Желтоқсан оқиғасының ақиқаты


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

ОРЫНДАҒАН: Хаметова. М. Ж Е - 415 топ ТЕКСЕРГЕН: Оралбекова. Б. С.

Slide 2

Желтоқсан оқиғасының ақиқаты

Slide 3

Тақырыбы: “Желтоқсан оқиғасының ақиқаты”.

Мақсаты: Оқушылардың желтоқсан жайлы мағлұмат жинақтай отырып, оқиғаның маңызыдылығын, тарихта алатын орнынын анықтауға дағдыландырып, үйрету. Желтоқсан оқиғасының аз таныс жағын ашып көрсете білуге, оқушыларды ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз отанының батырларын мақтан тұта білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: көрме, фотосуреттер, мультимедиалық кешен, магнитафон, үнтаспа.

Сабақ түрі : зерттеу сабақ

Slide 4

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі /сыныпты топтарға алдын ала бөлу/.

1 - топ - тарихшылар, 2 - топ - саясаткерлер,

3 - топ - дәрігерлер, 4 - топ - куәгерлер,

6 - топ - әдебиетшілер, 7 - топ - сарапшылар .

Топтар өздеріне тиесілі тапсырмалар мен мұғалім нұсқауын алдан ала жинақтайды.

Slide 5

Сабақ барысы

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырып кетеді.

- Құрметті оқушылар біз бүгін тарих сабағында Қазақстан мемлекетінің тарихында үлкен орын алатын тарихи оқиғаны қарастырғалы отырымыз. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне алғашқы қадам болған, өз елінің тәуелсіздігі, еркіндігі, өз халқы үшін 1986 жылғы 17 - 18 желтоқсанда Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі. Бұл күні алаңға барған жастар оларды азаптап, соққыға салынатындықтарын, оларға «ұлтшыл» деген атақ беретінін білген жоқ. Олар тек өздерінің Қазақстан жерін қазақ немесе Қазақстандық азаматының басқарғанын қалап, осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек болды.

Slide 6

Тарихшылар: Қазақ жастарын қандай күш айдап барды ?

Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы Қазақстанға тоқталады. Сонымен қатар 1986 жылғы 16 желтоқсанда өткен КОКП ОК нұсқауымен өткен Қазақстан КП ОК пленум барысында Қазақстанды 40 - жылдай басқарған Д. Қонаевтың орнына Колбиннің тағайындалуы жайлы мәселе қарастырылғанды. Пленум не бары 18 минут жүріп, осы пленумда Д. Қонаев өзінің демалысқа кететіндігі жайлы хабардар болады.

Slide 7

Саясаттанушылар: 1986 жылдың 17 - 18 желтоқсанында Брежнев алаңында не болғаны жайлы ?

1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналуы жайлы мәліметтер береді. Желтоқсанға қатысушылардың естеліктері оқылады.

Қосымша мағлұмат: Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фунзеден - 100, Ташкенттен - 300, Челябіден - 203, Новосибирскіден - 203, Свердловскіден - 225, Тбилисиден 450 тартылған. Жастарға қарсы Бұрқасын - 86 жоспары бойынша іс - шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Оны біз куәгерлердің сөзінен байқаймыз.

Slide 8 Slide 9

Дәрігерлер: Қазақ жастары осы күндері қандай қианат, қиындықтар көрді?

17 - 18 желтоқсанда Алматыда дәрігерлік көмекке жалпы: 286 - адам, 213 - ер, 73 - әйел, 28 - қазақ, 2 - орыс, 1 - шешен, 1 - түркімен, 1 - армян, 86 - жұмысшы, 79 - судент, 21 - қызметкер, 15 - оқушы, 82 - анықталмағандар.

Емханаға жатқызғандар: 83 - адам, 73 - ер, 11 - әйел, 82 - қазақ, 1 - башқұрт, 22 - Жоғарғы оқу орнының студенттері, 12 - техникум студенті, 2 - оқушы, 13 - қызметкер, 70 - жұмысшы, 1 - колхозшы, 1 - жұмыссыз.

Жарақат түрлері көбіне: Миы шайқалған, қолдары немесе бармақтары сынған, бас сүйегі зақымданған, ішінен жарақаттанған, қатты ұрылған, қабырғалары сынған, бел омыртқасына зақым келген, бүкіл денесі жарақаттанған, жағы сынған, бет - ауызы жарақаттанаған, терілері сыдырылған т. б. жарақат түрлерімен көмекке келгендігі анықталды бұл мағлұматтар сол кездегі денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы: М. Алиевтің 1986 жылғы 24 желтоқсанда берілген есебінде көрсетілген фактілер.

Осы жағдайға қарай отырып жастардың бейбіт шерулері қанды қақтығысқа айналғандығын анықтауға болады

Slide 10 Slide 11

Желтоқсан құрбандары. Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды ?

Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол, Тәшенов Түгелбай, Күзембаев Қайыргелді, Тайжұмаев Жамбылбек, Көпесбаев Ертайт т. б. тоқталып кетуге болады.

Slide 12

Қайрат Рысқұлбеков жайлы мәлімет: 1966 жылы 13. 03 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге келген. 1973 - 1981 жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп - интернатта 8 - жылдық білім алған. 1981 - 1983 жылдары Бірліктегі Киров атындағы орта мектепті бітіріп, 1984 - 1986 әскери қатарға, алынған. Мектепте белсенді комсомол мүшелерінің бірі болған. 1986 жылы жодамамен Алматы сәулет - құрылыс институтына түседі. 1986 жылы 16 желтоқсанда блейбіт шеруге қатысады. Қайрат тұтқындалып 18 желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және Сәтпаев көшелерінің қиылысында бейбестық жасап Савитскийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады деген айып тағылып 6 - ай жүрген Бесеудің соттың соңғы үкімін 1987 жылдың 16 маусымда үкім шықты.

Slide 13

1. Тәшенов Түгелбай Тұрманұлы, 1961 туған 39 құрлыс - монтаж басқармасының ағаш шебері - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60 - бабы - 2 жылға, 65 - бап - 12 жылға, 173 - 1 Қылмыстық кодекстің 37 - бабы, жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы - 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.

2. Тайжұмаев Жамбылбек Қожамжарұлы 1962 жылы туған Алматы энерго - құрылыс техникумының 3 - курс студенті - 65 - бап - 12 жылға, 173 - 1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы - 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.

3. Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы 1966 жылы туған, Алматы сәулет - құрылыс институтының 1 - курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60 - бабы - 2 жылға, 65 - бап - 12 жылға, 173 - 1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығық ең ауыр - өлім жазасына кесілді

4. Күзембаев Қайыркелді Қалиақпарұлы 1959 жылғы, - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60 - бабы - 3 жылға, 65 - бап - 12 жылға, 15, 88 ч. 1 п. В және 17, 173 - 1 Қылмыстық кодекстің 37 - бабы, жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы - 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.

5. Көпесбаев Ертай Тәңірбергенұлы 1966 жылығы, Алматы сәулет - құрылыс институтының 1 - курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60 - бабы - 2 жылға, 65 - бап - 4 жылға, бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.

Slide 14

Тілшілер: Желтоқсан жаңғырығы шет елдерге де жетті. Шет ел азаматтары алаңға шығушыларға қолданған шараларға өз наразылықтарын, әсіресе 6 - ай жүрген тергеуден соң қазақ түрік баласы Қайраттың өлім жазасына кесілуі қатты қобалжытты. Атап айтатынт болсақ: Польша, Венгрия, Чехия, Түркия, Батыс Германиядағы түрік елі комитеттері М. С. Горбачевке өлім жазасына кесілген қазақ студентіне кешірім беру жөнінде мәлімдеме хат жіберді. Чехия “Харти - 77 Польша - Бостандық пен бейбітшілік үшін күрес ұйымы - 70” поляк өкілдерінің қолымен үндеулерін Кеңес Одағына жолдады.

1987 жылы 28 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен Қайратқа кесілген өлім жазасы 20 жыл бас бостандығын айырумен ауыстырылады.

Slide 15

Сарапшылар: Қайраттың құпия өлімі. 1987 жылы Семей қаласының түрмесінде 21 камерада көршісі Власенконың ішк киіміне асылынып өлген. Бұл Кешірім күтіп отырған Қайратқа ұқсамайды. Неге біз бұл жағдайды құпия өлім деп отырмыз. Қайраттың тергеу кезінде жазған хаты мен соңғы қоштасу хатын салыстыратын болсақ: Қайрат әр кезде 2 - 3 жол сайын туысқандардың жағдайын сұраған. Өзін ақтайтындығына күмәні болмаған өмір сүйгіш Қайрат кенет өзіне - өзі қол салған. Осы жағдайды қарастыра отырып, мынандай келеңсіз жағдайға тоқталуға болады:

1. Қолтаңбалары ұқсамайды.

2. Жазу стилі басқаша: хат Семейліктердің диаліктісіне ұқсас Қайрат болса Оңтүстік Қазақстан жігіті.

3. Власенко Қайрат соңғы хатын целофанға орап Жеп қойған десе, ал соңғы хат таза әрі умаждалмаған болса керек.

4. Власенко өз іш киімін Қайратқа оның таза іш киімі болмағандықтан берген десе, Подполковник Кутько т. б қол қойған актіде Қайраттың сөмкесінде бірнеше іш киім бар екендігі жазылған Осы жағдайдың барлығы Қайратты кім өлтірді? - деген сұрақ тудырады. Осы сияқты кезінде беті ашылмаған желтоқсанға байланысты сұрақтарға жауаптар жаңадан ашылынып жатыр. Оның бәрі қолымыз жеткен тәуелсіздігімізде.

Slide 16

Нақ төрінен мәңгі ит жығыс түсіп жатқан майданның,

Жігеріңмен көктен өтіп,

Ұлт мүддесін шекпен етіп,

Төбең бір сәт көкке жетіп

Өз өлкеңе ескерткіш боп оралдың ба, айдарым!

Жетекке алып саналы арман,

Бүршігінді жаңа жарған шағыңда,

Денең қалып сонау Семей түрмесінің маңында

Мойынқұмның топырағын қайта бастың кемелдеп,

Ара жігін ерлік пенен ездіктің

Бір - ақ қадам екендігін дәлелдеп.

Қиын сәтте жалау еткен намысын,

Даңқың ассын, қайсар үлан, жанын қиған ар үшін. Ноғайбайдың перзенті боп Алматыға кетіп ең,

Бар қазақтың мақтаны боп қайта оралдың, арысым

Мұхтар Шаханов (Оралу)

Slide 17

Сарапшылар: Қазіргі таңдағы осы қайғылы оқиғаның орны қандай?


Ұқсас жұмыстар
1986 жылқы Қазақстандағы желтоқсан оқиғаларының себептері мен салдары
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан ұлт - азаттық қозғалыстардың жал
Желтоқсан оқиғасының сипаты
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақ әдебиеті
“Желтоқсан ызғары”
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Сабақты әнұранмен аяқтау
Қазақ жүздерін ата
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz