Ойын психологиялық феномен түрінде




Презентация қосу
Ойын психологиялық
феномен ретінде

Қайсанова Жадыра
Ойын - мәдениет феномені. Ол – оқытады, тәрбиелейді, дамытады, ойын-
сауық, демалыс уақыттарын сыйлайды. Бала өмірін ойынсыз елестету м үмкін
емес. Сондықтан да педагогтар мен психологтардың негізгі ма қсаты-ойын
процесінде баланың жан-жақты дамуы, танымдық қызығушылы ғын арттыру,
тілін дамыту т.б. Ойын әрдайым оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына с әйкес
таңдалынады.

Бұл классификацияға төмендегі ойын түрлерін көрсетеміз:
♦ сенсорлық тәрбиелік ойындар.
♦ сөздік ойындар.
♦ табиғатпен таныстыру ойындары.
♦ математикалық ұғымдарды қалыптастыру ойындары.
♦ дидактикалық ойыншықтармен ойындар.
♦ үстел-үсті ойындары.
♦ сюжетті –рөлді ойындар.
♦ саяхат-ойындар.
♦ ойын-тапсырмалар.
♦ ойын –сөйлемдер.
♦ жұмбақ ойындар.
♦ диалог-ойындар.
♦ қимылды ойындар.т.б
Ойын (Игра; game) — 1) ойын теориясында —
тайталасушы екі жақтың мінез-құлық моделі.
Антагонистік және антагонистік емес
ойындарды, сонымен қатар табиғатқа қарсы
екінші жақтағы ойындарды айрықшалайды; 2)
есептеу техникасында — белгілі бір ойын
алгоритмі бойынша үйрету, жаттықтыру,
жағдайды ұқсаттыру (компьютерлік іскерлік
ойындар) мақсатында, сонымен қатар көңіл
көтеру мақсатында (компьютерлік ойындар)
адамның компьютермен әрекеттестігі.
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді ме ңгеру, о қыту,
қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар
еншісінде.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын
ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып с өйлеу
мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорыны ң
молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын ке ңейтіп,
ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиетті ң алатын
орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне
айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру
арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған о қу іс-
әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың
қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштау ға болады.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген
сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет
кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жатты қтыру ісіне
ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен с өздік ж ұмысын ж үргізу
ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері
мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар
жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын
ережесі.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені
және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.
Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшқыштар»,
«Отбасы», «Бала бақша» т.с.с болып ойналады.
Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл ойынның
жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекетінің,
балалардың өзара қарым – қатынастарының
дамуын, көп жақтылығын және өзара
байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны
қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны
қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері
ойнаушылардың мінез - құлқы мен өзара қарым
- қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже
белгілейді.
Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына
ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті
сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын
тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала
болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек
ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол
өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.
Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде
қалыптасады. 
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы
ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет
қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын
ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын
дамытады. 
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық,
дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды
заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай
ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы
жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын
ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды
ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната
отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін
есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті
және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи
заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл
осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай
ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап»,
«Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото,
суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр»,
«Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір
сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер»,
«Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге,
дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды
сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра»,
«Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш
сөз ата».
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Ойын-психологиялық феномен ретінде
Конфликт психологиясыны
Ойын - психологиялық феномен
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР
Көркем шығармадағы суреткер шеберлігіне аса ден қоятын ғалым
Гештальт - психология
Психологиялық әсер етудің мәні
«Ойынның педагогикалық мәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны»
Тренинг ждүргізуші
Сананың өшу синдромдары
Пәндер