лдерi сана психологиясын психика жөнiндегi жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат етiп қойды.

Slide 4

БИХЕВИОРИЗМ -ХХ ғасырдың бас кезінде жоғарыда келтірілген себептерге байланысты қалыптасқан психологиялық бағыттардың бірі. Бихевиоризм теориясының негізгі зерттеу нысаны сана емес, адам мінез-құлқы болып табылады. Мінез-құлық психологиясы АҚШ-та ерекше дамыды. Бихевиоризм бағытының көрнекті өкілі америка ғалымы, әрі психологы Джон Уотсон (1873-1958) болды. Ол дәстүрлі психологияның пәнін, жан құбылыстарын жаңа мінез-құлық психологиясымен өзгерту қажеттігін ұсынды.

Slide 5

Э. Торндайктың негізгі зерттеулері жануарларға жүргізілді, олар «проблемалық жәшік» деп аталатынға орналастырылды. Э. Торндайк «проблемалық жәшіктегі» жануарлардың мінез-құлқын бақылап, байқау және қателесу әдісімен әрекет ете отырып, жануарлар кездейсоқ нәтижеге жетеді деген қорытындыға келеді. Үйрету, бейімделу реакциясын қалыптастыру бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде іске асады (жаттығу заңы) .

Егер реакциядан кейін ағза үшін жағдай ойдағыдай іске асатын болса, реакция бекітіледі, стимул мен реакцияның арасында берік байланыс қалыптасады (тиімділік заңы) .

Ашылған заңдылықтарды бихевиористер механикалық түрде адамға пайдаланды. Адамдардың жануарлардан айырмашылығы олар реакциясының өте күрделі сипатынан көреді.

Slide 6

1913 жылы америка психологы Джон Уотсон психологияны мінез-құлық туралы ғылым ретінде қарастырды. Жаңа бағыттың пайда болуына «Психология, оны бихевиорист қалай көреді» атты мақаланың шығуымен ерекшеленеді. Оның авторы Уотсон психология басқа жаратылыстану ғылымдарының арасында өзінің лайықты орнын алуға тиісті деп жазды. Оның айтуынша, қазіргі кезге дейін психологияның пәні және зерттеу әдісі теріс түсіндіріліп келді және психологияның зерттеу нысаны сана емес, мінез-құлық, ал интроспективтік әдістің орнына - субъективтік әдіс деп тұжырымдады.

1925 ж. Джон Уотсонның кезекті еңбегі «Бихевиоризм» атты кітабы жарық көрді. Бұл еңбекте негізгі идея сыртқы тітіркендіргіштердің нәтижесінде кез-келген келбеттегі, мінез-құлықтағы адамды «жасауға» болатындығы айтылды. Бұл еңбекте тек туа біткен қасиеттердің мәні жоққа шығарылған жоқ, сонымен қатр жеке тұлғаның өзінің сенімі, ұстанымы және қатынастары жоққа шығарылды.

Slide 7

Бихевиористер мінез-құлықтың ортаның әсеріне байланыстылығын дұрыс анықтап берді. Бірақ олардың тұжырымдамасы механикалық сипатта болды. Олар кері реакцияның тек стимулмен емес, сонымен қатар ішкі жағдайлармен байланыстылығын ескермеген.

Жануарлар психикасын зерттеуге адам мінез-құлқы моделі тұрғысынан қарау дұрыс, бірақ жануарлар мен адам психикасының сапалық ерекшелігі бұрмаланды.

Джон Уотсон адамның міне-құлқы тітіркендіргіштерге бағыныштылығы туралы ғылымды байыта түсті. Бұл байланыстылықты S→R (стимул-реакция) формуласы түрінде бейнеледі.

Бихевиоризмнің негізіне психологиялық зерттеулердің пәні ретінде психиканы, сананы жоққа шығару жатады. Зерттеу нышаны ретінде мінез-құлықты мойындайды. Психология ғылымына мінез-құлық пен ортаның арақатынасының заңдылықтарын зерттеу ұсынылды. Бихевиористтер жануарлар сияқты адам да жай тетік, машина тәріздес сыртқы ортаның әсеріне жауап береді дегенді айтады.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Бихевиоризм және гештальт психология
Психология тарихы. ХХ ғасырдың 2 жартысындағы психологияның жаңа бағыттары
Гештальтпсихологияның ізашары
Гештальт - психология
Психология тарихы және жаңа бағыттары
Шетелдік психологиялық тұжырымдамалардағы психикалық даму мәселелері
Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
Кеңестік психология ғылымының даму бағыттары
Саяси бихевиоризм
Тұлға және мотивация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz