Интернет ауқымды желісі.Браузерлер.Электронды пошта.Интернеттің пайдасы мен зияны


Slide 1 Slide 2

Компьютерлік желі дегеніміз - ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір - бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

Slide 3

Жергілікті желі- бірнеше компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т. с. с) компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.

Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер арнайы тақшамен желілік адаптер жабдықталуы керек. Компьютерлер (желілік адаптерлер) бір-бірімен кабельдердер арқылы байланысады.

Slide 4

Желілік адаптер- компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

Slide 5

Байланыс арналары

Slide 6

БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІНІ «Клиент - сервер» желісі деп те айтады: Клиент - өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе программа) . Сервер - басқаға қызмет көрсететін объект.

БІР ДЕҢГЕЙЛІ КОМПЬЮТЕРЛЕР ЖЕЛІСІ (БІР РАНГЫЛЫ) - Мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып саналады.

Жергілікті желінің түрлері

Slide 7

ТОПОЛОГИЯ (БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ) БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:

Slide 8

Шиналық топология - мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

Жұлдыз тәрізді топология - мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы - кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топология - мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі - кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Slide 9

Бір қала мен ауданда немесе бір мемлекетте орналасқан мекемелердің компьютерлерін өзара біріктіру үшін аймақтық желілер құрылады.

Көптеген ірі мекемелер өз желісінде орналасқан ақпаратты бөгде адамдардың қол сұғуынан сақтау үшін осы мекемеге тиесілі өз желісін, яғни корпоративті желіні құрады.

Үлкен қашықтықта және пайдалнаушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық желілерді құрайды.

Slide 10 Slide 11

Тарихи анықтама

Америка құрама штатының қорғаныс министiрлiгiнiң болашаққа

жоспар құру агенттiгi (DARPA) - тұңғыш

компьютерлiк желiлердi ойлап тапқан және сол себептен

ARPAnet деген атқа ие болы.

29 қазан 1969 жыл желiнiң туған күнi деп саналды.

Төрт түйiннен тұратын ARPAnet-тiң

құжаттық сызбасы

SRI - Стенфорд университетiнiң Зерттеу орталығы

UCLA - Лос-Анжелестегi Калифорния унверситетi

UCSB - Cанта Барбарадағы Колифорния университетi

UTAN - Юта штатының университетi

Slide 12

Бір немесе бірнеше желілерді бір - бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.

Slide 13

Жалпы желілер- бұл дүние жүзі бойынша таратылған желілер. Ең белгілі және қол жететін жалпы желі - Интернет болып табылады. Интернет желісі тұрақты құрылым емес, оны миллиондаған пайдаланушылар ұдайы өзгеріп отырады.

Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір - біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тілмен - ортақ ережемен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже желілік хаттама деп аталады.

Slide 14

Сервер - ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

Slide 15

Интернет желісіне қалай қосылуға болады?

Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем керек. Модем дегеніміз - бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютерге иесіне лайықты провайдер тауып Интернетте жұмыс істеуге келісімге отыруға болады.

Slide 16

Провайдер таңдау.

Провайдер деп - бұл ұйым мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания.

Nursat Para sang S&C Communications Қазахтелеком Астел Арна

Спринт

Mega line түрлері

Turbo Hip Start ADSL

Қазахтелеком ұсынған тариф - Mega line.

2006 жылдан бастап қолданылады. Жылдамдығы: 128 - 256 Кбит/с.

Провайдерлер

Slide 17

Интернет желісіне қосылу үшін модемнің арнайы бағдарламасын компьютерге қондырып компьютер мен модемді өзара қосу қажет. Сол кезде экранда

таңбашасы пайда болады. Оны шертіп,

келесі командаларды орындаймыз. Тапсырмалар панелінде

хабарлама пайда болады, сіз интернет желісіне қосылдыңыз.

Slide 18

Браузер (Қарап шығушы) (Браузер, просмотрщик; browser) - гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Ол әркімнің таңдауы бойынша кәдімгі мәтіннің, статикалық бейненің немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді. Кең тараған қарап шығушыларға Web-браузер, Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome және т. б. жатады; желіде жұмыс істеуге арналган қосымша бағдарламалық жасақтама (мысалы, ол Microsoft Internet Explorer World Wide Web беттерін қарап шығуға мүмкіндік береді) ; Web- беттерін қарап шығуға арналған құрал. Гиперсілтеме көмегімен бір бетті қарап шыққаннан кейін келесі бетке өтуге мүмкіндік жасайды.

Slide 19 Slide 20

Электрондық пошта (E-mail) .

Интернетте бұл қызметті қамтмасыз етумен арнайы пошта серверлері айналысады. Сервер туралы айтылғанда, ол арнайы бөлінген компоненттері деп ұғуымыз керек. Сервер деп программалық жабдықтарды түсінуіміз мүмкін. Интернеттің бір тораптық компьютер бірнеше сервердің жұмысын атқарып, Интернеттің әр түрлі қызметтерінің жұмысын қамтамасыз ете алады. Ол сонымен бірге есептеу техникасы құралдарына тән басқа да есептеулер жүргізетін әмбебап компьютер болып та қала береді.


Ұқсас жұмыстар
Интернет ауқымды желісі.Браузерлер.Электрондық пошта. Интернеттің пайдасы мен зияны
Интернет ауқымды желісі. Браузерлер. Электрондык пошта. Интернеттің пайдасы мен зияны туралы ақпарат
Ауқымды интернет желісі
Интернет, пайдасы мен зияны. Электронды почта.Браузерлер
Интернет ауқымды желісі. Браузерлер. Электронды пошта
Интернет желісі. Браузерлер. Интернеттің зияны мен пайдасы. Электронды пошта
ТЕЛЕФОН ЖЕЛІСІ
Интернет ауқымды желісі. БРАУЗЕРЛАР.ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОЧТА. ИНТЕРНЕТТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта.Әлеуметтік желілер
Интернет ауқымды желісі. Браузерлер. Электрондық почта. Интернеттің пайдасы және зияны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz