Мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелік құралдары




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Педагогика» факультеті
;

Мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламалары мен
әдістемелік құралдары.

Орындаған: п-223 топ студенті
Азат.Қ
Тексерген: Жакпарво Г.А.

Семей
2015ж
Кіріспе

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған
«Балапан» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы
«Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу –
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына
Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010
жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспарына, Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14
желтоқсандағы «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауына сәйкес әзірленген.
«Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын
нәрседен бір жаңалық болу керек»
Жүсіпбек Аймауытов

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа
Жолдауында «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін
үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке
дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны
олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін
дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету
қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған
ортаға бейімі, қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын
естен шығармауымыз керек» - деп айтылған.
Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі т әрбиелеу мен о қытуды ң
Мемлекеттік жалпы міндетті білім берудің жаңа стандарты баланың
бес білім беру салаларының үйлесімді бірігуі ар қылы дамуын
қарастырады

денсаулық таным

қатынас шығармашылық

әлеуметтік орта.
Мектепке дейінгі ұйымда оқыту процесі арнайы
бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады:

«Алғашқы
«Зерек бала» «Біз мектепке
қадам
бағдарламасы барамыз»
бағдарламасы»
4-5 жас бағдарламасы
1-3 жас
аралығы 5-6 жас
аралығы
Ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа
дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен
оқытуға арналған «Алғашқы
• Рецензенттер: қадам» бағдарламасы: - Астана,
2009. - 26 б.
Л.Т.Искакова, п.ғ.к., доцент, М. Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің
бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының
меңгерушісі
З.И.Шикина, Шымкент қаласы №75 «Ақбидай»
балабақшасының меңгерушісі
• Авторлары: Б.Ж. Ноғайбекова, Г.К. Мақсұтова
Бағдарлама мына бөлімдерге бөлінген:

Кіріспе.
Бірініші бөлім:
- күн тәртібінің үлгісі;
- балалар іс-әрекеттерінің апталық белгіленген үлгісі;
- ұйымдастырылған балалар іс-әрекеттерінің түрлері.
Екінші бөлім:
- бес білім беру салалары бойынша тәрбилеу мен о қытудың негізгі
мәселелері;
- балалардың ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің тақырыптары.

Үшінші бөлім:
- ерте жастағы балалардың психо-физикалық дамуының сипаттамасы.

Төртінші бөлім:
- дамытушы орта: эколого-гигиеналық жағдайлар;
- педагогтер мен ата-аналар.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және
оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020
жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы
балапан бағдарламасы балаларды мектепке дейінгі
тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етеді. Елбасының
тікелей басшылығымен тікелей дүниеге келген «Балапан»
бағдарламасы аясында елімізде көптеген игілікті іс щаралар
атқарылып жатқаны белгілі.
Бағдарламаның мақсаты

Балабақшадағы тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын
жаңарту, сәбилік шақтан бастап жеке
тұлға ретінде қалыптасуын ықпал ету, мейірімділік,
ізеттілік, әдептілік, бауырмалдыққа, үлкенге құрмет,
кішіге қамқорлыққа баулып, адамдық қасиеттерді
қалыптастыру, баланың жеке-дара дамуын қамтамасыз ету
және өмірлік дағдыларды қалыптастыру. Тәрбиелеу мен
білім беруді кіріктіре кешенді жүргізудің тиімді тәсілдерін
айқындау.
Бағдарламаның міндеттері

1) 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
мектепке дейінгі жастағы балалардың 77,7 %-ының, ал 2020 жылға
дейін – 100 %-ының қамтылуын қамтамасыз ету;

2) 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру
ұйымдарындағы мектепалды даярлықпен толық қамтамасыз ету ;

3) республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім
алуға қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың
вариативті желісін ұлғайту;

4) мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу
үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау;
5) мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз
етуді және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды жүзеге
асыру

6) инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды
пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен және
жеделсатылармен және т.б. жарақтандыру);

7) оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізу есебінен
тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту.
Бағдарлама төмендегідей ұстанымдарға негізделеді:

Адам тұлғасы дамуының маңызды кезеңі ретіндегі мектепке
дейінгі балалықтың өзіндік құндылығын сақтау;

бала тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда олардың
жетекші әрекеттерін негізге алу;

тәрбиелеу, оқыту және дамытудың өзара
байланыстылығын сақтау, балалардың дене, ақыл-ой, сезім,
тілдік, көркемдік, адамгершілік, еңбек тәрбиесіне жағдай
туғызып, дамытуды қамтамасыз ету;
Бағдарламаның басты ерекшеліктері:
- Әрбір жас кезеңдеріне сәйкес бала игеруге тиісті білім,
іскерлік пен дағдылардың бағдарламалық мазмұны - "Тіл –
халық қазынасы", «Ойна да, ойлан», «Әуенді қимыл-
қозғалыс», «Өнер көзі халықта», «Имандылық - инабаттылық»
деген атаулармен блоктарга топтастырылып беріледі;

- бағдарламалық мазмұнды іске асыру үшін «Отбасы,
балабақша, ойыншықтар», «Жыл мезгілдері», «Қазақстан –
Республикам менің», «Жануарлар дүниесі» деген ірі
тақырыптар ұсынылып, олардың міндеттері көрсетіледі;

осы міндеттерді жүзеге асыру үшін балалармен
жүргізілетін жұмыс түрлерін бір-бірімен кіріктіре отырып,
кешенді формада ұйымдастыру ұсынылды;
Бағдарламаның іске асырылу
мерзімі және кезеңдері

2010 – 2020 жылдар
I кезең – 2010 ж.
II кезең – 2011 ж.
III кезең – 2012 ж.
IV кезең – 2013 ж.
V кезең – 2014 ж. – 2016 ж.
VI кезең – 2017 ж. – 2018 ж.
VII кезең – 2019 ж. – 2020 ж.
Қорытынды Бүгінде балабақша жалпыға міндетті үш
қадам бойынша жұмыс жасап келеді.Осы жылдан
бастап «Тәй-Тәй» технологиясы енгізіліп,ондағы
орталықтар бойынша балалар зерттеу бағытында,еркін
ойнауға,өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктері бар.
Жалпы алғанда «Тәй-Тәй» бағдарламасы баланы жан-
жақты дамыту және ата-анамен тығыз байланыс
орнату секілді екі бағытта жұмыс жасайды. Ең
негізгісі ата-аналардың оқыту процесіне еркін
қатысуларына жағдай жасалуда

Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым
Әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыру
Тәрбиешінің мінсіз тәрбиеші туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу
Сынып оқушыларының жетістіктері
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында инновациялық іс- әрекеттерді қолданудың жаңа бағыттары
Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі
Дене тәрбиесі ерекшеліктері
Ақпараттық технологиялар
Оқу бағдарламалары
Пәндер