Өзін-өзі тану тұлғаның өзін- өзі жүзеге асыруының шарты туралы ақпарат




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Физика-математика факультеті
Информатика мамандығы

Тақырыбы: Өзін-өзі тану тұлғаның
өзін- өзі жүзеге асыруының шарты
ретінде.
Орындаған: Арнабек Н.А.
Тексерген: Серикбаева Н.Б.
Тобы: Т-441

Семей 2015 жыл
• Жоспары:
• Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы.
• Тұлғаның дамуының әртүрлі жас
сатылары.
• Өзін-өзі тану пәнінің жеке тұлғаға
әсері.
«Өзін-өзі таныту» және «өзін-өзі жүзеге асыру» ұғымдарының өзара
байланыстары адамның таныту феноменіне қатысты тұжырымдамалар
өзін-өзі таныту мен өзін-өзі жүзеге асыруды мәні бойынша жақын,
синоним ұғымдар деп сипаттайды. Адамның өз мүмкіндіктері мен
қабілеттерін толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы өз
дамуының ішкі тенденциясын толықтай анықтауға және дамытуға
ұмтылысы, адамның өзі бола алатын тұлға болып шығуға ұмтылуы
және басқа да тұжырымдамалар осы екі түсінікті бір кешенде
қарастыру керектігін айтады. Олар бірін бірі толықтырып отырады және
көптеген жағдайларда синонимдер секілді қолданылады. Л.А.
Коростылеваның пікірінше, «өзін-өзі таныту» және «өзін-өзі жүзеге
асыру» терминдерінің интерпретациясындағы кейбір
айырмашылықтар тұлғаның көрініс табуының әртүрлі жақтарымен
байланысты. Оның пікірінше, тұлға тіршілік етуінің ішкі және сыртқы
жағынан байқалады. Бұл жағынан алғанда таныту үрдісі тұлғаның
ішкі аспекті ретінде, ал таныту сыртқы аспект ретінде көрініс табады.
Оның пікірінше, «ең толық өзін-өзі жүзеге асыру мән-өмірлік және
құндылық бағыттарын жүзеге асырудан тұрады, яғни мәндік,
аутентикалық өзін-өзі жүзеге асыру – танытуға деген қажеттіліктерді
өзінің қабілеттері мен дарындарын жүзеге асыруға ұмтылу ретінде
жүзеге асыру орын алады.
Тұлғаның мотивациялық аумағы:
мінез-құлықтың және іс-әрекеттің
мотивтері, әлеуметтік
қажеттіліктер.
Белсенділік аумағы:
интерналдылық, инициативтілік,
өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі
таныту.
Тұлғаның құндылықтық-
мағыналық аумағы: құндылықтық
бағдарлар, өмірдің мағынасы мен
мақсаттары.
Тұлғаның этникалық өзіндік
санасының аумағы – этникалық
жаңсақ нанымдардың негізінде
қалыптасатын этномәдени
сәйкестілік .
Р.С. Немов өзiн-өзi тануды
психологиялық бiлiм негiзiнде
қарастыра, маңызды қайнар көздерiн
атап көрсетедi:
Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс,
достар т.б баланың іс-әрекетiне қарап
баға берiп, ал бала сол берген бағаны
сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр
өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.
Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-
әрекетiмен салыстыра бағалауы.
Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе
әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi
тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.
Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi тану» - бұл
өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн,
интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын,
өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану
процесi.
Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан
қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып
көрсетiледi:
өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және
iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.
өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және
психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.
өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының
бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы.
Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып
келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.
Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның
тұлғалық кемелге жетудегі жетістік
құралы ретінде қарастырылады. Неміс
психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел
сапасындағы көрсеткішін мынандай
түрге бөліп көрсетеді.
Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек
көрсете алу.
Жауапкершілікті өз мойнына алу.
Қиын жағдайда өзіндік ресурсын
жеделдету.
Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару
Адам өмірі төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
1) пренатальды (құрсақтағы)
2) балалық шақ
3) ересек балалық шақтың
4) ересек шақ
5) егде шақ, қарттық
Балалық шақтың өзі 4 кезеңнен тұрады:
1 – нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін)
2 – ерте балалық щақ кезеңі (1 жастан 3 жасқа дейін)
– функционалды тәуелсіздік пен сөйлеу тілінің даму
кезеңі.
3 – Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі (3 жастан 6
жасқа дейін) – бала жеке тұлғасы мен таным
процестерінің дамуымен сипатталады.
4 – бастауыш мектеп жасы (6 жастан 11-12 жасқа
дейін) баланың әлеуметтік топқа енуіне және ақыл-
ой іскерліктері мен білімдерінің дамуына сәйкес
келеді.
«Өзін- өзі тану» пәні тұлғаның адамгершілік- рухани қалыптасуының
білім беру маңызды пәні болып табылады. Пән мазмұны Қазақстан
қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани- адамгершілік білімі мен
тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық, этномәдени және тұлғалық
құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағдарланған. Осы
құндылықтар адамның өзін толық іске асыруына, өмірдегі өз рөлі мен
өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет етуіне мүмкіндік
береді. . «Өзін- өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру мынадай жалпы
мақсаттарға негізделеді:
Әрбір студенттің өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін
түсінуіне ықпал ету;
Жеке тұлғаның жан- жақты қалыптасуына өмірлік- маңызы бар
мынадай түйінді құзыреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету;
Өзінің өмірлік позициясын анықтау;
Әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті
шешу;
Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым- қатынас жасау;
Адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және
жақындарына қамқорлық көрсету;
Өзімен- өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі, іс- әрекеттеріне шынайы болу;
Жасампаздық тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы,
сөзі мен ісіне жауапты болу;
Міндеттер:
Өзін-өзі басқара алатын, мінез-
құлқын түзете алатын, қоғамда
қабылданған нормаларға –
құндылықтарға сәйкес өзінің
саналы талап-ойын жетекшілік
ететін тұлғаны қалыптастыру.
Іс-әрекет пен мінез-құлқында өзін
жүзеге асыру үшін студенттердің
жеке қабілеттерін ашуға жағдай
жасау.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Құдышева Б.Қ, Жұманова Г.Ж,
Нұркеева С.С, Серовайская Д.Е.
Өзін-өзі тану пәніне кіріспе. Оқу
құралы. Алматы, 2007 жыл
2.Өзін-өзі тану. Хрестоматия.
Алматы, 2003 жыл

Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты жайлы ақпарат
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы
Өзін­ өзі тану тұлғаның өзін­ өзі жүзеге асыруының шарты ретінде
Өзін-өзі тану тұлғаның өзінөзі жүзеге асыруының шарты
Өзін өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты ретінде
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты
ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫ СУБЪЕКТИВТІ ҚАЛАУЛАР НЕГІЗІНДЕ
Тұлғааралық қарым қатынас
Өзін –өзі танупәнінің маңызы
Пәндер